Ортопедия мен травматология медицина саласының тірек-қозғалыс
бөлімдері түрлерінің қисайып өзгеруі және олардың қызметінің бұзылуы
туралы ғылым болып есептеледі.
Көптеген жарақаттар мен ортопедиялық аурулар Гиппократтың
еңбектерінде кездеседі (біздің жыл санауымызға дейінгі 460-377 жылдар):
буын шығуы, сынықтар, омыртқаның қисаюы, маймақ аяқ тағы басқалары.
Гиппократтыңеңбектерінде осы аты аталған жарақаттар мен ауруларды
емдеу тәсілдері келтірілген. Ол үшін арнаулы таңғыштар, әр түрлі саймандар
жасаған.
"Ортопедия" деген сөз грек сөзі, оның тура аудармасы "тік бала"
делінеді. Бұл сөзді бірінші рет қолданған француз ғалымы Никола Андре.
Россияда бірінші болып ортопедиялық аурухананы ұйымдастырған Генрих
Иванович Турнер болып саналады да, ол ғалым 50 жылдай бойы өзі сол
аурухананы басқарды (1900 жыл). 1906 жылы Петербургте ортопедиялық
институт ашылып оны Р.Р. Вреден басқарды.
Ал 1907 жылы Харьков қаласында дәрігерлік-механикалық институт
ашылып оны К.Ф. Вегнер басқарады.
Ортопедияның негізгі мақсаты туа пайда болған адам денесіндегі әр
түрлі кемістіктерді ертерек тауып уақытында емдеу болып табылады. Тағы
да бір мақсаты зақымдалған қол-аяқтың кемістіктерін қалпына келтіріп,
кемтарлыққа душар етпеу болып есептеледі.
Кейінгі 20-25 жылдың ішінде іштен туа пайда болған аурулармен
зақымдалған, жарақаттанған адамдарды емдеуде травматология мен
ортопедия ілімі көптеген жетістіктерге жетті. Олар: бұлшықеттерге, сіңірге,
буындарға, тірек-қозғалыс бөліктеріне, сүйектерге және теріге операция
жасаудың көптеген түрлері ойланып табылды.
Үлкен мақтаныш қылып айтар жағдай травматология мен ортопедияда
кеңінен қолданылып жүрген ғалым Г.А.Илизаровтың сүйекті бір-бірімен
жалғайтын және де ұзартуға арналған аппараты болып есептеледі.
Кейінгі жылдарда үлкен қалаларда, ауыл шаруашылығында кеңінен
тараған машиналар мен әр түрлі станоктардың пайда болуы адамдардың
жарақаттануына әкеп соғып отыр. Тек жарақаттанып қоймай, жолдарда адам
өлімінің көбеюіне әкеп соғып отыр. Сондықтан да қазіргі заманда
травматология және ортопедия ғылымының маңызыөте зор. Алуан түрлі
травматизммен күресу тек травматологтар мен хирургтардың ғана міндеті
болмай жалпы халықтың күресі болуы қажет. Сондықтан да травматология
пәнін дәрігерлік институттың барлық факультеттерінде оқытқан жөн.