БОЙЧЕВТІҢ ЕКІНШІ ОПЕРАЦИЯСЫ Операцияны ауруды арқасымен жатқызып, астына белдік қойған
жағдайда наркозбен жасайды. Құстұмсық тәрізді өскінді екі басты
бұлшықеттің қысқа басымен құстұмсық тәрізді иықты және жарты кішкене
кеуде бұлшық етімен қоса кеседі. Құстұмсық тәрізді өскінді астына қарай
жылжытса көлденең орналасқан жауырын асты бұлшық еті көрінеді.
Бұлшықеттің астына, сіңір және өзінің бұлшықеттері жапсырылған кесілген
құстұмсық тәрізді өскінді корнцангпен кіргізеді де, өз орнына тігіп бекітеді.
Қолды торакобрахиальді таңғышпен 4-6 аптаға дейін таңып қояды.