БУЫННЫҢ АШЫҚ ЖАРАҚАТТАНУЫ
Ашық немесе буынның ішіне кіруі деп буын қабының жарақаттанған
кезін айтады. Бейбітшілік уақытта буынның ашық жарақаттануы сирек
кездеседі. Көбіне-көп және де қабаттасқан жарақаттарда болады. Әр
буынның жарақаттануының жиілігі әртүрлі. Көбінесе тізе мен шынтақ
буындарының ашық жарақаттануы жиі кездессе, жамбас-сан мен иық
буындарында сирек кездеседі. Саусақ буындарының ашық жарақаттануы
сүйектің сынуы және жұмсақ тіндердің езілуімен қоса қабаттасады.
Жараның көлемі, сүйектің қоса сынған-сынбағанына байланысты барлық
буынның ашық жарақаттануы мынадай топқа бөлінеді:
1. Тесілген немесе тесіле кесілген буынның жарасы. Жараның шеттері
бір-бірімен жабысып түрады.
2. Аузы ашық жаралар немесе ашық шыққан буында кездесетін
жаралар.
3. Буын ішіндегі ашық сынықтар.
Тесілген немесе тесіле-кесілген жара болған жағдайда жүмсақ тіндер аз
зақымдалады, буынның сіңірлері мен үлкен тамырлар аман, буынның беті
зақымдалған. Жараның асқынуы сирек кездеседі.
Ауызы ашық, буын шыққан кезде болатын жарада жұмсақ тіндердің
зақымдалуы көбірек, буын сіңірлері үзіліп, буынның шеміршектері
зақымдалуы мүмкін. Жараның асқындауы көбірек.
Буын ішіндегі ашық сынықта жұмсақ тіндер закымдалуы көп, жараның
асқынуы жиі. Буынның ашық жарақатының жазылуы тек кана жұмсақ
тіндердің зақымдалу көлеміне ғана байланысты емес, сонымен бірге
жараның асқынуы, іріңнің буынның жан-жағына жайылуына байланысты.
Кейбір буынның жарасының асқынуы аурудың өміріне қауіп төндіреді.
Мысалы, жамбас-сан тізе буындарының жарасы кейде сепсиске айналады.
Буынның тұсында жарасы бар ауруды тексергенде алғашқы міндет ол
жараның, буынның ішіне кіру, кірмеуі, және буынның жарақаттануының
көлемін анықтау болып есептеледі.
Тесілген немесе тесіле кесілген жараны тексергенде,шеттерінің бір-
бірімен жабысып қалғандығынан жара ішке кірген жағдайдың өзінде буын
сұйығы сыртқа ақпайды. Буын ісіп, қозғағанда ауырғаны анықталады. Ал
189
жараның ауызы ашылса буынның ісуі азаяды, себебі буынға жиналған қан
мен буынның сұйығы жара арқылы сыртқа ағып кетеді.
Буынның ішіндегі сүйектер сынған жағдайда буынның көлемі үлкейіп,
қозғап көргенде қатты ауырып, сүйектің сықырлағаны білінеді.
Жарақаттанған буынды толық тексеру үшін міндетті түрде рентгено-
грамма жасау керек.
Емдеу: Алғашқы медициналық көмек: жараны таңып, ауырғанын азайту
үшін промедол немесе омнопон жіберіп, иммобилизациялық таңғыш салады.
Буынның ашық жарақаттануын емдеу үшін бірінші хирургиялық тазалау
керек. Бірінші хирургиялық тазалау неғұрлым ертерек жасалса, соғұрлым
жара тез жазылады. 24 сағаттан асып кетсе хирургиялық тазалау үшін
ерекше көрсеткіш керек. Жұмсақ тіндерді кескенде, буын кабының бітеу
тігілетінін еске алып кеседі. Буын ашық қалса ол кейіннен іріңдеп кетеді.
Тесілген жараны емдегенде, егер жұмсақ тіндер көп зақымдалмай, сүйек
аман болса, бірінші хирургиялық тазалау тек қана жараның шетін үнемдеп
кесіп, буын қабының жарасын үлкейтіп, ұйыған қанды алып тастайды да,
буынның ішін антисептикалық ерітіндімен жуған соң, жараны жауып тігеді.
Буынға тыныштық беру үшін тіккен жіпті алып тастағанға шейін (10-12 күн)
гипсті таңғыш салады. Салған гипс буынның ауырғанын басады, жараның
бітіп, асқынбауына себебін тигізеді.
Кейінгі уақытқа шейін гипсті таңғышпен қаңқа тарту өздерінің маңызын
сақтап келеді. Гипсті таңғыш өзіне тән кемшіліктеріне қарамай жараның
жағдайын бақылау қиындайды, қажайды, дұрыс қолданып салынса, сынған
жерді бекітіп, аурудың жүріп-тұруына мүмкіндік береді. Қаңқаны тартудың
гипсті таңғыштан артықшылығы жараның жағдайын байқап, асқынбауға
уақытында шара қолданылады, орнына салынған сүйек екінші рет орнынан
таймайды.
Жараны асқындармаудың негізгі жолы бірінші хирургиялық тазалаумен
қоса ауруға антибиотиктер беру. Антибиотиктерді, жараның түріне
байланысты, жараның айналасына, еттердің арасына, тамырға жіберуге
болады. Сонымен катар жараның маңайында қан ұяламай, жараның
эксудаты уақытында ағып, жиналмауына көңіл бөлу қажст.
Аузы ашық жара болса, сонымен бірге буынның ашық шыққан немесе
буынның беті ашық сынған уақытта бірінші хирургиялық тазалау өте
ұқыпты жасалу қажет. Жараның шеті мен қабырғасын үнемдеп кесіп,
буынның ішін мұқият тексеріп, бос жатқан сүйектің сынығын, үйыған қан
болса алып тастайды да, зақымдалган тамырдан аққан қанды тоқтатады.
Буынның ішіндегі сынған сүйек көлемді болса, буынның бетін үнемдей
кесіп, буынның ішін антисепитикалық ерітіндімен жуып, жараны тігеді.
Иммобилизациялық таңғыш салып, басқа жасалатын ем жараның асқынуы-
асқынбауына байланысты болмақ. Алдымен буынның ішіне қан немесе сары
су жиналған-жиналмағанын бақылау керек. Жиналған күнде буын үлкейіп,
ауырғаны көбейіп, флюктуация пайда болады. Мұндай жагдайда буынды
тесіп оларды сорғызып алады. Өйткені, қан немесе сары су микробтың өсіп-
190
өнуіне жақсы орта болып есептеледі. Егер ірің болмай, тек қана сары су
болса сорғызып алған соң буынның ішін антисептикалық ерітіндімен жуып,
антибиотик жіберу керек. Егер де аурудың жағдайы киындап, ісігі көбейіп,
ыстығы көтеріліп, буыннан ірің кездескенде, буынды ашады да дренаж
қойып сорғыш арқылы үздіксіз ағызады. Буын іші іріңге толып кетсе,
дренажды бірнеше жерге қою керек. Сепсиске айналған жағдайда немесе
сүйек шірісе, буынға екінші рет резекция жасалады. Егер де қолданылған
емдеу тәсілдері көмек бермесе аурудың өмірін сақтау үшін ампутация
жасауға тура келеді.
Буын ашық жарақаттанганда кездесетін тағы басқа асқыну түрлері:
1. Деформациялық артроз.
2. Буын қозғалысының азаюы, бұлшықеттің семуі.
3. Буын қозғалысының жойылуы.
4. Буынның былқылдап қалуы және үйреншікті шығу пайда болады. Бұл
асқыну үлкен жара болып, буын сіңірлері үзіліп, буын қабығының
жыртылуынан болады. Бұндай жағдайда аяқты басып жүру қиындап, еңбек
етуге кедергі тугызады. Емдеу тек қана операция арқылы жүзеге асырылады,
ал операция жасауға болмаса тутор немесе аппарат қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |