191
Көптеген, құрастырылған және қосалқы жарақаттардың өзгешелігі
мынада: клиникалық белгілерінің ерекше ауыр болып дененің маңызды
мүшелерінің қызметі бұзылады, диагноз қоюдың қиындығында, емдеу
күрделілігінде, мүгедектіктің және өлім көрсеткішінің пайыздық мөлшерінің
көп болуында. Мұндай жарақаттар жарақаттық шокпен, көп қан кетумен, қан
айналысы мен дем алудың бұзылуымен қабаттасуынан болады. Бұл
категориялы жарақаттанғандар травматологиялық бөлімдегі аурулардың 15-
20% болады.
Мұндай жарақаттардың ауыртпашылығы мынада: егер жекелеген
сынықтардан қайтыс болғандар2% болса, көпшілік жарақатта 16% көтерілсе,
қосалқы жарақаттарда аурудың өлімі 50%-ға дейін жетеді.
Көптеген жарақат мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
1. Өзара ауырлату синдромы байқалады. Мысалға, қан кету жарақаттық
шоктың пайда болуына әсер етеді де, жарақаттанған адамның халін
нашарлатады.
2. Кей уақытта тіркестік жарақат болғанда ауруға керекті толық ем
жасау мүмкін болмайды. Мысалға, кеуде сүйектерінің сынығы тоқпан
жіліктің сынығымен тіркескен болса, тоқпан жіліктің сынығын орнына
салып торокобрахиальдық гипспен бекітуге мүмкіндік болмайды.
3. Мынадай өте ауыр асқынулар: көп қан кету, шок, токсемия, бүйректің
кемістігі, майлы эмболия, тромбэмболия аурудың жағдайын өте қиындатады.
4. Көптеген қосалқы жарақаттар бір-бірінің клиникалық белгілерінің
толық білінуін жойып, диагноз қоюда әртүрлі қателіктерге әкеп соғады.
Политравма көбіне көлік апаттарында, немесе үлкен биіктіктен
құлағанда кездеседі. Мұндай жағдайларда көбінесе 20 мен 50 жас
арасындағы адамдар жарақаттанады. Көптеген және қосалқы жарақатта
бірінші көмек беру мен емдеу өте қиындыққа түседі, себебі негізгі
диагнозын қою өте қиын.
Достарыңызбен бөлісу: