Травматология


Үшінші  -  қайтадан  қалпына  келтіру  кезеңі



Pdf көрінісі
бет200/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

Үшінші  -  қайтадан  қалпына  келтіру  кезеңі.  Бұл  кезенде  дәрігер 
алдында   мынадай  негізгі міндеттер болуықажет: 

 
аурудың  психикасына  әсер  етіп,  оның    тез  арада  бұрынғы  қалпына 
келетіндігіне күмәндік жасамау керектігінтүсіндіру; 

 
мамандығын жаңғырту, баска мамандық алу; 

 
мүгедектердің жаңа өмір жағдайына бейімделуі. 
 
XI ТАРАУ.  ТІРЕК-ҚОЗҒАЛЫС АППАРАТЫНЫҢ    
ЖАРАҚАТЫНЫҢ АСҚЫНУЫ 
 
ЖАРАҚАТТЫҚ ШОК 
Жарақаттық  шок  -  ауыр  зақымданудың  өмірге  қауіпті  асқынуы.  Мұнда 
алдымен  маңызды  жүйелер  мен  органдардың  қызметтері  бұзылады,  сонан 
соң  үздіксіз  нашарлай  бастайды.  Соған  байланысты  қан  айналысы  қатты 
бұзылып, тіндердің циркуляторлық гипоксиясы күшейеді, зат алмасу процесі 
зардап  шегеді.  Шоктың  өту  барысында  екі  түрлі  фаза,  эректильді  қозу 
фазасы  және  торпидтіктежелу  (күйзеліс)  фазасы  бар.  Торпидтік  фаза 
клиникалық  көріністерінің  ауырлығы  жағынан  үш  дәрежеге  бәлінеді:  I 
дәрежесі  -  жеңіл  шок,  II  дәрежесі  -  ауыр  шок  және  III  дәрежесі  - 
терминальдық жағдай. 
Торпидтік  фазаны  үш  дәрежеге  бөлу  -  процесс  дамуының  негізгі 
клиникалық  кезеңдерін  айқын  шектейді,  олардың  симптоматологиясын 
анықтайды және кезеңді емдеуге сәйкес ұсыныстар жасауға ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет