Клиникалық ағымы бойынша: компенсаторлық, субкомпенсатор-лық,
декомпенсаторлық. Компенсаторлық түрінде ойық төс – тек қана
косметикалық жеткіліксіздік түрі. Шағымы болмайды,функционалдық
өзгерістер байқалмайды.
Субкомпенсаторлық түрінде баяу білінетін функционалдық өзгерістер
тыныс алу, жүрек тамыр жағынан байқалады.
Декомпенсаторлық түрінде - сырттай нақты білінетін өзгеріс және
ентігуге шағымы болып, үлкен функционалдық өзгерістер болады.
30-дан астам операция түрлері қолданылады. Олар қабырғамен төсті
бекіту арқылы торакопластика жасау 4 топқа бөлінеді.
1-Керу қолдану
2-Металдық пластина мен сымдар арқылы түзеу
3-Сүйектік ауто, гемо, аллотрансплантант
4-Кермей және бекіткіш қолданбай түзеу
Осы барлық операцияларды жасау негізінде төс еттерді төстен,
қабырғадан сылып алып – төс сүйекті сына немесе Т- тәрізді етіп бөліп, іш
еттерімен бірге және төспен- диафрагма байламын және диафрагмалы
қабырға етегінен екі жағынан сылу, өзгерген қабырғалардың шеміршектерін
екі жағынан кесіп алып, төспен қабырғаны түзетіп әртүрлі бекіткіштермен
бекітеді.