Травматология



Pdf көрінісі
бет248/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

Клиникасы.  Бұлшықетті  қисық  мойындықтың  көрінісі  әр  түрлі 
баланың жасына қарай кездеседі. Бұл аурумен туған  7-10 күндік сәбилердің 
бұлшықеттік  кемістігін  кейбірінен  ғана байқауға  болады.  Зацепин 649  жаңа 
туған жас сәбилерді тексергендс туа біткен қисық мойындықты 29-ынан ғана 
тапты.  Тек  2-3  апталық  сәбиде  төс-бұғана-емізікше  бұлшықетінің  айқын 
өзгерістері  көріне  бастады:  айналасындағы  жұмсақ  тіндермен  қосылмай, 
ортасы,  одан  төменгі  аймақтары  ісініп  консистенциясы  қатаяды  және 
ұзындығы  қысқарады.  Ұзын,  қатқыл  талшықтар  әсерінен  бас  еңкейіп, 


229 
 
кейіннен  құлақ  қалқаларының  орналасуы  әртүрліболып  ассиметрия  пайда 
болады. 
Өсе келе бұлшықет қаттылығы азайып немесе толығымен жоғалады. Ал 
кей  жағдайда  бұлшықеттің  қалыңдығы  артып,  созылмалылығы  азайғаннан 
ол  қысқарады.  Бастың  еңкіштігімен  бұрылуы  артады,  қимылы,  қозғалысы 
азайып, бет теңсіздігі анықтала түседі, бас сүйегінің теңсіздігі пайда болады. 
Бас пен беттің түрі өзгереді. Маңдай бұдыры, сына бұдыры қисайған жақтан 
жетілмей дамып, тайқы болып көрінеді. Самай-маңдай, үстіңгі және астыңғы 
жақ  сүйектері  жетілмей  дамиды.  Бет  бұлшықеттері  жетілмей  дамығандығы 
айқын  білінеді.  Ересек  балалар,  әсіресе  қыз  балалар  көшеде  келе  жатқанда 
қисайған жақ бетін орамалмен жауып білдірмеуге тырысады, сондықтан бұл 
патология үлкен психологиялық жарақат болып табылады. Қисық мойынды 
3-6 жастағы балалардан анық көруге болады. 
 
 
 
159сурет. Туа біткен бұлшықеттік кисық мойын 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Оның себебі: мойын бөлігіндегі омыртқаның өсуі дұрыс, ал төс-бұғана-
емізікше бұлшықетініңөсуі кеми бастайды. Клиникалық байқау кезінде ауру 
баланың  бет  және  бас  сүйектерінің  теңсіздігін  анық  байқауға  болады.  Бас 
өзгерген  кезде  төс-бұғана-емізікше  бұлшықеті  басты  еңкейтеді,  иек  қарама-
қарсы  жағына  бұрылады.  Ауыру  жақтағы  иық  пен  жауырын  биік 
орналасады(159  сурет).  Аурудың  арт  жағынан  қарағанда  желкенің 
қисықтығы бастың еңкіштігі мен бұрылымы, жауырынның қисық орналасуы 
байқалады.  Кейбір  жағдайда  төс-бұғана-емізікше  бұлшықетінің  екі  аяғы  да 
өзгерген  түрде,  ал  көбінде  бұлшықеттің  бір  аяғының  өзгерісін  байқаймыз. 
Әдетте  зақымдалған  бұлшық  ет  қалыпты  жағдайдағыдай  жіңішке,  қатты, 
талшық  түрде  болып  келеді.  Ереже  бойынша  зақымдалған  жақта 
трапециялық және алдыңғы  тістес бұлшықеттер қысқарады, соның әсерінен 
иық пен жауырынның бір деңгейлігі бұзылып теңсізденеді. 
Зақымдалған  төс-бұғана-емізікше  бұлшықетінің  созылуы,  тартылуы, 
Зацепиннің тұжырымы бойынша оның тонустық жиырылуынан емес, қарсы 
орналасқан  сау  бұлшықеттің  бас  қисықтығын  түзеу  үшін  төс-бұғана-
емізікше  бұлшықетінің  қысқаруы,  сол  бұлшықет  пен  омыртқаның  мойын 
бөлігінің сәйкессіздігінен болады. 


230 
 
Еңкіштік  пен  бастың  бұрылуының  ауыртпалығы  ауырған  жақтың 
бұлшықет  аяқшасының  өзгеруіне  байлаысты.  Мысалы,  сол  бұлшықеттің 
кеуде  жақ  аяқшасының  зақымы  болса  бастың  бұрылуын,  ал  бүғана  жақ 
аяғының закымы болғанда, бастың еңкіштігін көреміз. 
Төс-бұғана-емізікше  бұлшықетінің  тартылуы  мен  бас  еңкіштігі 
омыртқаның  мойын  және  кеуде-бел  омыртқаларының  қисаюына  әкеліп 
соғады.  Лоренц  бұл  жағдайды  екі  түрге  бөледі.  Онша  білінбейтін  өзгерісте 
мойын  бөлігінде  жай  кифоз  байқалады.  Айқын  көрінетін  өзгерісте  мойын, 
кеуде, бел омыртқалары қисайып сколиоз пайда болады. 
Төс-бұғана-емізікше 
бұтағының 
тартылысы 
бүғанамен 
емізікше 
бұтағының  қалпына  әсер  етеді,  ол  өз  мөлшерінде  үлкейіп,  ауа  өтетін  ұяның 
қуыстары  да  кеңейеді.  Сондықтан  есту  жолдарының  бағыты  өзгереді.  Бастың 
зақымдалған  жағы  жалпақтанып  үлкейеді,  қас  пен  көз  сау  жағынан  темен 
орналасады,  үстіңгі  және  астыңғы  жақ  сүйектерінің,  мұрын  қуыстарының, 
мұрын  бөлгіштің,  қатты  таңдайдың  дұрыс  жетілмеуі  байқалады.  Көру 
аймағының  азаюы  да  осы  туа  біткен  қисық  мойындықтың  бір  белгісі  болып  
табылады. Рентгенмен тексергенде бас сүйегінің теңсіздік белгілері байқалады. 
Төс-бұғана-емізікше  бұлшықетінің  екі  жақты  қысқаруы  өте  сирек 
кездеседі.  Бұл  жағдайда  баланың  басы  желкесі  арқасына  тиердей  артқа 
шалқайып,  ал  беті  не  алға  немесе  жоғары  қарап  орналасады.  Мұндай  түр 
өзгерутөс-бұғана-емізікше бұлшықетінің ұзындығы мен омыртқаның мойын 
бөлігінің  ұзындығының  сәйкессіздігінен  болады,  өйткені  ауру  басын  не 
артқа, не алдыға еңкейте алмайды. Ереже бойынша, мұндай аурулардың бас 
қозғалысының  көлемі  тез  арада  сагитталды  жазықтықта  шектеледі, 
омыртқаның мойын бөлігі айтарлықтай қысқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет