Омыртқаның неврогендік қисаюы Неврогендік қисаю көбінесе полимиелитпен ауырған балаларда жиі
кездеседі. Олар еттердің статикалық өзгерістері әсерінен болады.
Паралитикалық қисаюдың ерекшелігі, бір жақты тотальды қисаю болып,
компенсаторлық қисаю болмайды. Балалардың церебральдық салдануы
әсерінен болған қисаю сирек кездеседі.
Нейрорефлекторлық қисаю балалар арасында көбінесе тек омыртқа ісік
аурулары болған кезде және еттердің рефлекторлық жиырылуымен
237
омыртқаның қозғалыс деңгейінің шектелуімен сипатталады. Қисаюмен
ауырғандардың ішінде неврогендік қисаю тек 10-11% шамасын құрайды.