Дистрофиялық және гормоналдық зат алмасу әсерінен болған қисаю Дистрофиялық қисаю көбінесе балаларда омыртқа сүйегінің денесінің
остеохондропатия болғаннан кейін кездеседі (Шойерман - Мау). Бұл
қисаюлар ұлғаймайды. Зат алмасу процесі бұзылған ауруларда Марфан
синдромы жиі кездеседі. Бұл өте сирек кездесетін туа болған жүйелік
аурудың негізінде жалғамды ұлпалардағы зат алмасудың бұзылуы себебінен
болып, оның мықтылығын азайтады. Марфан синдромымен ауырған
балалардың еттерінің дамуы өте нашар болып, солып және буындардың
тұрақсыздықтары, жалпақ – вальгустық табан, кеуде пішіні омыртқалары-
ның деформациясы болады. Марфон синдромының әсерінен болған қисаюда
жалғамды ұлпалардағы зат алмасу өзгерістері жүйке жүйесіндегі
патологиялық өзгерістермен қатар жүреді.