Травматология



Pdf көрінісі
бет266/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   297
1-дәреже.  Тік  тұрған  кезде  омыртқа  жотасының  көлденең  деңгейінде 
сәл қисаюы,тегістік беткейге жатқанда жоғалады. 
Еттердің  алғашқы  доға  тұсында  біркелкі  болмауы,бел  бөлімінде 
омыртқа еттерінің бір жағында жастықша тәрізді тұлтиып тұруы. Егер қисаю 
кеуде  бөлімінде  болса  иық  бойының  әртүрлі  деңгейде  тұруы,мықын 
үшбұрышының  бір  жағынан  тереңдей  түсуі,  бел  бөлімінде  қисаю  болса 
ұлғаяды. Иілім доғасы 170-175 °.     
2-дәреже.  Омыртқаның  қисаюы  көлденең  деңгейде  анық  білінеді  және 
қабырғалардың  доғаланып  құныстықтануы  байқалады.  Жоба  өзгеру  деңгейі 
бейімділеу  болып,  омыртқаға  салмақ  түсірмегенде  азаймайды.  Қосымша 
компенсаторлық иілім доғасы біліне бастайды. Қисаю бұышы- 150-170 °. 
3-  дәреже.  Омыртқа  қисаюы  нақты  білініп  кеуде  жобасының  өзгеруіне 
әкеліп  және  үлкен  құныстық  байқалады.  Дене  қисайған  жаққа  қарай  иіліп 
тұрады.  Омыртқаға  салмақты  азайтып  тартқанның  өзінде  қисаю  деңгейі 
азаймайды. 
Осы  3-дәрежелі  қисаю  болған  адамдарда  жүрек-қантамырларының 
жұмысы жеткіліксіз болады, оларда жүрек соғу, тыныстары жиілейді, әсіресе 
аздаған  ауырлық  түсіргенде  (мәселен  жүгіргенде,  сатымен  тез  жоғары 
көтерілгенде, т.б.жағдайларда). Қисаю бұрышы -120-150° болады. 
4-дәреже.  Бұл  дәрежеде  құныстық  қисаю  өте  анық  көрініп,  дененің  бір 
жағына ауытқуы нақты көрініп тұрады, қабырға етегі, кейде жамбас қалақша 
бастарына тиіп  тұрады. Кейде аурулар  әлсіздікке және омыртқа жотасының 
қатты  ауырғандығына  шағым  жасайды.  Өкпе,  жүрек  жұмыстарының 


242 
 
жеткіліксіздіктері  айқындала  түседі.  Кейбір  ауруларда  жұлын  қысылған 
белгілері  болады:  аяқ-қолдардың  еттерінің  әлсізденуі,  рефлекстерінің 
жоғарылауы және еттерінің қатаюы болады. Өте ауыр жағдайда спастикалық 
салданулар болуы мүмкін. Қисаю бұрышы   120°-тан төмен болады. 
Қисаюға  диагноз  қоюда  рентгенография  бірінші  орын  алады. 
Сондықтан  қисаюдың  себебін  (туа  болған  ба,  оның  түрін,  ауырлығын, 
жетілмеген  белгілерін,  жарақаттан  болған  ба,  не  ауру  әсерінен  бе)  табуға 
болады.  Қисаю  бұрышының  деңгейін  және  өстік  бұралу  шамасын 
анықтайды.  Рентген  көмегімен  қисаю  деңгейінің  тұрақтылығын  анықтап, 
оның әрі қарай даму деңгейін анықтайды. 
Майысу бұрышын анықтау үшін көптеген ұсыныстардың ішінен Кобба 
және  Фергюссон  тәсілі  кең  таралды.  Кобба  тәсілі  бойынша  фасты 
рентгенограммада  нейтральді  омыртқа  түбінен  сол  жазықтыққа  параллель 
екі  сызықтық  жүргізіледі  де  оған  перпендикуляр  түсіріледі.  Сол 
перпендикуляр  мен  сызықтың  арасындағы  бұрыш  майысу  бұрышы  болып 
есептеледі.  Фергюссон  тәсілінде  үш  омыртқа  қолданылады.  Біріншісі-
майысу  ұшындағы  омыртқа  және  астыңғы,  үстіңгі  екі  нейтральды 
омыртқалар, солар бойынша геометриялық қисаю бұрышы шығады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет