242
жеткіліксіздіктері айқындала түседі. Кейбір ауруларда жұлын қысылған
белгілері болады: аяқ-қолдардың еттерінің әлсізденуі, рефлекстерінің
жоғарылауы және еттерінің қатаюы болады. Өте ауыр жағдайда спастикалық
салданулар болуы мүмкін. Қисаю бұрышы 120°-тан төмен болады.
Қисаюға диагноз қоюда рентгенография бірінші орын алады.
Сондықтан қисаюдың себебін (туа болған ба, оның түрін, ауырлығын,
жетілмеген белгілерін, жарақаттан болған ба, не ауру әсерінен бе) табуға
болады. Қисаю бұрышының деңгейін және өстік бұралу шамасын
анықтайды. Рентген көмегімен қисаю деңгейінің тұрақтылығын анықтап,
оның әрі қарай даму деңгейін анықтайды.
Майысу бұрышын анықтау үшін көптеген ұсыныстардың ішінен Кобба
және Фергюссон тәсілі кең таралды. Кобба тәсілі бойынша фасты
рентгенограммада нейтральді омыртқа түбінен сол жазықтыққа параллель
екі сызықтық жүргізіледі де оған перпендикуляр түсіріледі. Сол
перпендикуляр мен сызықтың арасындағы бұрыш майысу бұрышы болып
есептеледі. Фергюссон тәсілінде үш омыртқа қолданылады. Біріншісі-
майысу ұшындағы омыртқа және астыңғы, үстіңгі екі нейтральды
омыртқалар, солар бойынша геометриялық қисаю бұрышы шығады.
Достарыңызбен бөлісу: