245
5. Төс үстілік ойықтан тік жіпті салмақпен түсіріп тұрып, кіндік қай
жаққа қарай ауысып тұрғанын анықтап, оны жіпке дейін өлшейміз. Бұл
кіндіктің орталық өспен қаншалықты ауытқып тұрғандығын көрсетеді.
6. Екі жағынан қабырғалар доғасының қай жағы ішіне қарай еңкіштеніп
тұрғанын анықтаймыз. Ол құныстықтың қандай деңгейде екендігін көрсетеді.
7. Төменгі тұрған жауырынның төменгі етегінен көлденең сызық
жүргіземіз де сол сызықтан жоғары тұрған жауырынның төменгі өсіндісіне
дейін өлшейміз.
8. 7-ші мойын омыртқаның қылқан өсіндісінен акромион өсіндісінің
ұшына дейін екі жағынан өлшейміз. Иық бойы ұзындығы қай жағында
ұзарғандығын көрсетеді.
9. Жота бойы еттерінің қай жағынан бел маңында тері астында
бұдырайып шығып, артылып тұрғанын айқындаймыз.
10. Тік тұрған ауруды омыртқаның қисайған жақ бүйіріне иіп, иілу
доғасының ұлғайғанын немесе жойылдыма анықтаймыз. Бұл тәсіл омыртқа
доғаларының иілгендік бұрышы бекігенін немесе бекімегенін көрсетеді.
Айтылған өлшемдерді толығымен ауру тарихына жазамыз.
11. Іштің тік, қиғаш еттерін қолмен басып көріп олардың қаншалықты
қай жағынан солғандығын анықтаймыз.
Осы өлшемдердің айырмашылықтарына және өзгерістеріне байланысты
толық клиникалық диагнозды жоғарыда айтылған жіктеу түріне сәйкес
диагнозды қорытып шығарамыз. Мысалы: идиопатикалық кеуде-бел
омыртқаларының теңдескен немесе теңдеспеген, бекіген немесе бекімеген, S-
тәрізді құныстық омыртқа қисаюы деп қорытынды жасау үшін осы өлшемдер
өте қажет.
Ал, рентгендік өзгерістерге қарап туа болған және қисаю дәрежесін
анықтаймыз. Сөйтіп толық клиникалық-рентгендік диагноз қоямыз.
Тұрақтылық индексі дегеніміз- жатқызып жасаған рентгендегі
қисаюбұрышының (а), солбұрышты тұрып жасалғаннан рентгендегі бұрыш
деңгейіне (а) бөлу арқылы анықтайды.
Тұрақтылық индексі=180-a/180-a= қисаю бұрышы неғұрлым тұрақты
болса, солғұрлым тұрақтылық индексі 1-ге таяу болады. Неғұрлым төмен
индекс болса (0,3-0,4) омыртқа жотасының қозғалымдылығының ұлғаюы
байқалады, сондықтан жоба өзгеруінің үдей түсетінін тосуға болады. Қисаю
тұрақтылығы 0-ге таяу болса , онда қисаюды толық түзеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: