ХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАУҒА ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕР Операция мынадай жағдайларда жасалмайды:
1. Аурудың жалпы денсаулығы нашар болғанда (жүрек-қан тамыр
кемдігі,инфекциялық ауру).
2. Терісінде іріңдеген ауру болса.
3. Алжыған кәрі адамдар.
4. Гемофилия ауруында
Қазіргі заманда кәрі адамдардың ортан жілігінің мойны сынғанда,
операция жасап емдеу оларға бірден-бір шипа болады: себебі, операциядан
кейін ауруды отырғызып, жүргізуге мүмкіншілік туады, әртүрлі
асқынулардан аман сақтап қалуға болады.
22
Жас балалардың қол-аяғы сынғанда операция жасауға рұқсат етілу аз
болады, себебі оларды консервативтік әдіспен емдеуге болады және
балалардың сүйектерінің бір-бірімен өсуі үлкендерге қарағанда екі есе тез
болады.