Травматология



Pdf көрінісі
бет292/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
ОПЕРАЦИЯ ЖАСАУ ТӘСІЛІ 
Сирақ-табан  буынының  ішкі  жағынан  теріні  кесіп  алдыңғы  үлкен 
жіліншіктік  боршаны  Z-тәрізді  етіп  ұзартады.  Лисфранк  буыны  кесіліп 
ашылады.  Одан  кейін  сүйек  пен  ладья  тәрізді  сүйектің  арасындағы  сіңірін 
кеседі. 
Келесі  сәтте  үлкен  жіліншіктің  артқы  боршасының  сіңірін  және 
саусақтарды жалпы бүгетін боршасының сіңірін ашады да екеуін де Z-тәрізді 
ұзартады. Осы жерден асық-өкше буынының қабығы мен сіңірін кеседі және 
сүйек араларындағы сіңірлері кесіледі. 
Сирақ-табан  буынының  ішкі  жағынан  жасалған  кесіктен  қосымша 
дельта сияқты (дельтовидная связка) тарам сіңірінің үш тармағын да кеседі. 
Балтырдың  төменгі  сырт  жақ  артынан  жасалған  кесіктен  асық 
тарамысын  (ахиллово  сухожилие)  бөліп  алады  да  оны  Z-тәрізді  ұзартады, 
сирақ-табан мен асықты сүйектің астыңғы жағындагы буындардың жалғама 
дәнекерлерін  тіледі  және  де  үлкен  жіліншік  сүйегі  мен  асық  жілік 
шыбығының  арасындағы  жалғама  дәнекерді  де  кеседі.  Операциялық  жара 
жік-жігімен тігіледі де, балтырдың жоғарғы жағына дейін гипс салынып, бұл 
гипсте ауру 4-6 ай бойы жүруі керек. 
Т.  С.  Зацепин  мен  В.  А.  Штурм  операциялары  ауру  8  жасқа  толғанға 
дейін  жасалады,  себебі  аурудың  жасы  8-ден  асқаннан  кейін  оның  аяғының 
сүйектерінде үлкен өзгерістер пайда болады. Сондықтан алдыңғы аталған екі 
операция  аурудың  аяғының  толық  түзелуіне  мүмкіншілік  тудыра  алмайды. 
Ондай ауруларды түзеу үшін аяқ сүйектеріне операция жасауға тура келеді. 
Сондай операциялардың бірі аяқ сүйектерінен сүйектерді сына құсатып 
кесіп  алу  болып  есептеледі.  Бұндай  аяқтан  сына  құсатып  сүйек  кесіп  алу 
операциясы  аурулардың  сүйегі  әбден  өсіп  біткеннен  кейін  жасалу  керек, 
себебі операциядан кейін аяқ сүйектері кейін өспей қалуы мүмкін. 
Теріні  тілу  аяқтың  үстіңгі  жағынан  өтетін  саусақтар  жазғыш 
боршасының  сыртқы  жағынан  басталады  да  сыртқы  тобыққа  дейін  тілінеді. 
Тілінген  жерден  саусақтарды  жазғыш  боршасы  мен  кіші  жіліншіктің 
боршаларының  тарамысын  тауып  алып  қармақпен  тіліктің  шетіне  қарай 
тартып  ұстап  тұрады.  Тері  тілігі  бойымен  үлкен  пышақпен  жүмсақ  тіндер 
мен  сүйек  қабыршағын  сүйекке  дейін  тіледі.  Аяқтың  орта  кезінің сүйегінен 
сына  сияқты  қылып  сүйек  кесіп  алу  керек.  Сына  алғанда  артқы  тілігін 
аяқтың  денесіне  тік  етіп  алынады.  Сынаның үш  жағы  ладья  тәрізді  сүйекке 
келіп тірелуі қажет. Сүйектен сынаны кесіп алғаннан кейін аяқтың алдыңғы 
жағын  артқы  жағына  толықтай  жақын  қосқаннан  кейін  сүйектерден  тесік 
жасап  бір-бірімен  тігеді,  қосымша  сүйек  қабыршағы  да  бір-бірімен  тігіледі. 
Кіші  жіліншіктер  боршаларының  сіңірлерін  аздап  қысқартыңқырап  тігеді. 
Себебі сүйектен сына алынғаннан кейін сіңірлер үзын болып қалады. Кескен 
тері мен шел майыда бір-бірімен толық жабылып тігіледі де аяқ пен сираққа 
гипс салынады. Аяқ басының ісігі болмау үшін аяқты көтеріңкі жатқызады. 
Егерде  аяғының  ісігі  көбейіп,  бақайлары  көгергендей,  суығандай  жағдай 
болса  гипстің  алдыңгы  жағы  толығымен  кесіледі  де,  ісік  қайтқаннан  кейін 


272 
 
гипсті  айырбастап  салады.  Операциядан  кейін  бір  ай  өткеннен  соң  ауруды 
балдақпен  жүргізеді.  Екі  айдан  кейін  гипсті  алмалы-салмалы  етіп  ванна, 
массаж, ЕДШ жасайды да, аяғына ортопедиялық бәтіңке тіктіртіп кигізеді. 
Кейінгі уақытта көпшілік оқымыстылардың тәжірибесі бойынша аяқтан 
сына  сияқты  сүйек  кесіп  алғанда  табан  кішірейіп  қалатындықтан  аурудың 
жүрісінің  өзгеруіне  байланысты  тәжірибеде  орақ  тәрізді  етіп  аяқ 
сүйектерінен  сүйек  кесіп  алатын  операцияны  қолданып  жүр.  Бұл 
операцияны  біріншіpeт  Куслик  қолданған.  Сондықтан  орак  тәрізді  сүйек 
кесетін әдіс Куслик операциясы деп аталады. 
Операцияны  жасау  тәсілінде  тері  мен  шел  майын  кесу  сына  кесіп 
алғандағыдай  кесіледі  де,  сүйекті  орақ  тәрізді  кесіп  алу  үшін  науа  тісті 
шақпымен  ладья  төрізді  сүйектің  тұсынан  орақ  тәрізді  етіп  сүйекті  кесіп 
алады.  Оның  жуан  жағының  көлемі  1  см-ден  аспауы  керек.  Аяқтың  орта 
кезінен  орақ  тәрізді  сүйек  кесіліп  алынғаннан  кейін  аяқтың  артымен 
алдының  қосылатын  жері  дөңгелек  тәрізді  болып  қалады.  Осының 
арқасында аяқтың алдыңгы жағын ішке бұрылуын сыртқа қарай  бұруы  мен 
алдыңғы жағын өз кіндігімен сыртқа қарай бұруы оңайланады. Орақ тәрізді 
Куслик операциясынан кейін аяқ қысқармайды. Ал енді операциядан  кейінгі  
емделу жолы  алдында айтылғанжағдайдай болады. 
Операциядан  кейін  сүйек  кесіліп  алынған  аяқтың  сүйектерінің  бір-
бірімен өсуі шамамен 4-8 жұманың ішіндебітеді. 
Г.  А.  Зедгенидзе  (1940  ж)  А.  Л.  Дрейер  (1963  ж)  тағы  басқа  ғалымдар 
гистологиялық  зерттеу  нәтижесінде  мынандай  шешімге  келді.  Олардың 
көрсетуіне  қарағанда  топай,  ладья,  текше  тәрізді  және  табанның  басқа  да 
ұсақ  сүйектерінің  өсуі  негізінен  буын  шеміршектері  арқылы  өседі.  Соған 
қарағанда  Кусликтің  орақ  тәрізді,  сына  тәрізді  табан  сүйектеріне  жасайтын 
операцияларынан  кейін  жоғарыда  көрсетілген  сүйектерінің  өсуі  бұзылады. 
Өйткені  сүйектердің  өсу  зоналарын  толығымен  зақымдайды.  Сөйтіп  табан 
сүйектерінің  өсуі  толығымен  тоқталады  және  жүрісінің  өзгеруімен  табан 
тұрақтылығы  бұзылады.  
Туа  болған  маймақ  аяқты  операциялық  жолмен  емдеуде  көбінесе  Т.  С. 
Зацепиннің  әдісі  бойынша  толарсақ  және  табаналды  буындарының  үстінен 
тілік жасап керекті сіңірлерді Z-тәрізді ұзартып, толарсақ буыны маңындағы 
байламдарды  тіледі.  Бұл  тәсілмен  тілік  жасағанда  табаналды  сүйектерін 
түзету  қиындыққа  соғады.  Операциядан  соң  таяу  уақытта  3-4  тілік 
арасындағы  қалған  тері  жапқышы  некрозға  ұшырайды.  Сол  себептен 
операциядан кейін табан 8-10 күн бойы түзетілусіз қалдырылады. 
Бірінші реттік байламды ауыстырғанда табанды дұрыс қалыпқа шығару 
қиындыққа душар еткізеді, маймақ аяқ қайтадан пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет