29
Иммобилизация екі түрге бөлінеді: көліктік және емдік.
Көліктік иммобилизация жарақатталған адамды жарақат алған жерден
ауруханаға дейін жеткізу үшін қажет. Ол үшін арнайы және қолдағы бар
заттардан жасалған таңғыштар қолданылады. Көліктік таңғыштар бекітуші
және бекіте тартушы болып екіге бөлінеді.
Бекітуші таңғыштарға жататындары: фанерадан, ағаштан, картоннан,
сым сатыдан, тақтайдан тағы да басқа қолда бар заттардан жасалады.
Бекіте тартушы таңғышқа жататындары: Томс-Виноградов және
Дитерихс таңғыштары. Бұл үшін кейде уақытша гипс те қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: