ИЫҚ БОЙЫ СҮЙЕКТЕР ЗАҚЫМДАЛҒАНДА ИММОБИЛИЗАЦИЯ
ЖАСАУ
Бұғана мен жауырын сынғанда негізгі мақсат иық буынын қозғалтпай
бекіту болып саналады. Ол үшін косынка, арнайы таңғыш немесе Дезо
таңғыштарын қолдануға болады(11сурет).
11 -сурет.Дезо таңғышы
(цифралармен бинттің таңылатын реті көрсетілген)
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Қол сүйектерінің сынығын транспорттық бекіту
Тоқпан жіліктің жоғарғы жағы сынса қолды шынтақ буынынан бүгіп
қолтық астына мақта-сүзгіден жасалған жастықша тығып үшкіл орамалмен
кеудеге таңып қояды.
Тоқпан жіліктің ортасы сынса саты сияқты сымнан жасалған таңғышпен
таңылады (12 сурет).
31
12 сурет. Сым-саты сияқты таңғышпен білек сүйек сынықтарын бекіту;
а)таңғышты дайындау; б) таңгышты салу; в) таңгышты бинтпен бекіту;
г) колды үшкіл орамалмен мойынга іліп кою
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Білек сүйектерінің сынуы. Білек сүйектері сынғанда шынтақ буыны мен
білезік буындарын бекіту қажет. Ол үшін қолды шынтақ буыннан бүгіп
таңғышты қолдың сырт жағынан байлау керек. Саусақты супинация мен
пронацияның орташа қалпында орналастырады.
Жамбас сүйектерінің сынықтарын иммобилизациялау өте қиын болады.
Сондықтан ауруды қатты зембілге(носилкаға) шалқасынан жатқызады, екі
аяғын тізесінен бүгіп оның астына киімнен не жұмсақ заттан валик салады.
Мұндай жағдай жамбас-аяқ бұлшықеттері жұмсарып сынған сүйектердің
ауырғанын азайтады (13сурет).
13 сурет. Жамбас сүйектері сынганда транспорттык иммобилизациялау
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Аяқ сынықтарын көліктік иммобилизациялау. Аяқ сынықтарын көліктік
иммобилизация жасау үшін үш буынды: жамбас-сан, тізе және балтыр-табан
буындарын бекіту керек. Сондықтан таңғыштың бір ұшы қолтықтан
басталып табанға дейін жетуі керек.
32
Дитерихс таңғышымен бекіту. Дитерихс таңғышы сан және балтыр
сүйектерінің қай жері сынса да жарамды. Таңғыш екі жылжымалы ұзындығы
әртүрлі ағаш планкалардан (ұзыны 1м 71 см., қысқасы 1м 46 см.), көлденеңі
8см, табан бөлімшесі және бұрағыштан тұрады (14сурет).
14-сурет. Дитерихс шинасын салу.
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Ұзын планканы аяқ пен дененің сыртынан салады, оның бір ұшы
қолтыққа тіреліп тұру қажет, қысқасын – аяқтыңіш жағына салады.
Ең алдымен табаншаны табанға байлайды, содан кейінекі планканы
орналастырып белбеумен бекітеді. Сым саты сияқты таңғышпен
мобилизациялау.
Сымсаты сияқты таңғышпен сан сүйегінің сынығын бекіту үшінүш
таңғыш алады: екеуін біріктіріп қолтықтан табанға дейін, ал үшіншісін бөксе
қатпарынан аяқтың артқыжағынан саусақтарына дейін, ал төртінші таңғыш
болсашаттан аяқтың ішкі жағынан табанға дейін салған жөн болады
(15сурет).
Егер арнайы таңғыштар немесе таңғыштар орнына қолданылатын басқа
да заттар (ағаш, тал, күрек сабы, фанера) болмай қалған күнде зақымдалған
аяқты сау аяққа таңып қоюға болады.
Балтыр сүйектерінің сынықтарын иммобилизациялау үшін арнайы
фанерлік, сым саты сияқты Дитерихс таңғыштары қолданылады.
Балтыр сынығын бекіту үшін үш сым саты таңғышы қолданылады:
біреуі балтыр мен санның артынан, ал қалған екеуі аяқтың ішкі және сыртқы
жағына бинтпен бекітіледі (16сурет).
15-сурет.Сансүйегі сынғанда сым-саты сияқты таңғышпен бекіту:
а) сым-саты сияқты таңғышты құрастыру;
б) таңғышты ауруға салу.
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
|