Буын шығуға диагноз қою келесі белгілер бойынша жасалады:
анамнездегі зақымдану (құлау, оқыс қимыл),
қатты ауыру, сау жағымен салыстырғанда айқын білінетін буындағы
пішін өзгерісі(деформация),
әр буынның шығуына тән аяқ-қолдың мәжбүрлі орналасуы,
аяқ-қол өсі бағытының өзгеруі,
аяқ-қол ұзындығының өзгеруі (көбінесе қысқаруы, ұзаруы сирек
кездеседі),
белсенді қозғалыстың жоғалып, енжарлық қозғалысының шектелуі,
еріксіз қозғағанда серіппелі қарсылық айқын білінеді.
сүйек басы орнынан шыққаннан кейін, оның бұрынғы орнын басып
көргенде ойық анықталады.
Буыны шыққан адамның аяқ-қолдың төменгі бөліктеріндегі тамыр
соғысы, сезімталдығы сақталған ба, жоқпа соны анықтау қажет. Буын
шыққанда әсіресе сынық қосарланғанда тамыр-жүйке шоғыры зақымданады.
Байламдар зақымданса енжар қимылдардың барлығы жасалады, тек бір
ғана қимылда, үзілген байламдардың жиырылуында қатты ауырады.
Сынықтан буын шығудың айырмашылығы буында ерікті қозғалыстың
болмауы, сүйек сынғанда буынсыз жерде қозғалыстың пайда болуы. Дұрыс
диагнозды рентгенологиялық тексеру арқылы қояды.
Рентгенологиялық тексеруді буын шықты деп күдіктенгенде жүргізеді,
ол диагнозды анықтап, буынды ұштардың орналасқан жерін табуға сынық
қосарланғанын әйтпесе сүйек тінінің сынығын көруге немесе оның жоқ
екенін білуге болады.
Бірінші дәрігерлік көмекте сынық екені білінсе қозғалмауын қадағалап,
таңып, анальгетик жіберіп және зақым алған адамды тез арада
травматологиялық стационарға жеткізген жөн.
Емдеу. Зақым әсерінен болған буынның шығуын жалпыауырғанын
басып, ерте салуды, салынған буынды таңуарқылы ұстау, оның қызметін өз
қалпына келтіруге тырысқан жөн. Буынды тез орнына салудың себебі,
уақыт өткен сайын бұлшық ет контрактурасы өсіп, буынды орнына салу
қиындайды.