49
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ТРАВМАТОЛОГИЯ
I ТАРАУ. СҮЙЕКТІҢ ЖАРАҚАТ САЛДАРЫНАН БУЫННАН
ШЫҒУЫ
Сүйектің жарақат салдарынан буыннан шығуыбуынды беткейлердің
бірігетін аймақта бір-біріне қосылмай сүйектің буындық ұштарының толық
ажырап кетуі. Буын зақым әсерінен шығады, бұл жағдайда буын қапшығы
мен байланыстырғыштар да бүлінеді.
Зақымданудан
болған
буынның
шығуы
тірек-қимыл
жүйесі
зақымдарының барлық түрінің 1,5-3%-ін алады. Буын шығу- зақымданудың
ішінде стационарлы емдеуді қажет ететін ауыр түрі. Зақым әсерінен болған
буын шығу әсіресе орта жастағы еркектерде жиі кездеседі. Буынның шығуы
көп жағдайда жанама себептен болады (аяқ-қолдың керіліп барып бұралу
салдарынан болады. Тікелей күштен шықпайды). Сондай-ақ буын
бұлшықеттің бірдей жиырылуынан, мысалы, граната лақтырған жағдайда,
жүзу кезіндегі қолайсыз қимылдардан да шығуы мүмкін. Шықты деп
буындағы сүйектің шеткерісін айтады, бірақ бір ерекшелік бар: бұғананың
акромиальді ұшының шығуы омыртқаның шығуы бұл шығулар орталық
бөлігі шыққан деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: