Чаклин әдісі Науқас арқасымен жатады, денеге тиіп тұрған қолды дәрігер тартып,
екінші қолымен науқастың қолтығындағы иықтың басын сыртқа
ығыстырады. Чаклин әдісінің зақымы аз және наркозбен жасалады, әсіресе
бүл әдіс иықтың буын шыға сынуында қолданылады.
Мухина-Мото әдісі Ол үшін екі көмекші қажет. Бірінші көмекші қолтық астынан орамал
өткізіп, артқа қарай тартады, екінші көмекші амандасқандай алақанынан
ұстап өс бойымен тартып, тоқпан жілікті сыртқа қарай бұрап тартып, кейін
бір қадам бүйірге қарай аттап, ішке қарай қайырып тоқпан жілікті бұрады.
39-сурет. Мухина-Мото әдісі бойынша салу
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.