56
Буын шыға беруінің қайталану себептерінің негізінде дағдылы буын
шығуды емдеген кездегі олқылықтар, кемістіктер, буынды анестетиксіз салу,
салу кезіндегі болған зақымдар, буын салынғаннан кейін оны бекітпей
қозғалту. Таңғыда ұстаудағы уақытының аздығы немесе дұрыс еместігі, тіпті
таңбауы, таңуды шешкеннен кейін
функционалды емдеу курсынан бас тарту,
ерте қолды көтеретін
функционалды күш түсіру, зақымданған буын
тіндерінің анатомиялық және функционалдық орнына келу мерзімінен ерте
күш түсіру.
Буынның дағдылы шығуы иық басының анатомиялық бекуінің
кемістігіне байланысты. Бұл буында болатын буын шығулардың ішінде иық
буынының дағдылы шығуы 12-16% құрайды. 20-40 жастағы ер адамдарда
жиі кездеседі. Иық буынының дағдылы шығу анамнезі, объективті
клиникалық және рентгенологиялық тексерулер негізінде қойылады.
Анамнезден 3-6 айдан 2 жылға дейін иықтың бірінші шығуынан кейін буын
шығуы қайталанғанын білуге болады. Науқастың айтуы бойынша кейінгі
жолы буын болмашы күшке де шыға береді, яғни келесі шығулар жеңіл және
аралары өте жиі болады. Кей адамдарда буын шығуының қайталануы тағы
да зақым алу әсерінен болады. Құлау немесе оқыс қимылдан, ал басқа
біреулерінде ешқандай зақымсыз, оқыс қимылдан (мысалы, киім кигенде,
созылып зат алу әсерінен және басқалар).
Клиникалық тексеруде иық бұлшық етінің, иық аймағының және иық
үсті бұлшықеттерінің гипотрофиясы байқалады. Гипотрофия көрінісі
әртүрлі: иық буыны аймағы контурларының тегістігінен бұлшықет
гипотрофиясының айқын көрінісіне дейін. Бұдан басқа буынның дағдылы
шығуында: Вайнштейн симптомы - иықтың тік бұрыш жасап жылжып
сыртына айналуының шектелуі, Бабич симтомы - науқастың енжар қимылын
тексеруге дәрігер әрекеттенгенде, науқас буынның тағы шығуынан
жасқанып бұлшық етін толық босата алмай әлсіз қозғалыстарымен қарсылық
көрсетеді, Хитров симптомы - тоқпан жілікті төмен тартып ішке бұрғанда
тоқпан жілікбасы мен акромиальді өскін аралықтарында диастаз (аралық
кеңістік) байқалады. Оның себебі иық бойы еттерінің, дельта тәрізді,
жауырынның қырүстілік, қырастылық және домалақ еттерінің толықтай
солуы салдарынан болады. Дағдылы шығатын тоқпан жілікті салу өте жеңіл
және кейбір аурулар өздері салып үйренеді. Диагноз анамнез негізінде
қойылады, ал объективті клиникалық белгілері өте аз. Кей жағдайда
бұлшықет семуі және зақымданған буын аймағындағы ауырғандық
сезімталдығының әлсізденгені байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: