Травматология


КЕУДЕНІҢ ЖАБЫҚТАЙ ЖАРАҚАТТАНУЫ МЕН КЕУДЕ



Pdf көрінісі
бет82/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
КЕУДЕНІҢ ЖАБЫҚТАЙ ЖАРАҚАТТАНУЫ МЕН КЕУДЕ 
ІШКІҚҰРЫЛЫСТАРЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫ 
И. И. Деребяниннің (1965) айтуына қарағанда жоғарыда айтылған  жарақат 
өте  ауыр  жарақаттың  бірі.  Мұндай  зақым  көбінесе  қатты  соғылудан,  биіқтен 
құлағанда  жиі  кездеседі.  Кеуде  ішкі  құрылыстарының  зақымдануы  көбіне 
қабырғаның  сынған  үшкір  жерінің  ішке  қарай  кіргенінде  болады.  Көбінесе 
өкпенің  қабы  мен  өкпенің  жаралануы  жиі  кездеседі.  Құлау  жағдайына 
байланысты  өкпе  жарақаттануы  әртүрлі  болады.  Мұндайда  көбінесе  өкпені 
сырткы  жиектері  ғана  жарақаттануы  мүмкін.  Өкпенің  жаралануының  негізгі 
белгісінің  бірі  -  өкпе  қабының  арасына  қанның  жиналуы  (құйылуы).  Өкпенің 
жаракаттануы көбінесе өкпе қабына қан жиналуына әсер етеді. Тағы бір белгісі 
- сол қабырға сынған маңда тері астына ауа жиналуы (61 сурет). 
Өкпе жараланғанда бірнеше сағаттан кейін аурудың қан түкіруі мүмкін. Ең 
қатерлісі  қанның  тыныс  жолдарына  жиналып  қалуы,  оны  бітеп  тастауы. 
Осындай  қан  жиналып  қалу  әсіресе  есінен  танып  қалған  адамдарда  жиі 


76 
 
кездеседі. Олар дем алғанда тынысының қырылдап шығуын естуге болады. Түсі 
көгілдірленеді, тамыр соғысы әлсіреп жиілейді, хал-жағдайы нашарлайды. 
 
61 сурет. Өкпе қабының арасына ауа жиналу түрлері 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Ауруды  тексеру:  әуелі  сырттай  қарау  қажет,  денесінің  қай  жері 
көгергенін,  ісінгенін  тапқан  жөн.  Қабырғаларды  алақанмен  жайлап  басып 
көріп сынған жерін табу керек. Осы кезде кейде сынықтың үстінде алақанға 
нәзік  сықыр білінуі  мүмкін.  Бұл  ауаның  тері  астына  жиналғанының  белгісі, 
кейде ол өте тез бүкіл жарақаттанған жақтың терісінің  астын кеулеп әкетуі 
мүмкін.  Онда    осы  жағы  дөңгелектеніп,  тұтастанып,  үлкейіп  ісік  тәрізді 
болыптұрады, бірақ та түсі өзгермейді. Осы жерлерді саусақпен басқанда ол 
жерде  басқан  із  шұқыршақтанып    калады,  сәлден  кейін  қайтадан  бұрынғы 
қалпына келеді. Саусақпен қағып көргенде осы жерде бос дыбыс естіледі, ал 
тыңдағанда жаңадан жауған құрғақ қарды басқандағыдай сықырлаған ашық 
дыбыс естіледі. Егерде ауа тері астында аз болса онда аурудың хал-жағдайы 
онша  нашарламайды.  Ал  тері  астындағы  ауа  кеудеден  басқа  жаққа  қарай 
тараған болса, онда адамның денесі домаланып, тұтастанып  іседі және кейде 
мүшкіл халге әкеліп соғады. Ауруға ауа жетпейтін тәрізді болады, оның түсі 
көгереді, демалысы нашарлайды, әлсізденеді, тамыр соғысы жиіленеді. 
 
62 сурет. Сол жақ өкпе қуысына ауа толу 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Кеуде  жабықтай  жарақаттанғанда  өкпе  қоса  жараланса,  онда  осы 
жарадан өкпедегі ауа өкпе мен оның қабының арасына жиналады, мұны ішкі 
ауа жиналуы дейді. 


77 
 
Бұл  жарақаттың  мынадай  белгілері  болады:  аурудың  дем  алысы  терең 
және  біркелкі  болмайды,  ішке  дем  тартуы  сатыланып  тұрады,  осы  кезде 
ауырғаны  күшейе  түседі.  Мойынның  қан  тамырлары  білеуленеді,  өйткені  көк 
тамырдағы  қан  айналысы  нашарлайды.  Тыныс  алғанда  сол  жарақаттанған 
жақтағы  кеуде  қозғалысы  төмендеп,  сол  жақ  кеудесі  үлкейіп  кетеді, 
қабырғаларының  арасы  сау  жақпен  салыстырғанда  әжептеуір  кеңейеді. 
Саусақпен  қағып  көргенде  бос  дыбыс  естіледі,  жүрек  сау  жаққа  қарай 
жылжиды. Ауруды рентген жасап көргенде өкпенің қабысканын (жабысқанын), 
оның  толық  жазылмағанын  төс  шандыры  қозғалысының  төмендегенін  және 
кеуде аралық қуысының сау жаққа қарай ығысқанын байқауға болады. 
Бірінші  көмек  бергенде,  әсіресе  жедел  көмек  беру  үшін  аурудың  2-3 
қабырғаларының  арасынан,  бұғананың  орта  тұсынан  қысқа  жуан  ине 
шаншып,  кіргізіп  кою  керек,  сонда  іштегі  ауа  сыртқа  өзі  шығып  тұрады. 
Мұны сыртқы ашық пневмотораксқа айналдыру деп атайды. 
Рентген  жасап  қарағанда  өкпеқабының  арасына  қан  құйылған  болса, 
онда  біз  оның  көлденең  деңгейін  көреміз.  Саусақпен  қағып  көргенде  тұйық 
дыбыс естиміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет