Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар:
Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар:
- қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру; - жан-жақты білімдарлық өмірдің әртүрлі саласынан хабардар болу; - педагогикалық байланысты пәндерден - психологияны, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білу керек. - оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін, ағымын жақсы білу керек. - жұмысына шығармашылық көзқарас; - баланы жете білу, олардың жан дүниесін түсіну, педагогикалық сенім, оптимизм; - педагогтік техниканы меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлеу; - педагогтік әдептілік тактіні меңгеру: - балаға деген сүйіспеншілік пен әділдік.
Қазіргі педагогика ғылымында негізгі ұғымдардың бірі - «құзыреттілік» «Құзыреттілік» (латын сөзі) competenens – қабілетті, қатысты деген мағынада. «Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, енгізген американдық ғалым Н.Хомский. Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның, оқушының бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш–жігердің болуы. Құзыреттілік – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі