Тренинг: Менің болашақ – өмірім! Мақсаты



бет1/3
Дата10.12.2023
өлшемі19,5 Kb.
#136735
  1   2   3

Тренинг: Менің болашақ – өмірім!
Мақсаты: Оқушылырдың бойындағы мазасыздану, қобалжу, үрейді азайтып сәттілікке бағыттау, ерік – жігерін өз қабілетін дамыту. Өздеріне деген сенімділігін арттыру және жағымды көңіл – күй қалыптастыру.
Міндеттері:

  • өзін – өзі тұлғалық жағымды қабылдауын дамыту;

  • ішкі жан дүниесін түсінудің мүмкіндіктерін ояту;

  • ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру

Көрнекілік: шарық жіп , 4 ватман, түрлі – түсті маркерлер, сауалнама тарату бетшесі, күн бейнесі (жұмсақ ойыншық)
Тренинг барысы: Оқушылар дөңгеленіп отырады. Әр оқушыға шағындап шарық жіптен үзіп алулары ұсынылады. Сол үзіп алған шарық жіптерін саусағына орай отырып жіп аяқталғанша әр оқушы өздерін қысқаша таныстырып, болашақ өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы:
-Мен Жұмағулова Рауза
-Өмірде әрдайым биікке талпынамын.
-Әрдайым өмір ағымынан қалмауға тырысамын.
-Алдағы сынақтардан сүрінбеуге тырысамын.
1. «Мен неге қол жеткізгім келеді!?» жаттығуы.
Мақсаты: Оқушыларды сәттілікке бағыттау, актерлік қабілеттерін дамыту.
Уақыт: 15 минут.
Нұсқау: кішкене уақыт тыныштыққа отырып неге қол жеткізгіңіз келетінін ойланыңыз. Нені үйренгіңіз келеді? Өз ойыңызды ым – ишара арқылы қалай жеткізу жолын ойланыңыз. Қалғандары: сіздің не туралы хабарлап тұрғаныңызды шешеді.
Мысалы: Қандай маман иесі боласыз?
Болашақтан не күтесіз?
Қандай адам боласыз? – өз қолыңызда ...
Талдау:

  • Басты мақсатты таңдау қиын болды ма?

  • Осы мақсатқа жететініңізге сенесіз бе?

  • Ол үшін не істеу керек?

  • Басқа сыныптастар ойларынан нені ұқтыңыз?

  • Ойлаған ісіңізге қол жеткізу үшін ...?

2. Сауалнама. «Саған мектеп не берді?»
Мақсаты: Оқушының ҰБТ-ға психологиялық дайындығын зерттей отырып, психологиялық көмек беру, стреске қарсы тұру, өзіне – өзі сенімділігін арттыру.
1.Ұлттық Бірыңғай Тест дайындығыңыз қалай?
а) жаксы ә) орташа б) төмен
2. ҰБТ тапсыруға қатты қобалжып жүрсің бе?
а) Иә, екі алып каламба деп
ә) Иә, пән бойынша тоқсандық бағамдыұстай аламын ба, жоқпа деп.
б) Жоқ, мұғадімдер жауабын беріп, комек жасайды.
3. ҰБТ-дан жақсы үпай алатыныға сенімдісіңбе?
а) Иә ә) жоқ
4. ХI сыныптағы білім деңгеиің калай?
а) үздік ә) озат б) орташа
5. ҰБТ-ға барлық ынта-жігеріңмен дайындаласың ба?
а) иә ә) жоқ
6. Сенің таңдаған мамандығың қандай?
а) ... ә) таңдаған жоқпын
7. ҰБТ-дан қандай ұпай жинауды мақсат етіп қойдың?
а) ... ә) құлап қалмасам болды
8. XI сыныптан кейін білім жалғастыру жоспарың қандай
9. Қалаған мамандығыңа қол жеткізе алмаған жағдайда қосымша баламаң барма?
а) ... ә) жоқ б) әлі ойлаған жоқпын
10. Саған мектеп не берді?
а) білім б) жоо-ға дайындық б) болашақ өмірге дайындық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет