Тренинг принциптері және тренинг түрлері



Дата03.12.2022
өлшемі16,81 Kb.
#54563
түріСабақ
Байланысты:
Аружан жеке касиби 2тапсырма (копия)



Тренинг принциптері және тренинг түрлері

Тренинг сабақтардың басты принциптері::


— сабақтар балалардың үйреншікті іс-әрекет аймағында жүргізілуі тиіс;
— сабақты тиімді өткізу үшін бөлмедегі заттарды ыңғайластыру;
Тренингтік сабақтарды аптасына екі рет өткізу ең қолайлы вариант болып табылады. Біріншіден, балалардың жаңа формада ұйымдастырылатын іс-әрекетке деген қызығушылықтарын ұзақ мерзімге сақтауға, жаңалыққа «тойынып қалу» феноменімен, шаршаудан, қажудан сақтайды. Екіншіден, балаларға біртіндеп тренигтік әсер болады да, оларды жаңалықтық эффектісіне бар мәліметтердің негізінде абдырап, еңжарлыққа бой ұрып қалмауға мүмкіндік береді.
«Қандай кейіп?».
Мақсаты: Оқушылардың ұялшақтың сезімін төмендету.
Мұғалім ахуал тізімін таратып береді. Бір бала оқушылардың қандай кейіпте қатып тұрып қалғанын шешу керек. «Толқиды теңіз бір, толқиды теңіз екі, толқиды теңіз үш. Қуаныш фигурасы (ахуал тізімін қара), орныңда қатып тұрып қал». Ахуалдар тізімі: қуаныш, ыза, үрей, мейірім, қызығушылық, ұялшақтық, жетістік.
Осындай тренингтер өткізілсе, балалардың бойындағы ұялшақтық мінездері төмендеп, көп көмек болары анық. Ондай балалар мұғалімнің назарында үнемі болуы керек. Әр баланың дұрыс дамып, жетілуі сіздердің қолдарыңызда.
Мен осы баяндамамды шығыс данасы Абдул Баханың сөзімен аяқтағым келеді: Мұғалімнің еңбегі бағбан еңбегімен пара-пар, өйткені бағбан әртүрлі өсімдіктерді күтіп, баптайды. Кейбір өсімдіктер күн сәулесін сүйсе, кейбіреулері- салқын самал көлеңкені, кейбіреуі ағынды су жағасын, ал кейбірі тау шыңын сүйеді. Кей өсімдік құмдақты жерді, кейбірі құнарлы, шұрайлы жерлерді ұнатады. Әрқайсысы өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырылмайды.

«Мәтінді әңгімелеу»
Мақсаты: Ақпаратты дәлме-дәл жеткізу дағдысын дамыту
Нұсқау: «Қазір бәріңіз бөлмеден шығасыз, тек бір қатысушы қалады.Оған мен мәтін оқып беремін. Осыдан кейін мен бөлмеге екінші қатысушыны шақырамын, ал бірінші қатысушы оған тыңдаған мәтінін әңгімелейді. Содан соң бөлмеге үшінші қатысушы шақырылады, оған екінші қатысушы естігенін әңгімелейді. Сөйтіп барлық қатысушылар аяқталғанша бөлмеге шақырылады. Әр қатысушыны мұқият тыңдау қажет. Содан соң нұсқауға сәйкес жаттығу орындалады. (жетекші кез келген мәтінді алады, ешкімге таныс емес мәтін болғаны жақсы. Мәтін көлемі 50 жолдай. Жүргізушіде мәтіннің екінші нұсқасы болғаны дұрыс, себебі жаттығу қайталануы мүмкін)
Талдау: Ненің есебінде ақпарат бұзылды? Әр қатысушы әңгімеге «өз тарапынан» не қосты? Өмірде солай бола ма? Ақпарат аз бұрмалануы үшін не істеу керек?
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады

«Ойлап табушы»
Ортаға қиял құшағында бола алатын , өз ойын айта алудан, қимылмен көрсетуден тайсалмайтын, батыр адамды ортаға шақырамын. 3-адам болу керек. Олар өз қалаулары бойынша рөлдерге бөлінеді.
1-ойлап табушы немесе шебер;
2-журналист;
3-шебердің қолы;
Шеберді бөлмеден шығарып жіберу керек. Қалғандары бұл өмірде жоқ, кездеспейтін құбылысты немесе затты ойлап айтулары керек. Мысалы: орындықты алып, соған байланысты қиялдарын барлықтары айта бастайды. Айтылған ойларды шебердің қолы мен журналист естеріне сақтаулары керек. Жүргізуші (мұғалім) жазып алуына болады.
Ортаға шеберді шақырады. Орындықты ортаға қойып, шеберді отырғызады да журналист сұқбат алады. Мысалы:
- Қымбатты 10 саусағынан өнер тамған шебер аға. Сіз жаңалық ойлап тапты деп естідім. Сол зат туралы айтып берсеңіз.
(Орындықтың артқы жағына екінші орындық қойылып, шебердің қолы отырады да қолтығының астынан не туралы сұрап жатқанын қолмен көрсетіп, шеберге көмек береді. Ал шебер сұраққа жауап беруі керек.)
- Бұл орындықтың өзгешелігі ... ... .
- Тағы да қандай ерекшелігі бар? Т.с.с.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет