Мамандық таңдаудағы қателіктер Өзгеріссіз ретіндегі мамандық таңдауға қарым-қатынас Жүйелі түрде біліктілікті арттыру, аралас мамандықтарды игеру керек.
Мамандықтың беделділігі туралы тұрмыстық пікірлер Мамандыққа қатысты ескішілдіктер қоғам үшін кейбір мамандықтар лайықсыз деп есептелетіндігінен көрініс табады (мысалы, қоқыс шығарушы).
Жолдастарының ықпалымен мамандық таңдау (топпен бірге, елден қалмау) Мамандықты да біз киім мен аяқ киім сияқты өз «талғамымызға» және «өлшемімізге» сәйкес таңдаймыз.
Көзқарасты адамға, қандай да бір мамандық өкіліне, мамандықтың өзіне көшіру Мамандық таңдағанда, саған мамандық ұнағаннан немесе қызметтің осы түрімен айналысатын бір адам ұнағындықтан емес, осы қызмет түрінің ерекшелігін ескере отырып таңдау қажет.
Мамандықтың тек сыртқы жағына немесе бір жеке қырына қызығу Актер сахнада жасаған образдың жеңілдігінің артында күнделікті ауыр еңбек бар.
Оқу пәнін мамандықпен сәйкестендіру немесе бұл түсініктердің айырмасын нашар білу Шет тілі деген пән бар, ал тілді білуді қажет ететін мамандықтар өте көп – аудармашы, экскурсовод, халықаралық байланыс телефонисті және т.б. Сондықтан мамандық таңдағанда, осы мамандықты алуда қандай нақты сабақтар оқылатыны және мамандық алынатыны ескерілуі тиіс.