Бала өзін үлкендер тарапынан жасалатын психологиялық қысым мен күш көрсетуден қорғауға дәрменсіз келеді. Бірақ балалар біздің қылығымызды, бір-бірімізге қарым- қатынасымыздағы айқайға, дөрекілігімізге, қаталдығымызға, егер осының бәрін көзінше істесек тез үйреніп алады.
Үйдегі заңсыздыққа бойы үйренген бала басқаның да құқығын сыйламайтын, ол туралы ойланбайтын болады. Керісінше жанұяда жақсы қарым- қатынаста өскен бала ертең қайырымды болып өседі. Баланы түзу өсіретін қорқыту-үркіту емес, оның еркін өсуі жан- жақты дамуына игі әсер етеді. Біз үйдегі балаға абайламай айтқан сөзіміз, ойланбай істеген қылығымыз кей кезде баланың қылығына байланысты емес, өзіміздің шаршағанымыздан, келеңсіздіктерімізден, жолымыз болмаудан, реніштерден болуы да мүмкін.
Осындай сәттегі балаға деген айқайымыз, оны ештеңеге үйретпейді, оны қорлайды, жасық қылады, өмірге деген құштарлығын тежейді.