Тұрғын үй қатынастары туралы


-бап. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар



бет47/84
Дата28.06.2022
өлшемі112,99 Kb.
#37369
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   84
68-бап. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:


1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;


1-1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;


1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;


2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;


3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;


4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;


5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;


6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;


7) оралмандар;


8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;


9) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;


10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;


11) толық емес отбасылар жатады.


Ескерту. 68-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.06 N 276, 2009.06.08 N 163-IV, 2010.05.29 № 283-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.06 № 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2019 № 251-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет