1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде өкiмет өкiлдерi болып саналады және мемлекет қорғауында болады



бет1/4
Дата12.05.2023
өлшемі31,03 Kb.
#92115
  1   2   3   4
Байланысты:
12 13 апта жедел издестиру




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Экономика және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

ОСӨЖ,СӨЖ
12,13-апта


Тақырып: Жедел-іздестіру қызметінің субъектілерін әлеуметтік және құқықтық қорғау

Орындаған: Жеткіншекқызы.Е
Қабылдаған: Бердыбаев Н
Топ: Қ-402


22-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар 
 қызметкерлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау
1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде өкiмет өкiлдерi болып саналады және мемлекет қорғауында болады. Оларға өздерi штатына кiретiн министрлiктер мен ведомстволар қызметкерлерiнiң құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi қолданылады. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жұмыс ерекшелiктерi ескерiле отырып оларға қосымша жеңiлдiктер берiлуi мүмкiн.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерi өздерiнiң қызмет бабында заң талаптарын басшылыққа алады әрi саяси партиялардың және саяси мақсаттарды көздейтiн бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың шешiмдерiне байланысты болмайды.
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы қызметкерлер мен органдардың заңды iс-қимылына заңмен тiкелей уәкiлдiк берiлген адамнан басқа ешкiмнiң араласуына құқығы жоқ. Қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде олар заңды басшылыққа алуға мiндеттi.
4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың басшылары өз қызметкерлерiнiң, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының жеке басының қауiпсiздiгiн, мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерiне қызмет мiндеттерiн лайықты орындау мақсатында арнаулы кәсiби даярлықтан өтуiне, бiлiктiлiгiн көтеруге және медициналық қызмет көрсетiлуi үшiн қажеттi жағдайлар жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет