Тұрғын үй қатынастары туралы


-бап. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының пайдалануына берiлген коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердiң құқықтық режимi



бет65/84
Дата28.06.2022
өлшемі112,99 Kb.
#37369
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   84
Байланысты:
z970000094 .29-06-2020.kaz

98-бап. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының пайдалануына берiлген коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердiң құқықтық режимi

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


1. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайды қоспағанда, коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына берiлетiн тұрғынжайды жалдаушы осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.


2. Осы бапта аталған азаматтарға берiлген, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына берiлген тұрғын үйдi жергiлiктi атқару органының келiсiмiмен басқа тұрғын үйге ауыстыруға болады.


Бұл орайда ауыстыру азаматтардың тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлатуға әкеп соқпауға тиiс, өйткенi бұл жағдайда ол осы Заңның 69-бабына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адам болып шығады.


3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер жалдаушылардың меншігіне өтеусіз беріледі.


4. Коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алуға құқығы бар азаматтар үшін жаңа көпқабатты тұрғын үйлерді салу арқылы коммуналдық тұрғын үй қорын ұлғайту кезінде жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен пәтерлері жекешелендірілмейтін (сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй) энергиялық тиімді көппәтерлі тұрғын үйлерді ғана салады.


Ескерту. 98-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.06.07 N 391-I, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2019 № 251-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет