98-1-бап. Жергiлiктi атқарушы орган сатып алған тұрғын үйдiң құқықтық режимi 1. Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша оған талап ету құқығын беру нәтижесiнде кепiл ұстаушы ретiнде әрекет ететiн жергiлiктi атқарушы орган жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынған ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi тұрғын үй кредитi бойынша сатып алынған, кепiл берушiнiң - Қазақстан Республикасы азаматының ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша мiндеттеменi орындауға қабiлетi болмаған жағдайда, кепiл берушiнiң өтiнiшi бойынша келiсiмнiң басқаға беру туралы шарттарына сәйкес тұрғын үйдi сатып алуға құқылы. 2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған тұрғын үй коммуналдық меншiкке өтедi және кепiл берушiге берiледi, ол оны кепiл ұстаушының ипотекалық талап ету құқығын беру құны бойынша жекешелендiруге құқылы. Ескерту. 98-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.07.09 N 587 Заңымен.
99-бап. Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан əскери қызметшілерге берілетін қызметтік тұрғынжайлардың құқықтық режимі Ескерту. 99-бап алып тасталды - ҚР 12.12.2017 № 114-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі). 100-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйлердiң құқықтық режимi Ескерту. 100-бап алынып тасталды - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 101-бап. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердiң құқықтық режимi 1. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердi пайдалану жөнiндегi қатынастарға осы Заңның 93 және 95-баптарының қағидалары қолданылмайды. 2. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердi беру және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 3. Мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерi, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттiк қызметте, мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттiк ұйымдарда (мемлекеттiк сайланбалы қызметте болу мерзiмiн қоса алғанда) кемiнде он жыл (жиынтығында) жұмыс iстесе, сондай-ақ, егер еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша: 1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша; 2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты; 3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендiре алады. Ғарыш қызметі саласында он бес жылдан астам жұмыс стажы бар ғарышкерлікке кандидаттардың, ғарышкерлердің тұрғын үйді өтеуіз жекешелендіру құқығы бар. Қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді. 4. Қызмет өткерген кезеңде сол елді мекенде қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғынжай берілген әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері әскери қызметтегі он жыл қызмет өтілінен кейін, ал еңбек сіңірген жылдары, сырқаты немесе штаттың қысқаруы бойынша қызметтен шығарылған кезде – қызмет мерзіміне қарамастан оны жекешелендіруге (әскери қалашықтардағы, шекаралық заставалардағы және өзге де жабық объектілердегі тұрғынжайларды қоспағанда) құқылы. Күнтізбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сіңірген әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері тұрғын үй-жайды өтеусіз жекешелендіруге құқылы. Қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғынжай берілген әскери қызметші немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс істеген мерзіміне қарамастан қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне ауысады. Осы тармақта көзделген жеңілдіктер бір рет қолданылады. Көрсетілген жеңілдіктер кемінде жиырма жыл қызмет атқарған, әскери атақтарға ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға да қатысты қолданылады. 5. Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген мемлекеттік органның жазбаша келісімімен мемлекеттiк кәсіпорынның тұрғын үй қорындағы басқа тұрғын үйге айырбастауға болады. 6. Осы баптың 3-тармағында белгіленген негіздер болған кезде тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарады. Бұл тұрғын үй кейіннен оны жалдаушының жекешелендіруі үшін коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылады. 7. Осы бапта көрсетілген адамдарды шығаруға осы Заңның 14-тарауында көзделген негiздер бойынша жол берiледi. 8. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Ескерту. 101-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.06 № 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
13-1-тарау. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің қатысуымен тұрғын үй қатынастарын реттеудің ерекшеліктері
Ескерту. 4-бөлім 13-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда көзделген - ҚР 12.12.2017 № 114-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).