Жүйелі жылыландыру
Бөлмелердің дұрыс орналысуы
Жылу ұстайтын қоршаулар орналастыру,кіретін есікті,терезелерді,едендерді жылыландыру
Күн ыстық кезде бөлме ысып кетпес үшін мынадай шаралар жүргізуге болады;
Тұргын үйді дұрыс жобалау,бөлмені желдетуге жағдай жасау
Бөлменің бағытының дұрыс болуы,бөлме қызып кетпейтіндей болып орналасу керек
Верандаларда,тераскілерде күннен қоғайтын қондырғылар орнату керек
Ашық түсті сырмен сырлау
Көгалдандыру
Бөлмелердің ауа алмасуы тиімді жұмыс істеуі тиіс
Жылыландыру дегеніміз даладағы температураның өзгерісіне қарамастан бөлмені біркелкі температурамен қамтамасыз ету.Бөлмеде біркелкі температура болу белгілі бір жағдайлармен анықталады;жылыландыру жүйесі,отынның сапасы,жылыландырудың жергілікті және реттілігі.
Бөлме температурасы нормада қысқы уақытта 18-29 С градус аралығында болу керек.бөлмеде тәулік бойы температураның ауытқуы болмау керек.
Мұндай жайлы жағдайды тек орталықтандырылған жылуландыру жүйесі ғана қамтамасыз ете алады,сондықтан тұрғын үйдің орталықтандырылған жылыландыру жүйесімен қамтамасыз етілгені дұрыс.
Қазіргі кезде тұрғын үйлерде жылуландырудың сәулелі түрі кеңінен қолданылып жүр.Жылуландырудың бұл түрі қызған су қабырғалардың арасында орнатылған трубалар арқылы жүріп,бөлмені жылытады,Үйдің төбесінде орнатылған жылыландыру қондырғысының температурасы 28-30С градус,қабырғалардыкі - 40-45 С градус, жертөленікі - 25-27 С градус.

Сәулелі жылуландырудың орталықтандырылған сулы жылыландырудан артықшылықтары да бар;адам ағзасы өзінің бойынан жылу шығару төмендейді,бөлменің көлденең және тік бағыттарында температура біркелкі болады.Жылыту құралдары қабырға арасында орналасқандықтан,оларға шаң жиналмайды.
Үлкен көп қабатты үйлерді жылумен қамтамасыз ету қазандықтардан немесе жылу орталықтарынан жүргізіледі. Қазіргі таңда үйді жылы сумен қамту да қарастырылған.