Тұрғын үй жоспарлауда жерлерді 4 ауданға,16 ауданшаға бөледі.Біздің еліміз 3 және 4 ауданға жатады. «Тұрғын үйлер.Жобалау нормалары» ҚНменЕ(СНиП)құрылыс нормасы мен ережесіне сай жобалану керек.Осы ҚНменЕ-де аудандардың физикалақ-географиялық сипаттамасы және орташа айлық ауа температуралары;қаңтар мен шілде айларының,ауаның орташа жылдамдығы қысқы үш айда,айлық орташа ауаның салыстырмалы ықтималдылығы-маусым айындағы,геологиялық жағдайлар мен табиғи-климаттық факторлар,тұрғын үйге қойылатын талаптар туралы жазылған.
Тұрғын үй жобалауда сол жердің физикалық –географиялық сипаттамасына сай,ҚНменЕ-де көрсетілгендей жасалу керек,яғни тұрғын үйдің жылу ұстағышы ,желден және қызып кетуден қорғау.Жыл мезгілінің әр кезінде бір жерінде метеорологиялық жағдайлардың үлкен ауытқуы байқалады;температура,ылғалдылық,ауа жылдамдылығы,күн радиациясының қарқындылығы.
Тұрғын үй ішінің гигиеналық жағдайы оны қоршаған ортаға байланысты болады.Сондықтан үйдің аумағына қойылатын талаптарды қатаң сақтаған дұрыс. Үй салуға таңдалған жер келесі талаптарға сай болуы керек;ол жерге күн сәулесі жақсы түсетін,ауа алмасуы жақсы,шу көзінен және атмосфералық ауаны ластаушылар көзінен,өндірістік мекемелерден,темір жолдан,автокөліктің магистральды жолдарынан алыс орналасу керек,мөлшері жеткілікті болу керек;үйді дұрыс орналастыру үшін ,балалар ойнайтын жер,ересектер дем алатын дем алатын және жасыл өсімдіктер егілетін жер қарастырылуы керек.Ол жердің топырағы таза болуы керек.Егер ол жер бұрын басқа мақсатта қолданылса,ол жердің топырағы тазаланып,таза топырақ әкеліп төгілу керек,топырақты залалсыздандыру жұмысы жүргізілуі тиіс.
Тұрғын үйлерді және қоғамдық ғимараттарды жылыландыру
Жылыландыру дегеніміз даладағы температураның өзгерісіне қарамастан бөлмені біркелкі температурамен қамтамасыз ету.Бөлмеде біркелкі температура болу белгілі бір жағдайлармен анықталады;жылыландыру жүйесі,отынның сапасы,жылыландырудың жергілікті және реттілігі.
Бөлме температурасы нормада қысқы уақытта 18-29 С градус аралығында болу керек.бөлмеде тәулік бойы температураның ауытқуы болмау керек.
Мұндай жайлы жағдайды тек орталықтандырылған жылуландыру жүйесі ғана қамтамасыз ете алады,сондықтан тұрғын үйдің орталықтандырылған жылыландыру жүйесімен қамтамасыз етілгені дұрыс.