Түрі: сайыс Көрнекілігі: презентация, плакаттар, шарлар. Барысы: Жүргізуші


ІІ кезең « Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал»



бет2/4
Дата02.02.2023
өлшемі24,88 Kb.
#64567
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
uzdik-matem-543be45c88cee

ІІ кезең « Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал» Бұл кезеңде ойыншыларымызға әзіл есептер оқылады. Мұқият тыңдап, ойланып жауап берулеріңіз керек. Кім бірінші қол көтерсе, сол ойыншы жауабын айтады. Жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі ойыншыға жауап беруге болады. Әрбір дұрыс жауап үшін 15 ұпай.

  1. Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады. 3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды. Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)

  2. Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)

  3. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда, ол 5 мин бақырып жылады, ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырып жылады, өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда, Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырып жылады. Анасы Есетті 11 мин жуындырды. Есет жуынып болғаннан кейін де қанша уақыт бақырып жылады? (5мин)

  4. Ер адам үйіне қайтып бара жатыр. Ол құмды, ауыл арасындағы жолмен жүріп келе жатыр. Жолға айдың жарығы түсіп тұрған жоқ, оған қоса ол жерде ешқандай шам жоқ болатын. Ер адам қара киімде болатын. Кенеттен жолда фары жағылмаған машина пайда болады. Ең соңғы сәтте жүргізуші ер адамды көріп, бұрылып кетеді. Жүргізуші оны қалай көрді?

  5. Бір ауылға келіп жүрген туристтер, сол жердегі бір ақымақ шалдың қылығына таңданады. Шалға жылтыраған 50 теңгелік тиын мен 500 теңгелік қағаз ақша ұсынғанда, ол ылғи 50 теңгені таңдайтын.Оның себебі неде? (Себебі шал бес жүз теңгені алса, онда еш қызық болмайды, келесіде оған 500 бен 50 теңгенің екеуінен таңдау жасатпайтын болады. Ол әр таңдау жасатқан сайын 50 теңгені алып тұра алады. жұртқа қызық керек, ақымақ шалдың қалай 50 теңгені таңдайтынын тағы бір мәрте көргісі келетін «ақылды» туристер әрқашанда табылар.)

  6. Бір ағылшын саяхатшысы үндістер тайпасының қолына түсіп қалады, да өлтірмекші болады.Бірақ, тайпаның көсемі оған мынандай шарт қояды: Саяхатшы бір сөйлем айту керек.Егер ол сөйлем шын болса, оны жардан лақтырады.Ал егер өтірік болса, оны арыстандармен бірге торға қамайды.Бірақ саяхатшы бір сөйлем айтып,құтылып кетеді.Ол қандай сөйлем айтты?( Сендер мені арыстандармен бірге торға қамайсыңдар дейді)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет