2013-2014 оқу жылы
Тақырыбы: «Үздік математик»
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: презентация, плакаттар, шарлар.
Барысы: Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! 7 класс оқушыларының арасында өткелі отырған «Үздік математик» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Білімменен тәнті етеді тектілер,
Мұратына білім қалды жеткізер.
Бар ізгілік тек біліммен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар,- дей келе ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. 1) Құдабаев Думан; 2) Қуанышев Руслан; 3) Райымқұлова Тұрсынгүл; 4) Күмісбаев Темірлан; 5) Пірімжаров Мержан.
Сайыскерлерімізге әділ баға беруші әділқазылармен таныстырып өтейін. Мектебіміздің математика пәні мұғалімі – Оразымбетова Гүлсезім, География пәнінің мұғалімі – Әуетова Әмина. Сайысымызды бастамастан бұрын сайыскерлерімізге арнап өз өнерлерін көрсету үшін биші қыздарымызды ортаға шақырамыз. Дайын болсақ сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін. 1) Қас- қағым сәт (сұрақ-жауап) 2) Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал 3)Кім тапқыр? 4) Есепке кім жүйрік? 5) Кім көп біледі? (формулалар жазу) Сайыс шарттарымен таныс болсақ, сайысымызды бастайық. І кезең «Қас-қағым сәт» Бұл кезең бойынша сайыскерлерімізге 20 сұрақ қойылады. Сұраққа бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді. Жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі ойыншыға жауап беруге болады. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай.
Бүйір қабырғалары тең үшбұрыш қалай аталады? (тең бүйірлі үшбұрыш)
Төрт қабырғасы тең тік төртбұрыш. (шаршы)
Катет қандай үшбұрышта болады?
Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
Тік бұрыштан кіші бұрыш. (сүйір)
Геометрияның жазақтықтағы денені зерттейтін бөлімі. (планиметрия)
Үнділер «сунья», арабтар «сифр» деп атаған, біздер қазір не деп атаймыз? (0)
Дәлелдеуді қажает етпейтін тұжырым. (аксиома)
y= функциясының графигі. (парабола)
Марат кешкі сағат 10 да ұйықтады. Ол сағат қоңырауын таңғы 9-ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады? (11)
Шаманың бөлігі қалай аталады? (процент)
Нанды 3-ке бөлу үшін неше рет кесу керек? (2)
Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)
Түнгі сағат 23.00-де жаңбыр қатты жауып тұрды, 1 күннен кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ)
Үшбұрыштың негізгі элементтері (3төбесі, 3 қабырғасы, 3 бұрышы)
Үшбұрыштың қосалқы элементтері (медиана, биссектриса, биіктік)
Қысқаша көбейту формулаларын не үшін қолданамыз? (есептеулерді тез шығару үшін)