3-кезең: «Ұшқыр ой» ( Берілген сұрақтарға әр оқушы бір әріптен таңдап алып, сол әріптен басталатын тура жауаптар береді. Ә, Д, Е, Н, Т, И, М, Е әріптері беріледі)
Сұрақтар:
«1» Қазақтың пулеметші батыр қызы кім? (Мәншүк Маметова)
«2» Шетелде тұңғыш ән салған әнші? (Әміре Қашаубаев)
«3» Дөрекі, әдепсіз сөздер қандай сөздер? (Диалект)
«4» Заттың атын, сынын, санын, олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, ан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы? (Есімдік)
«5» Тұңғыш президент, әрі Әнұранның авторы? (Н. Назарбаев)
«6» Махамбет Өтімісұлының «Қызғыш құс» өлеңі кімге арнап жазылған? (Исатайға)
«7» Қабанбай батырдың шын аты? (Ерасыл)
«8» Жәңгір ханның хан болып, тарихта қалған баласы? (Тәуке)
Жүргізуші: Ата дәстүрінен үлгі алып өсіп келе жатқан бүгінгі ұрпақ -сайыскерлерімізге үлкен рахмет! Алда алатын әлі екі асуларыңыз бар екенін ескерте отырып, сайысымыздың 4-кезеңін бастаймыз.
Бір күні жиынның ортасында отырған Досбол шешеннен біреу:
Жол бастау қиын ба?
Сөз бастау қиын ба? – деп сұрайды. Сонда Досбол:
Көк найзалы ерің болса.
Жол бастау қиын емес,
Соңыңа ерген елің болса.
Бәрінен де сөз бастау қиын
Тауып айтсаң, мереке қылады,
Таппай айтсаң, келеке қылады! – деген екен. Міне, осындай алтыннан соққан сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл-ойдың дариясы қасиетті ата-бабамыздың келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлы өсиетін жалғастырар бүгінгі ұрпаққа сөз кезегін берейік. Сайысымыздың шарты мынадай: ел арасындағы дау-шараларды әділ шешудегі ғажап тапқырлық шешімдерімен, төреліктерімен, биліктерімен өмірлік ғибрат аларлық тұнып тұрған өсиетті ұрпағына мәңгілік мұра етіп қалдырған шешендіріміздің бірі - Сырым шешен мен Бала бидің шешендік сөздерін табу.
Достарыңызбен бөлісу: |