Түрі: сайыс Типі: қайталау Әдіс тәсілдері



Дата05.06.2023
өлшемі42 Kb.
#98741
Байланысты:
Пән іс шара Үздік химик




Тақырыбы: «Үздік химик»
Мақсаты: химия пәнінен өтілген тақырыптар бойынша білімалушылардың білімін қорытындылау, материалды меңгеру, дәрежесін тексеру, пәнге қызығуын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, үздік химик лидерін табу.
Түрі: сайыс
Типі: қайталау
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ойын
Көрнекіліктер: элементтердің таңбалары, интерактивті тақта, кестелер, мыс (ІІ) гидроксиді, сынауықтар, спирт шам.(вертуальді лаборатория)
Барысы:
І Ұйымдастыру:
(студенттерді, мұғалімдерді орналастыру)
ІІ Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгінгі қорытындылау - сайысы «Үздік химик»тақырыбына арналған. Сайыс мына турлар бойынша өтеді:
І. «Бәйге»
ІІ. «Химия әлемі»
ІІІ. «Тест сұрақтары»
ІҮ. «Егер мен болсам..»
Ү. «Оратор
»
Ойынға 8 студент қатысады. Ойынды бағалайтын қазылар таныстырылады.
І тур. «Бәйге»
1. Зат массасының сақталу заңын кім ашты? (Ломоносов)
2. Авагадро саны тең? (6, 02. 1023)
3. Газдың моль көлемі? (22, 4л/моль)
4. Өндірісте сутекті қалай алады? (электр тогының әсеріне судың айырылуы)
5. Қышқылдар қандай болады? (сұйық және қатты)
6. Реттік номері 29 - шы элементтің неше электрон қабаты бар?(4)
7. Периодтық жүйеде неше период бар? (7)
8. Қай элементтің атомдық массасы 12? (Mg)
9. Реакция типтерін ата?(қосылу, алмасу, айырылу, орынбасу)
10. Емдік қасиеті бар улы газ? (H2S)
11. NH3 молекуласындағы химиялық байланыс? (ковалентті полюсті)
12. Хлордың жоғарғы валенттілігі? (7)
13Сілтілік метальдардың периодтық жүйеде орналасуы? (І топ, негізгі топша)
14. Еріген заттың массалық үлесі өлшенеді? (пайызбен)
15. Оттектің аллопоропиялық түр өзгерісі? (озон)
16. Натрий оксидін халықаралық номеналаториясы бойынша қалай атайды? (динатрий моноксиді)

ІІ тур «Полиглот» Бұл тур екі сатыдан өтеді.
1) Химиялық таңбалармен жұмыс
Тапсырма: «Таңбаны оқып, қазақша және латынша атаңыз». Әрбір студентке бір элементтің таңбасы көрсетіледі.
Аи - алтын - аурум ----------------------------- Si - кремний - силициум
С - көміртегі - корбанеум -------------------- Ғе - темір - феррум
Нg - сынап - гидраргирум --------------------- Zn - мырыш - цинк
Си - мырыш - купрум --------------------------- Рв - қорғасын - плюмбум
2. Анаграммадан сөз құрастыры→п, қазақша - орысша атап, формуласын айту.
Оди - иод - иод J2 ------------------------------- Мкүіс - күміс - серебро Аg
Түрірк - күкірт - сера S ------------------------- Омрб - бром - бром Вr2
Латын - алтын - золото Аu -------------------- Тотке - оттек - кислород О2
Пансы - сынап - сурьма Нg ------------------- Кутсе – сутек - водрод Н2
Ротф - фтор - фтор Ғ2 --------------------------- Раног - аргон - аргон Аr

III тур – «Химия әлемі»


Кестедегі 9 шаршыға 20, 30, 40 сандары жазылған. Әрбір санның шамасына қарай сұрақтар берілген.(Логотип орналасқан)
20 - NaСІ → Na+ + СІ- , Бұл қандай байланыс? (иондық)
20 - Мg - 2е – Мg2+ - Бұл қандай процесс? Неге? (тотықсыздану, е- беру)
20 - Галогендердің ең активті элементі (фтор)
30 - 1S2 2S2 2p3 қандай элементтердің электрондық формуласы? ( N):
30 - Периодтық жүйедегі орны бойынша 24 - ші элементке сипаттама беріңіз.(ІV период, ІV Б тобы, Ar (Cr) – 52)
30 - Натрий атомының құрамы қандай? (Na - 11p 12n 11e)
40 – NH4CI → NH3+HCI ; қандай химиялық реакция типіне жатады? ( айырылу)
40 - Мына заттың салыстырмалы молекулалық массаларын тап – Мr(CO2) (44)
40 – АІ2 О3 қосылыстарындағы алюминийдің валенттігін анықта (ІІІВ)
Қазылар алқасы ұпайларын береді, 4студент қалады.
ІV тур – «Тест сұрақтары»
Қатысушылар өзге студенттердің алдын - ала даярлаған сұрақтарына жауап береді. Сұрақтардан балды аз жинаған сайыскер бірінші таңдайды.
№1 Төменде көрсетілген құбылыстардың қайсысы химиялық реакцияларға жатады?
а) мұздың еруі
ә) күкірттің жануы
б) қанттың еруі
№2 Суда - ерімейтін тұздарды табыңыз?
а) Na
ә) КСІ
б) Ag СІ
№3 Алюминийдің валенттігі нешеге тең?
а) 1
ә) 2
б) 3
№4 Сілтілік ортада лакмустың өзгеруі?
а) қызарады
ә) сарғаяды
б) көгереді
Бұл турдың қорытындысында екі студент қалады. Егер балдары бірдей бола қалса, қосымша сұрақтар қойылады.
№1 Суды толық тазарту үшін қолданылады?
а) фильтрлеу
ә) дистильдеу
б) қайнату
№2 S - электрон бұлтының пішіні?
а) гантель тәрізді
ә) шар тәрізді
б) сызықтық
V – тур – «Егер мен болсам» (вертуальді лаборатория)
Сіздерге мыс (ІІ) гидроксиді бар сынауық, спирт шам берілген. Ал енді осыларды қолданып, мыс(ІІ) оксиді мен су алыңдар және түсіндіріңдер.
Осы тәжірибені көре отырып, химиялық реакция теңдеуін жазады.
Қазылар бағаларын береді.
VІ - тур - «Оратор»
Сайыскерлер сұрақтың нөмірін таңдап тақырып алады.
№ 1 Атом – молекулалық ілім
№ 2 Кристалдық торлар
№ 3 Тотығу дәрежесі
№ 4 Гологендер патшасы
«Оротор» турының бағаларынан кейін «Үздік химик» анықталады.

Оқытушы: Саменова А.Н.



Абай облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК
Сабақтан тыс пәндік іс-шара
Тақырыбы: «Үздік химик»
(сайыс түрінде)
Дайындаған пән
оқытушысы: А.Н.Саменова
2022 - 2023 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет