Тістің қатты тіндердің тұқымқуалаушылық аурулары



Дата06.04.2023
өлшемі0,8 Mb.
#79784

Жетілмеген амелогенез

Кіреукенің тұқым қуалаушылық бұзылыстары ұрпақтық факторлар әсерінен пайда болып, эктодермальді құрылымдардың патологиялық өзгеруімен көрінеді. Тісжегі емес ақаулардың бұл тобын Ю.А.Беляков әріптестерімен зерттеген. Олардың ойынша кіреуке дисплазиясы - бұл кіреуке матриксінің түзілісі кезінде немесе минерализациясы кезінде зат алмасу бұзылысымен көрінетін және гиперминералиязацияға алып келетін генетикалық фактор.


Жетілмеген амелогенез кіреукенің амелобласттармен қалыптасуының бұзылуымен байланысты. Бұл кіреукенің қалыңдығы өте жұқа немесе мүлдем болмауына алып келеді. Нәтижесінде тістердің мөлшері кіші болады және олар сұр немесе қоңыр түске боялады. Ұлпа куысында жаңа дентин қабаттары қалыптасып тістін түсі сарғаяды.

Ю.А.Беляев әріптестермен тұқым қуалаушылық жетілмеген амелогенезді 3 топқа бөледі

  • Кіреуке матриксінің бұзылысымен сипатталын тұқым қуалаушылық кіреуке гипоплазиясы
  • Кіреуке жетілуінің бұзылысымен сипатталатын тұқым қуалаушылық кіреуке гипоплазиясы
  • Гипокальцификациямен сипатталатын тұқымқуалаушылық кіреуке гипоплазиясы
  • Әр топ өз алдында клиникалық көріністкрмен сипатталады.

Гипопластикалық жетілмеген амелогенез. Бұл формада даму кезінде бүкіл эмальдың немесе бөлігінің қалыңдығының қалыпты мөлшерге жетпеуі болады. Клиникалық түрде бір-бірімен бүйірлерімен байланыспайтын жұқа эмаль қабаттары болады. Сирек эмаль бетіндегі шұңқыр, горизонтальды не вертикальды қатпар ретінде көрінеді.

  • Гипопластикалық жетілмеген амелогенез. Бұл формада даму кезінде бүкіл эмальдың немесе бөлігінің қалыңдығының қалыпты мөлшерге жетпеуі болады. Клиникалық түрде бір-бірімен бүйірлерімен байланыспайтын жұқа эмаль қабаттары болады. Сирек эмаль бетіндегі шұңқыр, горизонтальды не вертикальды қатпар ретінде көрінеді.

Гипоматурационды жетілмеген амелогенез

  • Гипоматурационды жетілмеген амелогенез
  • Бұл түрінде эмаль толығымен дамыды бірақ бетінде крипинкалардың болуы және қоныр-сары түсте болуымен сипатталады. Эмаль қалыпты қалыңдықта, бірақ жұмсағырақ болады, дентиннен бөлініп қалу ықтималдығы жоғары. Өткізгіштігі бойыша рентгенде эмаль дентинге жақын болады.Х-тіркескен гематурационды жетілмеген амелогенез. Уақытша жіне тұрақты тістер зақымдалады. клиникалық белгілері жыныс бойынша әртүрлі. Ерлерде эмаль беті крапинкалы сары ақ түсті, жасына қарай қараюы мүмкін.

Гипокальцифицирленген жетілмеген амелогенез. Бұл ақау түрінде эмаль тұтастай не кейбір бөліктері жеткілікті мөлшерде қатты болып дамымайды. Клиникада ол тістің сыртқы бөлігінде эмальдың аплазиясы ретінде және ашылып қалған дентин гиперестезиясы ретінде көрінеді.

  • Гипокальцифицирленген жетілмеген амелогенез. Бұл ақау түрінде эмаль тұтастай не кейбір бөліктері жеткілікті мөлшерде қатты болып дамымайды. Клиникада ол тістің сыртқы бөлігінде эмальдың аплазиясы ретінде және ашылып қалған дентин гиперестезиясы ретінде көрінеді.
  • Аутосомды доминантты гипокальцифицирленген жетілмеген амелогенез. Бұл бұзылыс кезінде тістің эмалінің қалыңдығы қалыпты болады, вестибулярлы бетінің орта аймағынан гипоплазия аймағын көруге болады. Бірақ эмаль жұмсақтығы соншалық жарып шыққаннан кейін көп уақыт өтпей ақ жоғалады, сондықтан сауыт аймағын тек қана дентин құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет