Байланысты: Әдістемелік жинақ Тригонометрия туралы
ТРИГОНОМЕТРИЯ
Ақтөбе – 2014 ж
Құрастырған: Г. С. Имантаева - Ырғыз ауданы Ө.Қанахин атындағы орта
мектебінің математика пәнінің мұғалімі,
А.С. Имантай - Ырғыз гимназиясының математика пәнінің
мұғалімі.
Пікір жазған: А. Е. Иманчиев - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
мемлекеттік университеті, физика – математика
ғылымдарының кандидаты,
М. К. Кужантаева – Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік
орталығының әдіскері.
Бұл әдістемелік құрал математика пәнінен алған білімді тереңдету, оқушылардың ынта-қабілетін дамытуға негізделген.
Бұл жинақ қамтылатын ауқымы кең, қолданылатын формулалар саны көп, оқушылардың игеруіне қиын соғатын тригонометриялық тепе-тең түрлендірумен шешілетін мысалдар арқылы бағдарламада қамтылған теориялық ұғымдарды тиянақтап тереңдете түсінуіне арқау болатындай есептерден құрастырылған. Оқушылардың ой – танымын қалыптастырып, өзіндігінен жұмыс жасай білуге, ізденімпаздығын арттыруға өзіндік үлесін тигізеді.
Алғы сөз Әдістемелік құрал мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сай орта мектеп оқушыларына арналған.
Математиканы оқыту есеп шығаруды үйрету ғана емес, ол кез – келген проблеманы шеше білуге, қиындықты жеңуге маңызды роль атқарады. Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер орта мектеп математика курсында мазмұны жағынан да, оқу – дамытушылық әрекеті жағынан да негізгі орындардың біріне ие. Сонымен қатар тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу оқушыларға тригонометрия бөлімі бойынша алған білімдерін жүйелеп, алгебра бойынша алған білімдерімен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл әдістемелік құрал оқушылар мен пән мұғалімдері үшін көмекші анықтамалық құрал ретінде құрастырылған. Негізгі қарастырылған тақырыптар: тригонометриялық өрнектерді ықшамдау, тригонометриялық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешу және тригонометриялық теңсіздіктер.
Осы әдістемелік құрал оқушылардың ой – танымын қалыптастырып, өзіндігінен жұмыс жасай білуге, ізденімпаздығын, ҰБТ-ға дайындық деңгейін арттыруға өзіндік үлесін тигізеді.