ТҮріктілді аудиторияда тіл үйретудің лингвоелтанымдық мазмұны kadaşeva, Karlıgaş/Қадашева, Қарлығаш



Pdf көрінісі
Дата24.02.2017
өлшемі292,86 Kb.
#4782

829

ТҮРІКТІЛДІ АУДИТОРИЯДА ТІЛ ҮЙРЕТУДІҢ 

ЛИНГВОЕЛТАНЫМДЫҚ МАЗМҰНЫ

KADAŞEVA, Karlıgaş/ҚАДАШЕВА, Қарлығаш

 KAZAKİSTAN/KAZAKHSTAN/КАЗАХСТАН

Қазақстан  Республикасы  1991  жылы  16  желтоқсанда  өзінің  тəуелсіз 

мемлекет  екендігін  жариялағанда,  ең  алғаш  болып  мойындаған  бауырлас 

ел  –  Түркия  Республикасы.  Сол  күннен  бастап  нығайған  достық  қарым-

қатынас 1992 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық 

қазақ-түрік  университетінің  ашылуымен  жалғасын  тапты.  Қазақстан  мен 

Түркия  Республикаларының  қарым-қатынасының  негізгі  бармағы  білім 

беру  мен  ғылым  саласындағы  істерге  тікелей  байланысты  болып  келе 

жатқаны  ақиқат.  Соңғы  жылдары  бауырлас  екі  ел  арасындағы  білім  беру 

саласы бойынша ынтымақтастық ауқымы кеңейе түсіп, екі жақты қарым-

қатынастың маңызы артуда. Түбі бір, тамыры бір түркі тектес қазақ жəне 

түрік  халықтарының  ұлттық-рухани  мəдениетінің  арасында  мызғымас 

терең  тамырластық  байланыстың  бары  дау  туғызбасы  ақиқат.  Бүгінгі 

күннің негізгі талабы оқу мен тəрбие жүйесін толық тіл үйренушінің ішкі 

мүмкіншіліктеріне  сай  дамытуға  бағытталып  отыр.  Осы  ретте  білім  беру 

саласына  əдістеме  жəне  оқыту  əдіс-тəсілдерімен  бірге  толық  нəтижеге 

тез  жеткізуді  мақсат  ететін  оқытудың  инновациялық  технологиялары  да 

енгізіліп  жатыр.  Лингвоелтанымдық  бағытта  оқыту  əдістемесі  түріктілді 

студенттерге қазақ тілінің ішкі құрылымы мен сыртқы жүйесін меңгертуде 

үлкен орын алады. Түрік тілінде сөйлейтін тіл үйренушілерге қазақ тілін 

үйрету мəселесі зерттеу нысаны болмағаны анық. 

Қазақ тілін туыс тілде сөйлейтіндерге оқытудың өзіндік қиындықтары бар.

Қазақ тілін түріктілді аудиторияда лингвоелтаным бағытында оқытудың 

əлеуметтік  ерекшеліктері  дегенде,  ең  алдымен,  қазақ  тілінің  танымдық, 

коммуникативтік,  кумулятивтік  ерекшеліктерін  қазақ  тілінен  берілетін 

білім мазмұнына молынан енгізе отырып, мемлекеттік тілдің мəртебесіне 

жету  қажеттілігін  ұғындыру  жолы  берік  ұсталынады.  Ол  үшін  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  тілін  өзгетілді  дəрісханаларда  оқыту 

үдерісінде  отансүйгіштік,  атажұртты  қадірлеу,  сыйластық,  бауырластық 

қасиеттерінің  қалыптастырылуы  бірінші  кезекке  қойылады.  Екіншіден, 

қазақ тілін түріктілді аудиторияда оқытуда түркі тілдес халықтар арасындағы 

əлеуметтік-мəдени  үдерістердің,  оның  ішінде  білім  беру  саласындағы 

үдерістердің  жағдайы  мен  динамикасы  танылуы  көзделеді.  Үшіншіден, 

қазақ  тілін  түріктілді  студенттерге  елтаным  бағытында  оқыту  арқылы 

əлеуметтік-мəдени  таным  əрекеттерін  меңгертудің  заңдары,  принциптері, 



830

механизмі  мен  технологиясы  қарастырылады.  Төртіншіден,  қазақ  тілін 

лингвоелтаным бағытында оқыту барысында Қазақстан Республикасының 

Тəуелсіз  мемлекет  болып  қалыптасу,  өсу  жылдарындағы  (1991-2007 

жж.)  саяси-қоғамдық,  əлеуметтік-экономикалық,  мəдениет  салаларына 

байланысты  білім  мазмұнын  меңгерту  жолдарының  танылу  міндеті 

қойылып  отырады.  Қазақ  тілін  лингвоелтаным  бағытында  оқытудың 

əлеуметтанымдық  негіздерін  анықтау  мəдениеттанумен,  педагогикамен 

(дидактика  жəне  тəрбие  теориясы),  психологиямен,  қазақ  тілін  оқыту 

əдістемесімен тығыз байланыста қарастырылады.

Лингвоелтанымның  негізгі  нысаны  ретінде  «фондық  білімді»  терең 

қарастырған  ғалымдар  Е.М.Верещагин  мен  В.Г.Костомаров  еңбектерінде 

лингвоелтанымның жалпытеориялық жəне əдістемелік негіздері қаланып, 

мəдени  аспектідегі  тілтанымның  əдістемелік  үдерісіне  мол  қор  бере 

алатыны анықталған (Верещагин Е.М., Костомаров В.Г., 1990;).

Қазақ  тілінің  лингвоелтаным  тұрғысынан  зерттелуі  кеш  қолға  алынса 

да,  бұрынғы  этимологиялық  зерттеулердің  Махмұд  Қашқаридан  қалған 

мұра – «Диуани луғат-ат-түрік» кітабының, түркі дүниесіне ортақ мəдени 

жəдігерлері  тіліміздің  мəдениет  тарихын  танытудағы  мол  мүмкіншілігін 

дəлелдей алады. Білімді мəдениеттің жинақталған қоры ретінде ұрпақтан-

ұрпақа меңгертетін болсақ, онда қазақ тілі туралы білім беру дегеніміз – 

түрік студенттеріне қазақтың мəдениетін (материалдық жəне рухани) беру, 

игерту болып табылады. Бұл жол – қазақ тілін өзгетілді дəрісханада оқыту 

əдістемесінің жаңа қыры.

Қазақ жəне түрік тілдері туыс тілдер болғанымен, барлық туыс тілдерге 

ортақ  құбылыс  оларда  да  бар.  Екі  тілге  де  ортақ  сөздер  болуымен  бірге, 

жекелеген тұстары ұқсас, сондай-ақ əр тілдің тек өзіне ғана тəн ерекшеліктері 

бар сөздер – екі тілге де тəн құбылыс. 

Оқытушы түріктілді аудиториядағы қазақ тілі сабақтарын дидактикалық 

сабақтарға  сай  ұйымдастыра  білуі  тиіс.  Қазіргі  кездегі  тіл  үйретуде 

қойылатын  басты  дидактикалық  талаптар  -  тіл  үйренушінің  өз  бетімен 

іздену  қабілеттерін  дамыту,  тіл  үйренуге  шығармашылық  жолмен  келуді 

үйрету  болып  отыр.  Бұл  талаптарды  жүзеге  асыру  үшін  арнайы  оқу-

дидактикалық  материалдар  əзірленеді.  Оқу-дидактикалық  материалдар 

тұтас  кешен  түрінде  қолданылып,  түріктілді  аудиторияға  лингвоелтаным 

бағытында қазақ тілін оқытудың сапалы əрі тиімді болуына үлкен септігін 

тигізе алады. 

Лингвоелтанымның негізгі нысаны – ел тарихын үйрету емес, кepiciншe 

тілді  тұтынушының  фондық  бiлiмі,  жалпылай  айтсақ  өзге  ел  мəдениеті 

мен рухани құндылықтары. Өзге тіл мəдениеті оқытудың лингвоелтаным 

бағытында тілді үйрету үдерісінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылуы 


831

керек деп ойлаймыз. Оған себеп: бір елдің тілін ғана үйретіп қоймай оның 

сыртында кең ауқымда ел мəдениеті де бар деген ұғым қалыптастырылуда. 

Мұндай  ұғым  тіл  үйренушінің  жалпы  танымын,  тілге  қызығушылығын 

дамытатыны анық. Бір сөзбен түйіндер болсақ, қазақ тілі қатысымға түсу 

кезеңінде басқа ұлттың рухани өмірінен, мəдениетінен ақпарат алып, оны 

«тасушы» құралы болады деген сөз. Ел мəдениеті жөнінде, яғни, алынған 

ақпарат, алынған білім, тілін үйрететін елдің реалиясын, яғни, нақты тілді 

ұғынуға көмектеседі. Олай болса кең көлемді ауқымды танымдық фон тіл 

үйренушінің лингвистикалық жəне коммуникативтік дағдысы мен бірлігін 

дамытуға,  яғни,  лексикалық  қорын  байытуға,  фразеологизмдерді  танып 

білуге,  ортақ  сөздер  арқылы  тілді  жеделдетіп  үйренуіне  көмектеседі. 

Сонымен  бірге  іріктелген  лексикалық  жəне  грамматикалық  материалдар 

мен фондық білімді таныстыратын лингвоелтаным пəні болып саналады.

Шынайы  реалия  –  белгілі  бір  ұлттың  мəдениеті,  тарихи  дерегі,  мифі 

мен аңызы десек, адам аты (ұлы адам) этнографиясы мен антропонимдерге 

қатысты лексика лингвоелтану нысаны болуы керек. Ал тіл тұтынушының 

тіліндегі мұндай лексиканы білу жəне меңгеру аса маңызды. 

Лингвоелтаным нысандары: топонимдік реалия – тарихи орныққан жері, 

аймағы;  антропонимдік  реалия  –  жеке  адам  атауы  (ұлы  адамдар,  қоғам 

қайраткерлері); этнографиялық реалия – киім-кешек, тамақ, демалыс, ойын, 

салт-дəстүр, жан-жануар, өсімдік, қоғамдық саяси реалия – үкімет, əскер, 

саясат,  білім-беру  жүйесі,  ұрпақ;  мəдени  реалия  -  əдебиет,  өнер,  ақпарат 

т.б.  мақсаты  ретінде  əлеуметтік,  лингвоелтанымдық,  педагогикалық, 

психологиялық мазмұннан тұрады. 

Лингвоелтаным  құзіреті  коммуникативтік  құзіретті  қамтамасыз  етеді, 

олай  болса,  тіл  үйренуші  тілді  тұтынушы  тіліне  негізделген  мəтіндегі 

ақпаратты  қабылдайды  да,  сол  ақпаратты  «тасушы»  тұлға  ретінде 

қалыптасады. Сонымен лингвоелтанымның негізгі нысаны ел тарихын білу 

емес, керісінше тілді тұтынушылық фондық білімі, жалпы айтсақ, олардың 

мəдениеті  деп  түсінген  жөн.  Осы  орайда  ұлттық  мəдени  семантикадағы 

ерекше көрініс, лексикалық бірліктерді айқындап алған жөн: 



а) бір мəдениетке тəн немесе басқа мəдениетте жоқ көріністер (мысалы, 

қолын сүйіп маңдайына қою, т.б.);

б)  коннатативтік  лексика  дыбысталуы  бір  лексика,  бірақ  əр  ел 

мəдениетінде  мағынасы  əртүрлі  (үзілді  сөзі  –  қазақ  тілінде,  жіп  үзілді 

мағынасында болса, түрік тілінде сағыну мағынасын білдіреді);

в)  фондық  лексика:  салыстырылатын  мəдениетте  аналогы  бар  (сүндет 

той, құда түсу, шілдехана, т.б). 



832

Тіл - мəдениет қаруы. Тіл өмір сүріп отырған кезде сол елдің мəдениеті 

де өмір сүре береді. Қазақ жəне түрік халықтарының тілі, мəдениеті, салт-

дəстүрі, діні, ділі мен белгілі бір кезеңдердегі тарихи даму барысы ортақ 

болып келеді. Ал тіл мен мəдениет бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Қазіргі 

таңда Қазақстанның өзге елдермен халықаралық қатынастары кеңеюде. Шет 

мемлекетт ермен халықаралық байланыстардың даму жағдайында əртүрлі 

тілде ақпарат алмасу кеңінен жолға қойылып отырғандығы мəдениетаралық 

коммуникацияның  Қазақстан  сияқты  дамушы  елдегі  маңыздылығын 

көрсетеді. 

Тілді  оқытудың  негізгі  мақсаты  –  тілді  шынайы  жəне  толыққанды 

қарым-қатынас құрлы ретінде үйрету. Әрбір тіл үйрену сабағы мəдениеттер 

тоғысуы, мəдениетаралық қарым-қатынас тəжірибесі, себебі əрбір сөз сол 

елдің  өмірі  мен  мəдениетін,  қоғамдық  ой-пікірін,  өзіндік  ерекшеліктерін 

көрсетеді. Демек өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету, тіл үйренушілердің 

қазақ  тілінде  оқып,  жазу  жəне  мұғалімнен,  оқулықтан  алған  білімдері 

қазақ  елі  жайлы  жарнама  емес,  керісінше  қазақ  халқының  көзімен  қарау 

қабілетін дамыту негізі болып табылады. Ол қазақ тілін үйрету сабақтарына 

елтанымдық мəліметтерді енгізе отырып жүргізгенде жүзеге асады. 

Тілді қатысымдық бағытта үйретуде коммуникативтілік біліктілікке қол 

жеткізу мақсатында сол елдің ұлттық реалилерін танытатын елтанымдық 

мəліметтер  енгізілу  керек.  Өзге  ұлт  өкілдеріне  тіл  үйрету  үдерісіне  осы 

тұрғыдан  келу  нəтижесінде  тілді  лингвоелтаным  бағытында  оқыту  атты 

жаңа бағыт қалыптастырылған. 

Лингвоелтаным бағытында оқыту əдістемесінде тіл үйренушілерге тек 

қана тіл үйретіліп қана қоймай, сол тілді тұтынушы халықтың мəдениеті, 

салт-дəстүрлері,  тарихы,  географиялық  жағдайы,  саяси-экономикалық 

даму бағыты, өнері, ғылым-білімі жəне қоғамдық ой-пікірлері мен рухани 

құндылықтары  жайлы  мəлімет  бере  отырып,  сол  халықты  таныту  болып 

табылады.

Қазақ  тілін  түрік  тілінде  сөйлейтіндерге  оқыту  –  ең  алдымен  ауызша 

сөйлеуге үйрету. Бұрынғы дəстүрлі оқыту əдістемесін жаңаша жаңғыртып 

оқыту  (инновациялық  əдістеме)  əдістемесіне  қарай  бағыттап,  тілдік 

бірліктерді  тізбектілік  (последовательность)  арқылы  (мысалы,  атау,  ілік, 

барыс  немесе  əуелі  осы  шақ,  өткен  шақ,  келер  шақ  деп)  емес,  керісінше 

қарым-қатынасқа  түсу  кезеңінде  сөйлеу  бірліктерін  тілдік  бірліктерімен 

байланыстыра оқытуға көңіл бөлу қажет. Тілдік бірліктерді мəтін мазмұнына 

қарай үйретуді жүзеге асырғанда ғана студенттің жоғары белсенділігін жəне 

уəждемені тудыруға болады. 


833

Түріктілді  аудиториядағы  студенттердің  қазақ  тілін  лингвоелтаным 

бағытында  оқып,  меңгеруіне  тірек  болатын  білім  мазмұнында  мынадай 

мəліметтер  болуы  көзделеді:  қазақ  тілі  мен  қазақ  ұлттық  мəдениетінің 

өзіндік  ерекшеліктері  мол  құбылыс  екендігі  туралы;  түрік  тілі  мен 

түркілік  мəдениеттің  қайнап  шыққан  ортақ  бастаулары  бар  екендігі; 

қазақ  мəдениетінің  қазақ  тілі  мен  сөйлеу  процесіндегі  көріністері; 

қазақша  сөйлеу  мəнерінің  ерекшеліктері;  қазақ  сөздерінің  синонимдік 

мағыналары;  антонимдік  мағыналары;  полисемиялық  жəне  омонимдік 

мағыналары;  диалектілері  мен  кəсіби  сөздер;  неологизмдер;  архаизмдер 

мен тарихизмдер; қазақ тіліндегі грамматикалық тəсілдер; сөз таптарынан 

қажетті  көлемдегі  білім  мазмұны;  сөз  тіркесі  туралы  білім  минимумы; 

қазақ  сөйлемінің  айтылуына  қарай,  құрылымына  қарай  түрлері;  мəтін 

құру  жолдары;  жазылым,  оқылым,  тыңдалым,  аударма  əдістері.  Осымен 

қатар,  оқу  мақсатына  лайықталып  іріктелген  мəтіндер  арқылы  берілетін 

лингвомəдени білім мазмұны меңгертіледі.

Түріктілді  аудиторияда  қазақ  тілін  лингвоелтаным  бағытында  оқытуда 

оқытушы  мен  студент,  студент  пен  студент  арасындағы  тілдік-сөйлеу 

қарым-қатынасы  жаңа  мəліметтер  берудегі,  алудағы  ашықтық,  басқа 

ұлт  өкілін  қабылдауда  гуманистік  жəне  достық,  теңдік,  толеранттық 

(ұлттық  шыдамдылық)  сезімнің  шынайылығы  мен  биіктігі.  Қазақ  тілін 

үйренушілердің өзара жəне оқытушымен эмпатиялық қатынасы қалыптасуы 

көзделеді. 

Қазақстандық  және  түркі  дүниесі  қоғамдастығында  жаңарып 

жатқан  руханилылықтың  өсуі  жастарда  мәдениет  пен  білімнің 

тұрақты дағдыларын тәрбиелеуге көптен-көп байланысты. 

Қазақстандық  білім  беру  жүйесін  жаңаландырудың  қазіргі  кезеңдегі 

тұжырымдамалары  Қазақстан  Республикасының  Білім  Заңында  айқын 

көрсетілген. Білім беру жүйесін сапалы сатыға көтеру жолдары, оқу процесін 

жəне оқу-əдістемелік кешендерді зерттеу мен жасаудан басталатыны белгілі. 

Осымен байланысты, зерттеу нысанын қазақ тілін елтаным бағытында оқыту 

арқылы  түріктілді  аудиториядағы  студенттердің  тілдік-лингвистикалық, 

коммуникативтік жəне мəдениеттанымдық құзіреттерін қалыптастыру деп 

алғанда, осы мақсат яғни оқыту мақсаты алдымен айқын танылуы керек деп 

санаймыз. Оны графикалық модель арқылы былай көрсеттік: 



834

Қазақ тілін 

елтаным 

бағытында 

оқытудың 

мақсаты


Қазақ тілін 

лингвоелтаным 

бағытында 

оқытудың əдістемесі

Қазақ тілін елтаным 

бағытында оқыту 

арқылы студенттерде 

қалыптастырылуы тиіс 

құзіреттер

Қазақ тілі 

елтаным 

бағытында

оќыту мазм±ны

Қазақ тілін елтаным 

бағытында оқытуды 

ұйымдастыру 

формалары

Қазақ тілін 

елтаным 

бағытында 

оқыту əдістері

Қазақ тілін 

елтаным 

бағытында оқыту

құралдары

Тілді  оқыту  барысында  тіл  үйренушінің  белгілі  бір  құзіретті 

қалыптастыруы көзделетіні белгілі. Қазақ тілін оқыту міндеттеріне түріктілді 

аудиториядағы студенттерде құзіреттер қалыптастырылуы енгізілген, атап 

айтсақ:  тілдік-лингвистикалық  құзірет  қалыптастыру;  коммуникативтік 

құзірет қалыптастыру; мəдениеттанымдық құзірет қалыптастыру.

Түріктілді  аудиторияда  қазақ  тілін  лингвоелтаным  бағытында  оқыту 

арқылы қазақ тіл мəдениеті туралы, сөйлеу мəдениеті туралы мəліметтер 

беру  қажет.  Студенттің  қазақша  тілін  дамытуды  негізгі  мақсат  еткенде, 

сол тіл дамыту аталған құзіреттерді қалыптастырумен тікелей байланыста 

ұғынылады. 

Түріктілді студенттердің қазақша сөйлеу қабілеті қазақ тілі құрылымына 

сəйкес дамытылуы көзделеді. Қазақ тілі жүйесіндегі фонетика – қазақ тілінің 

дыбыстық жүйесін оқытуға, лексика-қазақ тіліндегі сөздік қорын дамытуға, 

грамматика – қазақ тіліндегі сөздердің тіркесімін, сөйлем құрауға, мəтінді 

құрау мен қабылдауға негіз болады. Бірақ бұлардың барлығы қазақ тілінің 

кумулятивтік  функциясы  арқылы  танылатын  лингвоелтаным  бағытында 

меңгертіледі. Жоғарыда айтылған құзіреттерге нақты тоқталып өтейік.



835

Тілдік-лингвистикалық  құзірет.  Тілдік-лингвистикалық  құзірет  қазақ 

əдеби  тілінің  нормаларымен  жəне  олардың  жазба,  ауызекі  сөйлеудегі 

сақталуына үйретеді. Ал лингвистикалық құзірет – қазақ тілінің жүйелік-

құрылымдық болмысы туралы берілетін білім арқылы қалыптастырылады.



Коммуникативтік  құзірет  қазақша  сөйлеу  ерекшеліктері,  түрлері, 

қазақша  айтылым,  тыңдалым,  оқылым,  жазылымдағы  білік-дағдыларын 

дамыту  арқылы  қалыптастырылады.  Түрік  студенттердің  ұлттық  сөйлеу 

мəнері  қазақ  халқының  сөйлеу  мəнеріне  жақын  келетіндіктен,  бұл 

ерекшелікті  олардың  коммуникативтік  құзіретін  қалыптастыруда  шебер 

қолдануға əбден болады.



Мəдениеттаным құзіреті қазақ тілі жəне осы тілде таңбаланған қазақ 

халқының  материалдық  жəне  рухани  мəдениеті  туралы  білімді  меңгерту 

арқылы қалыптасады.

Түріктілді  аудиторияда  қазақ  тілін  үйрете  отырып,  қазақ  тілі  -  қазақ 

халқының  ең  құнды  мұрасы,  қазынасы,  бір  ұрпақтан  екінші  ұрпаққа 

қалдыратын мирас дүниесі екенін осы үш құзіретті қалыптастыру арқылы 

ғана  ұғындыруға  болады.  Қазіргі  қазақстандық  жастардың,  оның  ішінде 

қазақ жастарының, қазақ тілін қажетті деңгейде білмейтіндігі, түркиялық 

студенттерге де əсерін тигізетін сияқты болуы мүмкін. Ал, шындап келгенде, 

қазақ  тілінің  мəдениеттанымдық  қырына  мəн  бере  оқыту  арқылы  түрік 

студенттерге қазақ тілін меңгертуді сапалы жаңа сатыға көтеру жолдарын 

табуға болады. 

Коммуникативтік құзірет өзінің мақсатына жетуі үшін мəдениеттаным 

құзіреті  болуын  қажет  етеді.  Өйткені  басқа  мəдениет  қазынасы  –  түрік 

тілін ана тілі ретінде меңгерген студент үшін қазақ тілі – басқа мəдениет 

қазынасы  ретінде  танылатындығы  белгілі.  Бұл  мəселе  тілді  оқыту 

əдістемесінде Шатилов, Соломатов, Рабунский(1965), Бим (1977), Лапидус 

(1987),  Митрофанова,  Костомаров  (1990)  т.б  ғалымдардан  еңбектері 

негізінде  қарастырылып  келеді.  Егер  дəстүрлі  оқыту  əдістемесінде 

тілді  үйрену  мен  тілді  оқып-меңгеру  бір  бағытта  қарастырылып  келсе, 

жаңаша  оқыту  əдістемесінде  екеуінде  екі  мақсат  көзделіп,  екі  түрлі 

құзірет  қалыптастырылатындығы  айтылып  жүр.  Оның  себебін  былай 

түсіндіруге  болады:  біріншіден,  мысалы,  қазақ  тілінен  түркиялық  түрік 

студентіне  берілетін  білім,  білік,  дағды  минимумдары  қазақ  тілінің 

«тасушысы»  ретіндегі  қазақстандық  түрік  студентіне  берілетін  білім, 

білік, дағды минимумдарынан өзгеше болып келуі керек; екіншіден, түрік 

студенттерді қазақ тілінде еркін сөйлету, қалай десек те, жасанды жолмен 

жүргізілетіндіктен, олар өз ана тілдерінің моделіне сүйене отырып, тілдік 

жағдаяттарды екі қырынан шеше бастайды; үшіншіден, түрік студенттерге 

мəдениеттанымдық  оқу  материалдарын  меңгерту  барысында  оларда 



836

өздерін  «қазақи»  ұстау,  «қазақи  сөйлеу  əдебіне»  түсу  қылықтары  пайда 

бола бастайды; төртіншіден, қазақ тілі түрік студенттерге шет тілі ретінде 

оқытылғанымен,  туыс  тіл  болғандықтан,  сөйлеу  əрекеттерінің  ортақтығы 

грамматикалық құрылым арқылы таныла бастайды да, ендігі кезекте ол осы 

ұқсас «өрісті» кеңейту жолын оқытушыға қосылып, өзі де іздей бастайды. 

Мəдениеттанымдық  құзірет  қалыптастырудың  мақсаты  –  медиатор 

қызметіндегі  тілдік  тұлғаны  қалыптастыру.  Түркі  мəдениет  медиаторы 

ретіндегі  тілдік  тұлға:  мəдениетаралық  қатысым  ситуацияларының  түрлі 

ерекшелігі  болатынынан  хабардар  болып  келеді;  түркі  дүниесінен  келген 

басқа қазақ тілін үйренушілерді де дəл өзіндей түсініп, сыйлай алады; түрлі 

мəдениет дегеніміз – дүниені түсіну мен категориязациялаудың түрлі тəсілі 

екенін ұғады; өзінің туған елінің мəдениетін басқа тілде түсіндіру əдістерін 

меңгереді;  əлемде  болып  жатқан  барлық  құбылыстар  мен  оқиғаларға 

ынтымақтастықпен  қарау  білік–дағдыларын  қалыптастырады.  Сонымен, 

қазақ  тілін  түрік  студенттерге  оқытуда  лингвоелтаным,  мəдениеттаным 

тұрғысынан  келу  арқылы  таптаурын  болған  əдістерді  өзгертуге  немесе 

оларға  басқаша  қарауға  жол  ашуға  болады.  Яғни  түрік  студенттерге 

қазақша  сөйлеу  əдебі  мен  мəнерін  дəл  қазақтардың  өзіндей  меңгерту 

міндетті емес деп айта аламыз. Шетел ғалымдарының айтуынша, екі тілде 

еркін сөйлеушілердің, яғни билингвтердің өзін бикультуралдар деп айтуға 

болмайды. Өйткені екінші тілді білгенмен, сол тілде жасалған мəдениеттің 

табиғи тасушысына айнала алмайды. 

Түркі тілдес халықтардың түркілік мəдениет аясындағы байланысы мен 

өзіндік  ерекшелігі  мол  түркі  дүниесіне  қазақ  тілін  үйрету  үдерісінде  тіл 

үйренуші мынадай байланыстарға түсіп, жаңа қарым-қатынас аясына түсе 

алады:

Саяси-əлеуметтік



Мəдени                      білімдік

Танымдық


Барлық мəдениет жүйесінде коммуникативтік өзара қатынас талаптары 

мен ережелері, белгілі бір тəртіптері бар екені белгілі. Бірақ біздің ұстанатын 

бағытымыз  –  түркі  дүниесіне  ортақ  қандай  коммуникативтік  қолданыс 

талаптары  мен  ережелері  бар  жəне  қазақ  тілін  оқытуда  оларды  қалай 

тиімді  қолдануға  болады  деген  əдістеменің  мəдениеттанымдық  негізінен 

туындайтын жолдарын қарастыру.



837

Бұл жерде «дискурс» терминін қолдану қажеттілігі туындайды. «Дискурс» 

термині тілді қолдану формасын білдіреді. Яғни тілді кім қолданады, қалай 

қолданады, неліктен қолданады жəне қашан қолданады деген мəселелерді 

қарастырады (Емерен Ф.Х., Гротендорст Р., 1992;). Ана тіліндегі дискурс 

үш түрлі өлшемде танылады, олар:



1. Лингвистикалық аспекті, яғни нақты тіл жүйесінің қолданылуы;

2.  Ақпараттың,  білімнің,  өз  байымдауларын  жеткізудің  когнитивтік 

аспектісі;



3.  Әлеуметтік  түрлі  жағдайлардағы  субъектілердің  өзара  қарым-

қатынасындағы интерактивтік аспекті. 

Бұл  үш  дискурс  те  бірімен  екіншісі  тығыз  байланысты  болып  келеді. 

Тіл  бірліктері  қандай  жағдайда,  қандай  мақсатпен,  қалай  қолданылып 

тұрғандығын  түпкілігіне  анықтайтын,  əрине,  контекст  екені  белгілі. 

Біздің лингвомəдени-елтанымдық əдістемелік жүйеміз үшін маңыздысы - 

дискурсқа  қатысып  отырған  студенттердің  қандай  этникалық  топ  мүшесі 

екендігі, қандай мəдени құндылықтар иесі екендігі болып отыр. Сондықтан 

да қазақ мəдениет жүйесінің түркі дүниесі мəдениетімен ортақ қазыналарын 

əдістемелік  құрал  ретінде  қолдану,  біздің  ойымызша,  тиімді  жол  болып 

табылмақ. Соңғы жылдардағы зерттеулерге сүйенсек, дискурстың мəдени 

алғышарттарға  байланыстылығы  айқын  екенін  танимыз,  бұл  туралы 

ғалымдар зерттеулері бар (Арутюнова Н.Д., Булыгина Т.В., 1992; 281).

Сонымен,  лингвоелтанымдық  ‰деріс  –  қазақ  еліне  келіп,  қазақ  тілін 

үйреніп  жатқан  түрік  студенті  өміріндегі  басты  қызметі  мен  ерекше 

үдерісі. Бұл жерде мəтіндер мазмұнындағы елтанымдық мəселелерді негіз 

ете  отырып,  түрік  студентінің  танымдық  белсенділігін  жетілдіру  əдістері 

қарастырылады.

Тілі ‰йретіліп жатќан жєне тілді ‰йреніп ж‰рген екі ел мєдениетініњ 

µзара  ±ќсастыѓы  тілді  жеделдетіп  ‰йретуге  жєрдемін  тигізеді,  себебі 

оќу  мєтінін  ортаныњ  мєдениеттанымдыќ  µрнегі  ретінде  т‰сіндіру  мен 

мєдениетаралыќ ќарым-ќатынасќа т‰су жаѓдаятында пайдалана білу жєне 

білімді ќабылдау тиімді екеніне тєжірибе арќылы кµзіміз жетті.

БИБЛИОГРАФИЯ

1. Арутюнова Н. Д., Булыгина Т.В. и др. (1992), человеческий фактор в 

языке: Коммуникация, модальность, дейксис. Москва: Наука: 281.



2.  Верещагин  Е.  М.,  Костомаров  В.Г.  (1990),  Язык  и  культура: 

Лингвострановедение  в  преподавании  русского  языка  как  иностранного. 

Москва: Русский язык.

3. Емерен Ф. Х., Гротендорст Р. (1992), Аргументация, коммуникация и 

ошибки. СПб.



838


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет