Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Тарау. Күнтоғды патша Айтолдыға әділдіктің



Pdf көрінісі
бет20/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Тарау. Күнтоғды патша Айтолдыға әділдіктің 
қасиеттерін айтады
750. Патша бір күн үйде жалғыз өзі еді,
Үй бос еді, жалғыздығын сезеді.
Шақырғанын Айтолдыға білдірді,
Қол қусырып патшасына ол кірді.
Ол патшаға қарсы келіп тік тұрды,
Ойын патша сөйлемей-ақ ұқтырды:
Оған қарап патша қылды көзбен ым,
«Кел, отыр» – деп қылды ишарат айтпай дым.
Ол отырды жайлап қана ақырын,
Төмен қарап, тарықты бұл пақырың.
755. Патшасына салып қойды көз қырын,
Білдірмеді қабағынан өз сырын.
Патша отырды күміс тақта орнықты,
Күміс тағы – үш аяқты, зор, мықты.
Бір селебе пышағы бар қолында,
Шекер – оңда, ащы суы - солында*.
Бұл Айтолды көріп патша мұнысын 
Қатты қорқып, терең алды тынысын.
Біраз тұрып, патша бастап кезегін,
Айтолдыға деді: «Тілді безегін.
760. Мылқау жандай сөйлемейсің – тосылма, 
Жапа-жалғыз отырмын ғой осында».
Айтты Айтолды: «Ей, падишам, аты ұлым! 
Жақ ашуға бармай тұр ғой батылым.


76
Бүгін қылық, ісің бөтен, ой, данам!
Соған қарап именемін, ойланам.
Тәлім берген білімді адам қалыс бір:
«Бек ашуы келген кезде – алыс жүр!»
Тауып айтқан дана кісі зерделі:
«Қаһарлы бек – от қой у мен зәр» – деді.
765. «Бек қаһары төніп келсе тақымдап, – 
Ей, ақкөңіл, онда тұрма жақындап.
Буып ашу, бек те қаһар төгеді,
Алыстап тұр – зияны кеп тебеді».
Бір сөз бар ед осындай іс жайында,
Сақта өзіңді, бұ сөз жүрсін ойында:
«Бек ашулы – алыс жүрсең не етеді,
Барсаң жуық – құр қадірің кетеді.
Бектер бұ кез арыстанға ұқсайды,
Ашу қысса – бас та кесер жетелі».
770. Деді патша: «Айтшы қане сөзіңді,
Қандай нәрсе таң қалдырды өзіңді?»
Айтты Айтолды: «Таң қалдым, ей, бақытты! 
Неге қойдың мына күміс тақытты?
Неге отырсың мініп патша тағына,
Айтшы, жатыр мұнда қандай мағына?
Екіншіден, пышағың не – селебең?
Білгім келіп қозып отыр делебем.
Үшіншіден, неге мұнда тұр шекер,
Ащы суды неге алдырдың құр бекер?


77
775. Көріп тұрмын ашуыңды, сесіңді,
Мұны көріп, жойдым ақыл-есімді.
Сен отырсың ашуыңды баса алмай
Мен имендім тіл-жағымды аша алмай».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет