Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет61/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   139
Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы
Өгдүлміш жауап берді: «Сөздің шыны –
Жүзіңді үйірмей-ақ тыңда мұны.
Сөз еттің оңтайлы деп осындайды,
Шынында, сылтау еттің тосын жайды.
Кісіде пайда әкелер болса құлық, –
Ел тұтар атын әлпеш, өзін ұлық.
3325. Болады тірі адамның не белгісі –
Қылмаса қайыр, сауап кемел кісі.


280
Әйел ап, ұл-қыз туып, шүбырса аман,
«Ер ұлсыз» деген сөз бар – қарғыс жаман!
Айтыпты елдің ерек бір адамы,
Ұрпақты үзбеу үшін - жұрттың қамы:
«Өлерде ұлсыз адам кеңес қылды, 
Өсір, – деп өзгелерге, – қыз бен ұлды. –
Әкенің ұлы қалса – іздің бірі, 
Болады ол адамның көзі тірі.
3330. Өлгенде ұлсыз кісі тозар тұқым,
Аты өшіп, орны қурап, бітер мұқым!» 
Одғұрмыштың Өгдүлмішке [берген] жауабы
«Осы ма, – деді Одғұрмыш, – дос қалауы, 
Бұ сөздің бар болып тұр басқалауы.
Ұл, қызың жақсы болса – қолайт қандай, –
Болады тілді безеп сол айтқандай.
Баланың жаман, ессіз езі ұлытар,
Егер де өле кетсең, тез ұмытар.
Қор болып сонда шығар жаман атың,
Гүпілдеп, сені сөгер жамағатың.
3335. Ұл-қыз – жау, неге керек жаудың кегі,
Жақсы ғой жаусыз өмір, сірә, тегі.
Болады не шапағат ондай жаудан,
«Жау» аты белгі берер бәле-даудан.
Дананың бір сөзі бар ақ алмастай:
«Елес қой ұл, қыз аты жоғалмастай!»


281
Айтыпты әділ сөзді осыған тең,
Бір алам білімі – бай, көңілі – кең:
«Ұл, қыз» деп сен жүресің жаныңды жеп
Түсінер бала бар ма осылай деп?
3340. Арам мал жинап беріп, сен кетерсің,
Қызығын олар көрер жабылып кеп!»
Бұл адам қатын алса – мінер кеме,
Көк теңіз ортасына ол шықпас деме.
Кемесі ұл, қыз туса – быт-шыт болар, 
Қала ма сонда тірі, сірә, да олар?
Әкенің ұл-қыз – жаны, көңіл буы,
Қорегі ішіп-жейтін, жұтар уы.
Ұл, қыздың ессізі бар санасатын, 
Кейін ол айтпас әке, анасы атын.
3345. Бола ма мұндай жаннан опашылық? 
Ол жауыз көрсететін жапа қылық.
«Ұл, кыз» деп, көрер бейнет әке білдей, 
Көтерер бәле, азабын болып пілдей.
«Жорамен ұлпәт бол!» – деп бүкпегенің, – 
Жақсы ғой, бұл – ауыр жүк жүктегенің.
Бір дана жақсы айтыпты құлақ салсаң,
Көңілі жұрттың нәзік – сақтай алсаң:
«Көңілі бұл адамның шыны іспетті,
Сынбасын ықтиятта, болғын епті!
3350. Көңілдің нәзіктігі мұнда жатар:
Болғанда ыстық, суық – еріп, қатар.


282
Дос көңіл сынса – жау боп, бәле қуар,
Мың жанжал сол жүретін жерде туар.
Жау барда кісі өмірі татымайды, 
Арада жаманшылық қатынайды.
Болса да жауың қанша кішігірім, 
Ұлық тұт оны, азамат баһадүрім!
Шыбынды «үлкен жау» деп қорқар пілің, 
Ол шағып, шошытады, – соны білің!
3355. Жауымен жағаласқан өмір бойы, 
Бір кісі айтқан екен, – мынау ойы:
«Жауыңды «сорлы екен» деп құрма сауық, 
Күпінбей, байқап отыр ауық-ауық.
Жау барда – аңсыз болма, «қорықпан» деп, 
Жақсымен – жақсы бол да, жаумен – жауық!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет