Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Одғұрмыштың Өгдүлмішке [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет60/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Одғұрмыштың Өгдүлмішке [берген] жауабы
Одғұрмыш Айтты жауап – өз талғамыy:
«Тыңдадым, сен де тыңда сөз жалғамын!
Бауырмал сезімін ғой бұл айтқанын,
Белгісін fғайындық нығайтқанын.
Қайғысын ағайынның ағайын жер,
Бөтен жат, бар ма сірә, «ағайын» – дер?
Неге мен ағайыннан жырақ кеттім,
Бұ жерді елден ерек тұрақ еттім?
3295. Байқалды дінге жетік еместігім,
Жетілу үшін жүрмін – емес тегін.
Келдім мен жоғымды іздеп – табылар ма,
Құдайға жалғыз жүріп табынарға!
Кім бұ Жалған ісіне араласар –
Ақырет ісін қылмай қара басар!
Есікті бұ халықтан жаппай тұрып,
Аллаға ол құлай алмас басын ұрып.
Құмарлық, нәпсі мойнын сығып қатты, –
Табасың ғибадат қып рахатты.
3300. Тыңдап ал, не дейді екен абзал кісі,
Бітпейді – нәпсі қуса діннің ісі:
«Қу нәпсі, құмар болу – үлкен жауың,
Екеуі аздырады шағып тауың.
Құмарлық, ерік берсең – құрсайды бұл,
Істесең тән қалауын – етеді құл.


278
Жеңдірмей құмарлыққа ақыл тассын,
Нәпсіні бас көтерсе – білім бассын».
Қатысар елмен жолды тұйықтадым,
Ығысып, мұнда ауыр жүк иықтадым.
3305. Ел-жұрттан осы еді ғой шеттегенім,
Ғайбат тіл, бос сөзді әдет етпегенім.
«Тұрасың жалғыз» – дедің жолды ұнаған,
Құдайдың жады жолдас болды маған!
Жырақтап ағайынға түк демедім,
Міндетін аш-тоғымның жүктемедім.
Көңілін елдің нәзік – қиын сақтау,
Ол қалса, емі – Алланың жолын ақтау.
Болмаса менен елге ешбір пайда,
Ел көрмес ешбір зиян осы жайда.
3310. Бар жақсы, пайда, зиян, бар жаман да,
Болады бір Құдайдан әр заманда.
Ғарыштан су түбіне дейін, әрі... –
Кіріптар бір Құдайға соның бәрі.
Не нәрсе болса адамдар арасында,
Білесің – пайда, зиян бәрі осында.
Сұрарсың ғибадаттың пайда, күшін,
Бір құлға ол есік ашар бақыт үшін.
Біз құлмыз «құл» аты бар – соны сезіп,
Табынам күн-түн тынбай тау-тас кезіп.
3315. Хош көрсе, хош көрмесе – Құдай білер,
«Табыну» сөзін айтпас бүгінгілер.


279
Өзіме зиян емес жалғыздығым,
Жатырмын еркін жүріп, сол – қызығым.
Тыңдап ал бір өлеңді, не қыласың,
Сырты емес, ішін байқа – мағынасын*:
«Ішіне жалғыз үйдің ал тығылып,
Бас қойып ғибадатқа жат жығылып.
Тек қана бейшаралық сөзіңді біл,
Шықпайды жалғыз жаннан жаман қылық!»
Мақтадың кісілермен катысуды,
Қалайша дос болуды атышулы.
Мінеки, сен келгелі, құлы Алланың,
Байқашы: ғибадат та қыла алмадым!
3320. Біліп ал: мен сенімен қосылдым да,
Мұншама зиян шектім тосылдым да.
Адамдар арасына түссе жолым,
Ғибадат қылуға да тимес қолым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет