«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет63/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   152
Негізгі бөлім.
Отбасы мен қоғамда бұрқ ете түсетін үлкен
-
кіші ұрыс
-
керістер мен кикілжіңдердің түпкі себебі дөрекі, қопал 
айтылған түрпі сөз екеніне зер салып тексерген кісінің көзі айқын 
жетеді. Және дөрекі де анайы ауыр сөз, дүт мінез бен тұрпайы 
қылық
тәрбие көрмеген, тас бауыр, пәс адамдардан шығатыны 
әмбеге
аян. «Бұлттан шықан күн
ащы, жаман адамның тілі ащы», 


137 
«Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен», «Білген тайып 
айтады, білмеген қауып айтады» сияқты мақалдар халық 
тәжірибесінен қорытылған шындық екені даусыз. Ондай сөздер 
қоғам
ісіне ауыр зардап тигізіп, жеке адамның да көңілін 
қалдырып, жанын күйзелтеді. Ә.Науаидың:
Аузына келгенін айту
-
наданның ісі,
Алдына келгенін жеу
-
хайуанның ісі [2,53],

деп айтуы де 
сондықтан

Тәрбиесі аз адамдар мәнсіз, орынсыз, дөрекі 
сөздердің ауыр зардаптар келтіретінінде шаруасы болмайды. 
Ұрпақты
ондайлардан бойын аулақ ұстап, қандай жағдайда да 
«сұрқия сөздерді» қолданбауға үйреткен абзал.
Ашық
-
шашық, қора
-
қопсыға, есік
-
тесіктен ит те, мысық та, 
мал да кіріп
-
шыға береді. Сол сияқты «қақпақ қойылмаған» 
ауыздан да «ақ ит кіріп, қара ит шыға беруі» мүмкін. 
Хайуаннан артық сөзімен адам,
Былапыт сөйлесе одан да жаман [2,58]
,- 
деген ақын Сағди 
Шерази тұжырымына қосылмасқа бола ма? Қолдан келсе, 
ауыздан біреудің көңілін қалдыратын суық, жаман сөз емес, 
адамның мерейін өсіріп, жанына жылы тиетін әдепті сөз
шыққанына не жетсін!
Әдепсіз
сөйлемеу, әсіресе, балалар мен әйелдер отырған 
жерде дөрекі сөз айтпау, үлкендерге кішілік ізетпен тіл қату 
әдептіліктің
негізгі шарттарына жатады. Тіпті үлкен кісілер 
отырған жерде ділмарсып, орынды сөз айтудың өзі де оғаш,
ерсі 
көрінетін кездері болады .
Сөйлеудің қасиеті әдептілігі мен әдемілігіне қоса, сайып 
келгенде, шындығында, жалған айту, өтірік сөйлеу кісілікке 
жатпайды. Халық өтірікшінінің қылықтарын жек көре отырып, 
айыптайды. Жеткіншек ұрпақты: «Өтірік сөз өрге баспайды», 
«Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді»,
-
деп, жалған сөйлеуден 
жирендіріп, шыншылдыққа үндейді. Тегінде шын сөйлеу
-
әдептіліктің
ең негізгі белгісі. Суайт адамды
– 
адамгершілігі жоқ, 
жан дұшпаны бар, олар: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер 
мал шашпақ,
-
деп Абай өлеңдерінде нақты көрсетеді [3,45].
Сөйлесу кем дегенде екі адамның тілдесуінен тұрады. Кейде 
мұндай сөйлесуде әркім өзі көбірек айтып қалуға тырысады, 
екінші адамның да айтқысы келіп отырған сөздері барын ескере 
бермейді. Ал сөйлеу әдебі сол
екінші әріптесіңе мүмкіндік беріп, 


138 
сезімталдық көрсетуде. Бұл
-
сөйлесудің мәнін арттырып, екі 
жақтың да қанағат сезімін тудырады. Көпшілік жағдайда 
сөйлеуге қатысқан адамдар өздері өте мәнді санаған ой
-
пікірлерін ортаға салып, бір
-
біріне жаңалықтарды, тың 
деректерді жеткізгісі келеді, өзін толғандырған мәселелер 
жөнінде басқалардың салиқалы, дәлелді пікірін білуге 
талпынады. Сондықтан ондай сөйлеуге жеңіл
-
желпі қарамай, өз 
тарапынан лайықты ілтипат көрсетіп, ұстамды, ойлы жауап беру 
парасаттылық болып табылады. Атақты Әйтеке бидің: «Билер, 
сендерде бір мін бар
-
басқаға сөз бермейсіңдер», 

деуі соған 
меңзейді .
«Іші пысқандықтан», «зеріккендіктен» басқаны әңгімеге 
тартып, көр
-
жерді сөз етіп, ғайбат
-
өсек айтып, «құмарынан 
шығатындар» да кезігеді. Ол
-
уақытты босқа өткізетін әр адамдар 
арасында жік салатын, әділдік, туралық жолынан тайдырып, 
аздыратын зиянды әдет.
Жалпы алғанда, сөз орынды іске бағытталған, адамды рухани 
байытуға септігін тигізетін және сындарлы сипатта болуы тиіс.
Сөйлесетін адамның мінез
-
құлқын, мәдени деңгейін, өзіндік 
ерекшеліктерін білген, ескерген жөн. Мәселен, орынсыз әзіл айту 
немесе тыңдаушыға қызықсыз әңгімені суыртпақтап тұрып алу, 
көңіліне дақ түсіретін жөнсіз мақтау не кінәлау әдептілікке 
жатпайды.
Сөйлеп тұрған адамға үшінші адам қосылғанда, ол осыған 
дейінгі әңгіменің қысқаша мазмұнынан хабардар етілуі керек. 
Егер оны әңгімеге тартудың, араластырудың қажеті болмағанда, 
сөзді бірден шорт тоқтатпай: «Әншейін, өткен
-
кеткенді айтысып 
тұр едік»,
-
десе де жөн болады. Әңгіме үстіне үшінші адам келіп 
қалғанда, оны қатыстырудың қажеті жоқ жайтты ары қарай 
астарлап, жұмбақтап сөйлеу жараспайды. Әрі ол кісіге жайсыз, 
ыңғайсыз соғады, әрі күдік
-
күмән туғызады. Көптің ішінде 
сыбырласып жату да ерсі. Бұл басқаларға қолайсыз тиеді.
Сөз арқылы ой
-
пікіріңді, сөзіміңді, қуаныш
-
қайғыңды айтып 
жеткізу арқылы басқаның да жан дүниесіне еніп, сыр
-
сипатын 
танып, өзара түсінісу жүзеге асады. Сөз арқылы біреуді риза 
етуге, көңілін жайландыруға, қиын қыстау жағдайда дем беріп, 
жігерлендіруге, инабаттылық жолына бағыттауға болады [4,68]. 


139 
Қазақтың: «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»,

деген мақалы да адамгершіліктің, мұсылманшылықтың, соның 
қатарында
сөйлеу әдебінің де басты өлшемі әділдік екенін айқын 
аңғартады.
Дегенмен, шындықты айтуда да абай болатын
жәйттар аз 
кездеспейді. Шәкіртке ақыл
-
қабілетінің аздығы, ауруға халінің 
мүшкілдігі, мүгедекке кемтарлығы туралы «шындықты бетке 
айту» адамшылыққа жата ма? Жазмыштың жазуымен жаны 
жаралы болып жүрген адамға кемістігін есіне түсіріп, көңіліне 
қаяу
салатын сөз, ишарадан қатты сақ болған жөн. Осы орайда 
көне заманнан келе жатқан мына бір ойлы аңыздың тағылымы 
есте болғаны абзал.
Иран жұртының даңқты патшасы Харун Рашид бір күні түс 
көріп, түсінде аузындағы тістері түгелдей түсіп қалады. Ерте 
тұрып, түс жорушыны шақыртып, түсінің мазмұнын айтады. 
Жорушы: «Ей, әміршім, сенің жақын ағайын
-
туыстарыңның бәрі 
өліп, өзіңнен басқа ешкімде қалмайды екен»,
-
дейді. Харун 
Рашид: «Менің бетіме баттитып қайғы толы қаралы сөз айтуыңа 
жол болсын? Егер менің барлық ағайын
-
туғаным қырылып қалса, 
мен күнімді қайтіп өткізбекпін?»,

деп түс жорушының жонына 
жүз дүре соғуға бұйырады. Содан кейін басқа бір түс жорушыны 
шақырып алып, көрген түсін айтып, түсімді жорып бер дейді.
Бұл түс жорушы: «Ей, әміршім, барлық ағайын
-
туысқандарыңнан сенің өмір жасың ұзақ болады екен»,

дейді. 
Харун Рашид: «Жалпы, ақылдың жолы
– 
біреу
-
ақ, екеуінің де 
жоруы бір жерден шықты. Бірақ алғашқы жору мен соңғы 
жорудың парқы аспан мен жердей»,

деп Халифа кейінгі түс 
жорушыға жүз ділда беруді бұйырады [2,7
3]. 
Тыңдаушылардың ынта
-
ықыласы, көңіл ауанымен санаспай, 
орынға, жағдаятқа қарамай, нәрсіз, мәнсіз ұзақ сонар сөздерімен 
басқалардың уақытын алу, мезі қылу, әрине, үлкен әдепсіздік. 
Ондайлар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет