«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»


АБАЙДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ТУРАЛЫ НАҚЫЛ



Pdf көрінісі
бет66/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   152
 
АБАЙДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ТУРАЛЫ НАҚЫЛ 
СӨЗДЕРІ
 
 
Қасымова Айжан Тойбекқызы 
№211 мектеп-гимназияның 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Алматы қаласы 
Аңдатпа.
Абайдың мұралары 
– 
халқымыздың ғасырлай бойы 
маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай 
тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санадан салыстырар пайда 
болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай 


142 
ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын 
көз жеткізеді. 
Кіріспе. 
Абай поэзиясы 
– 
халқымыздың сарқылмас асыл 
қазынасы. Ол адам тіршілігінің сан саласын қамтып, бүгінгі мен 
болашақты ұштастырған өміршеңдігімен, әрқилылығымен 
қымбат. Халық тарихи дамудың қаншама асуларынан
асып, 
қандайлық
биігіне көтерілсе де, Абай аты мен Абай сөзі әрдайым 
оның аузындағы жыры, көкірегіндегі имамы, санасындағы 
ұжданы
болып қала бермек.
Ғұлама
Абай атамыздың нақыл сөздерінен адамгершіліктің 
жоғары қасиетіне үндейтін қағида тізбектерін молынан 
ұшыратасыз. Жалпы тәрбие мектебінің көп түрлері бар, солардың 
бәрінен де жоғары тұратын, оларға мұрындық болатын теңдессіз 
мектеп 
– 
адамгершілік тәрбиесі. Адам баласына берілер өмірдің 
әр
алуан тәрбиесін бағалауға адамгершілік рухы, ішкі дүниесі 
бұлардан тәуелсіз, олармен өлшеуге келмейді. Адамгершілік 
-
адамдыққа баға беруге көмекші құбылыстың бірі есебінде адам 
бойындағы көрсеткіш.
Қоғамда
өз ісінің жақсы шебері ғана болу 
– 
сол адамның өз 
ортасына борышқорлығын түгел ақтай алмақ емес. Бұл дәрежеге 
жету үшін, сыртқы әрекетіңді емес, ішкі рухани азығыңды 
бірінші кезекке қой. Қоғам талабына қажетті қасиетіңді осы ішкі 
рухани азығыңнан ізде. Егер ол қасиет бойыңда бар болса, іс
-
әрекетіңнің
қос тізгінін соған ұстат. Олай етпейінше қоғамға көп 
пайда келтіруге мүмкіндігі бар іс
-
әрекетінің сол дәрежеде зияны 
да бірге туады. Жалаң күйінде білім, еңбек, қызмет, т.б. адамның 
күнделікті тіршілігі үшін тапқан тәсілі, тіршілік құралы, тек қана 
тіршілік болып қала бермек. Өйткені күнделікті өмірде кездесер 
қиындық, ауыртпалық, өмірдің сан түрлі кездейсоқ кедергілері, 
керісінше көкке көтерер мадақтауды, рахат жұмағы т.б. 
қарсаңында
адам баласы жоғарғы күйде болса, шайқалмай 
қалмақ
емес. Бұл сан алуан кездейсоқтар (мұның өзі өмірде 
болмай қалмайтын заңды кездейсоқтық) тұсында адамды бұзбай, 
адам күйінде ұстап қалар қуат құдірет 
– 
ішкі рухани азығының 
молдығы. Міне, адамгершілік қағидаларының бұзылмас 
кодексіне, қосылған мол үлес.
«Адамгершіліктің алды 
– 
махаббат, әділет, сезім». Абайда 
бұл үшеуі бірлікте. Бұлар бір жерге түйіскенде ғана өз дәрежесін 


143 
табады, жеке
-
жеке күйінде бұлар жарамсыз. «Әділет 

ізгіліктің 
анасы», «Кәһімде әділет жоқ болса, оның ұяты да жоқ». Ұят 
– 
адамгершіліктің кісі бойында барлығының сыртқа шыққан 
белгісі, адамгершіліктің үкім құдіреті. «Ұят 
– 
адамның өз 
бойындағы адамшылығы иттігіңді ішіңнен өз мойыныңа салп 
сөгіс қылған қысымыңның аты», 

дейді Абай [1,76].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет