«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»


АБАЙ ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ МИФОПОЭТИКАНЫҢ



Pdf көрінісі
бет76/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

АБАЙ ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ МИФОПОЭТИКАНЫҢ 
КӨРІНІСТЕРІ
 
 
Махмет Жарқын Қуанышқызы

№211 мектеп-гимназияның қазақ тілі 
 
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Алматы қаласы
 
Аңдатпа. 
Бүгінгі қазақ поэмасындағы орын алып отырған 
мифологиялық үрдістерді зерттеудегі жетекші идеялар қаламгер 
ашатын шынайы жаңашыл мазмұнмен байланысты. Абай 
поэмасындағы мифологиялық көріністер ұлттық
және әлемдік 
дәстүрлі мифтермен байланысып бүгінгі қаламгерлерде көрініс 
тапты. Қаламгерлер енгізген жаңа авторлық мифологиялық 
образдар мен мотивтер және архетиптер қазақ және әлем 
әдебиетіне
қосылған үлкен рухани үлес. Мифопоэтика 

адамзаттың дүниені танып
-
білудегі, дүниенің рухани бітімін 
түсінудегі бір жолы, бір бағыты болып саналады.
Кіріспе.
Миф және мифология деген ұғымдар туралы ғылыми 
көзқарастың өзі бүгінде екі салаға бөлектеп, бір
-
бірінен ірге 
тартып алшақтап кеткен. Біріншісі 
– 
мифтерді, оны зерттеуі тиіс 
мифологияны ауыз әдебиетінің бір саласы (жанры) деп қарау, сол 
көзқарас негізінде мифологияға әдеби тұрғыдан бағам жасап, 
әдеби тұрғыдан оның қалыптасуы жөнінде көркемдік, тілдік, т.б. 
үрдістері мен сипаттары (ерекшеліктері) жөнінде тұжырым 
жасау. Белгілі бір деңгейде бұл дұрыс та болып шығады. Бірақ 
мұндай зерттеудің қоғам үшін қайыры аз болатындығын да 
ескеру қажет сияқты. Өйткені, миф тек
әдебиеттің ғана үлесіне 
тиген дүние емес, одан әлдеқайда зерттелу аумағы кең тақырып. 
Ауыз әдебиеті үлгілері ретінде оның тек бір ғана қырынан 
қарастырылу мүмкіндігі бар. Қазақ ғалымдарының миф туралы 
бүгінгі таңда беріп отырған бағасы 
– 
осы. Екіншісі 
– 
мифті ауыз 
әдебиеті ауқымынан шығып кететін, өз алдына дербес (әрине, 
гуманитарлық ғылымдардың барлығының тоғысар тұсында 
орналасып, сол ғылымдардың әдістемесіне сүйенетін) ғылыми 
пән деп қарастыру. Бұл жағдайда осы ғылыми пәнді, саланы 
дамытудың өзінің теориялық, әдістемелік, терминологиялық 
жүйесін қалыптастыру қажет болады.


161 
Қазіргі
әдебиеттану ғылымындағы күрделі міндет әдеби даму 
үрдісі
мен көркемдік жаңаша ізденістерді пайымдау 
– 
бүгінгі күн 
тәртібіндегі маңызды мәселе болып отыр. Әдебиеттің белсенді 
жанры поэзиядағы мифтің поэтикасын қарастыру 
– 
қазіргі 
ұлттық
әдебиетіміздің зерттелмеген тың саласы.
Ғылымда
мифке анықтама өте көп кездесе береді. 
Анықтамалардың көпшілігі антика дәуірінде дамыған 
мифологияға арналған және мифологияның қызметіне, оның 
дінмен, өнермен, филисофиямен, әр түрлі ырымдармен
ертегімен және әпсанә
-
хикаятпен байланысына негізделген. Егер 
барлық анықтамаларды жинақтап қарасақ, үлкен екі топқа 
бөлінеді: біріншісі 
– 
миф дегеніміз дүние туралы фантастикалық 
түсінік, әлемде билік жүргізетін құдайлар мен рухтардың 
ғажайып
оброздарының жүйесі, екіншісі 
– 
миф дегеніміз 
құдайлар
мен қаһармандар жайындағы ауызекі әңгіме 

деп миф 
түсінігіне екі түрлі анықтама береді. Демек, мифология дегеніміз 
мифтік әңгімелердің жиынтығы ғана емес. Кейбір мифологиялық 
түсініктер әңгімеде емес, ырымда, ғана бой көрсетеді. Тіпті көп 
жерлерде миф пен басқа фольклорлық прозаны ашып 
айырмайды, себебі миф тарихи негізі бар аңыз, хикаят, тіпті 
ертегі сипаттада баяндалады. Міне, осының бәрі миф жанрының 
әдебиеттануда
әлі де зерттелмегендігін дәлелдейді. 
Біздің ұлттық әдебиетіміздің алғашқы үлгілерінде, батырлар 
жырларында, 
жыраулар 
поэзиясында 
мифопоэтикалық 
өзгешеліктер
баршылық. Ұлттық поэзиядағы мифологиялық 
сарынның барынша молынан кездескен тұсы ХІХ ғасыр мен ХХ 
ғасыр
аралығында кездеседі. Мифология жалпы дүниенің 
жаратылысы, белгілі аңыздар желісінен құралып, аңыздан 
көркемдік дәрежеге көтеріліп поэзиялық шығармаларға бойлап 
ене бастады. Осы кезеңдегі поэзияның белді өкілдері Абай, 
Шәкәрім, Мағжан т.б ақындарымыздың поэмалары мен 
өлеңдерінде
бұл көрініс байқалды.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет