«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет77/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Негізгі 
бөлім.
Мифопоэтикалық 
сарындар 
Абай 
шығармаларында көрініс берді. Сондай аңыздар негізінде 
жазылған «Ескендір», «Масғұт» т.б поэмаларын негізге алуға 
болады [1]. Ақынның «Ескендір» поэмасының сюжеті 
шығыстың аңыздарына негізделген. Басты кейіпкер өзінің күш
-
жігері және батырлығымен танылған патша Александр 


162 
Македонскийдің өмірі мен байланысты. Ақын оны Ескендір 
патша деп бейнелейді. Поэманың басталуының өзінде 
кейіпкердің қандай тұлға екені белгілі болады:
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шахары оған мекен.
Филип патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Филип өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.
Өз
жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды
-
солды [2].
Осы жолдардан Ескендірдің құлқы танылады. Ол өзінің 
ашкөздігінің, дүниеқоңыздығының арқасында жастайынан 
жарым мінез болып өседі. Поэмадағы оқиғаның одан әрі 
байланысуы барысында оның мінезі ашыла бастайды ашыла 
бастайды. Ол өзінің қисапсыз байлығының үстіне тағыда дүние 
жию мақсатында жолға шығып, жолда неше түрлі қиындықтарға 
тап болып, жол бойында бір бұлаққа кезігеді. Осы жердегі 
бұлақпен байланысты оқиғада мифтік құбылушылық байқалады:
Барса, бір сылдыр қаққан мөлдір бұлақ,
Таспадай бейне арықтан шыққан құлап.
Түсе сала Ескендір басты қойды
Ішсе, суы өзгеше, тәтті тым ақ, 

дей келе бұл бұлақтың шығу тарихына қызығады. Барлық 
әскерлеріне
айтып, бұл бұлақ белгілі
-
біршахардан шыққан, 
бұлақты өрлеп, басын тауып, шахарын шауып алыңдар деп 
бұйырады:
Бұл салқын, тәтті суға қаныңыздар,
Шақ келер маған жан жоқ, наныңыздар.
Менен қалмай, бұл суды шапшаң өрлеп,
Талқан қылып шахарын алыңыздар.


163 
Оқиғаның одан әрі дамуы барысында бұлақ басы бір қақпаға 
барып тіреледі. Осы жерде мифтік желі өрби түседі. Бұл қақпа 
«
құдайға апарар жол»
болып, оған кез келген адам кіре 
алмайтыны белгілі болады. Кіре алмас себебін сұрағанда қақпа 
ішінен оған былай деп жауап келеді:
Мықтымын, деп мақтанба, ақыл білсең,
Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең!
Іші тар, көре алмастың біреуі 
– 
сен,
Ондай кісі бұл жерге келмейді тең.
Мұны естіген Ескендір одан, елге көрген жайын айту үшін 
дәлел ретінде бір зат сұрайды. Оған аған орамалға оралған бір қу 
сүйек береді. Сүйекке қараған Ескендір ашуға бой алдырады. Бұл 
сүйектін шешімін патшаның досы Аристотель шешеді. Ол 
патшаға қарап бұл сүйектің сыры көп деп жауап қатады. Сонда 
патша не болмақ бұның сыры деген де досы былай деп дауап 
қайтарады

Бұл адам 
– 
көз сүйегі, 

деді ханға, 

Тояма адам көзі мың мен санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе
тояр көзіне құм құйғанда. [2; 186]
Барлық жайды естіген патша тәубасына келіп еліне қайтады. 
Бұл жерде сүйек негізгі деталь ретінде алынған. Ал мұндағы 
қақпа
екі дүниені байланыстырушы аспекті болып тұр. «Масғұт» 
поэмасына келсек, бұл жерде де мифологиялық сюжеттер негізге 
алынған. Ақынның бұл поэмасында басты кейіпкер Мақсұт атты 
кейіпкер болып, ол былай суреттеледі:
Я, алла, құрметіне достың Махсұт,
Тілге яр бер, білінсін тұғры мақсұт.
Һаруан
-
Рашид халифа заманында
Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт.
Осы жолдарға қарап бұл аңыздың Бағдат елінде болғанын 
аңғарамыз. Мақсұт білімге құмар, талапты, өнерпаз ретінде 


164 
суреттеледі. Ол білім қуып Бағдатқа барады сонда бір саудагер 
кейпіндегі ұстазға жолығып одан дүниеде сирек кездесетін жеміс 
түрін сұрайды, сонда ұстаз бір бөлмеге кіргізіп былай дейді:
Барса, тамда бір гүл тұр солқылдаған,
Басында үш жеміс бар былқылдаған:
Бірі 

ақ, бірі 

қызыл, бірі 

сары,

Таңдап ал, мен берейін бірін саған.
Ағын жесең, ақылың жаннан асар,
Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар,
Егерде қызыл жеміс алып жесең,
Ұрғашыда
жан болмас сенен қашар

Бұл жемістердің қасиетіне таң қалған Масқұт ұзақ ойланады. 
(Бұл поэмадағы сюжетте негізінен ел арасында сақталған аңызға 
негізделген.) сонда Мақсұт ұзақ тұрып былай тіл қатады: 
Ақ пен сары екеуін алмаймын деп,
Қызыл
жеміс жеймін деп қолқа салды.
Мен беремін, танбаймын айта тұра,
Өкінбесең
түбінде жүре
-
бара.
Поэмада Мақсұт неге ақты алды? Неге шал бұлай деде? Біздің 
аңғаруымызша қызыл алмада бір ғажайып бары сезіледі. Мақсұт 
шалға өз ойын былай ұқтырады:
Қызылды
жесем, мені әйел сүйер,
Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер?
Ұрғашы
да көп жан ғой, досым болса,
Деп едім бір пайдасы маған тиер.
Мақсұттың жауабына қаныққан ұстаз риза болады. Бұл 
поэмада жемістер негізгі детельға алынып мифтік дүниенің 
поэзиядағы көркем сөз түрінде келгенін аңғартады. Поэманың 
жалғасында оқиға былай өрбиді: 

Ендеше тауып айттың, же, шырағым.
Ақыл, дәулет әуелден өзіңде екен,


165 
Өміріңмен
артылсын, жаным, бағың!...
... Бұл шал бөтен шал емес, қыдыр еді,
Жырдағы Қыдыр кім? ол жайлы қандай аңыздар бар енді 
соған тоқталсақ. Қыдыр негізінен мифологиялық кейіпкер. 
Кейбір жырларда ол Қызыр атамен аталып, қазақ сенімінда әулие 
түрінде кездеседі. Жырдың көпшілігінде оның аты аталмай
әулие
немесе ғажайып шал образында келеді. Бір жырларда болса 
диуана кейпінде бейнеленеді. Оның дәл осылай суреттелу себебі 
бар. Жалпы діни мифтерде әулиелер немесе ғайыптан пайда 
болатын демеуші күштердің аты әр түрлі аталғанымен олар бір 
бейнеде ғана көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет