209
Көшпенділер арасында тіл өнерінің қадірлігі сондай, сөз
зергерлерін халық қастерлеп, жоғары бағалаған, құрметтеген.
Қазақ
жыраулар поэзиясында елдің бірлігі, тұтастығы, тарихы
мен мәдениетінің өркендеп дамуы айқын көрінеді.
Қазақ
хандығы дәуіріндегі ақын
-
жыраулар поэзиясының
басты көтерген тақырыптары, негізінен ата
-
қоныстары,
отаншылдық, елтанушылық, адамгершілік, тәлім
-
тәрбие, ұлттық
дүниетаным, әсіресе қазақ халқының қасиетті ата
-
қоныс
мекендері үнемі сөз арқауына алынады.
Жырау деген атау «жыр» сөзінен шыққан. Жыршы деп
көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары
бар айтқыштарды таныған. Жыраулар өз шығармаларын ақыл
-
нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі
тақырыптары
-
туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді
бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті
насихаттау.
Жыраулар поэзиясы
–
дербес мемлекеттік дәрежеде өмір
сүрген Қазақ хандығы атты дәуірдің әдеби мұрасы. Көрнекті
ғалым
-
жазушы М.Мағауиннің айтуынша: «Қазақ халқының
жалпы түркілік ортақ этнос құрамынан бөлініп, дербес Орда
құрған
хандық заманы төрт ғасырға жуық ұзақ дәуірге созылды».
Ол тағы бірде «ХV
–
ХVІІІ ғасырларда жасалған әдебиет ел
мүддесін, жұрт мұратын бірінші орынға қойды. Өзіндік түр
тауып, айқын ұлттық сипатта қалыптасты. Алаштың жайсаң
жанын, өр рухын бедерлей таңбалап, келер ұрпақ
үшін ешқашан
ескірмес үлгілер тудырды. Көркемдік танымның асқар биігіне
көтеріліп, әлемдік өредегі ұлы шығармалар қалдырды», дейді.
Яғни, жыраулар поэзиясы
–
қазақ сөз өнерінің әлемдік
классикалық шығармалар шоғырына қосылатын біздің ұлттық
рухани қазынамыз [3].
Достарыңызбен бөлісу: