«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет34/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   152
 
Аңдатпа.
Бұл мақалада ғылыми шығармашылығымен де, 
әдеби
шығармаларымен де көпшіліктің көкейінде жүрген 
мәселелерді қозғаған, өз уақытының корифейлері атанған
ғалымдар
Рақманқұл Бердібай мен Нығмет Ғабдуллин 
шығармашылықтары туралы таныстыру мақсатындағы деректер 
айтылады. Кезінде қазақ фольклоры мен фольклор тарихынан 
дәріс оқыған ұстаздардың ғылыми еңбектері мен адами кескін
-
келбеттері, шығармашылық арқаулары туралы ой түйілген.
Кіріспе.
Қазақ фольклорының тарихында өзіндік із 
қалдырған әдебиетші ғалымдар тобы аз емес. 1990 жылдардың 
ішінде Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінде 
атақ
-
даңқтары әйгілі, әрқайсысы қазақ әдебиеті мен тілінің бір
-
бір ұстынына пара
-
пар ғалымдар дәріс оқыды. Серік Қирабаев, 


80 
Рахманқұл Бердібаев, Рәбиға Сыздықова, Нұржамал Оралбаева, 
Шахмардан Есенов, Ғұбайдолла Қалиев, Шона Сарыбайұлы, 
Немат Келімбетовтер сияқты аға толқын тұлғалармен қатар 
Серік Мақпыров, Балтабай Әбдіғазиев, Тебегенов Темірхан 
сынды қырықтың қырқасындағы азулы ұстаздар шоғырының
дәрістерін тыңдаған біздер әсерлі бір шаттықта болатынбыз, 
әрбірінің
білімінің тереңдігіне, парасаттылығына сүйсінетінбіз. 
Әсіресе, сол кездегі кафедра меңгерушісі филология 
ғылымдарының
докторы, профессор Нығмет Ғабдуллиннің әрбір 
дәрісін ұйып тыңдап, санамызға тоқуға тырысатынбыз. 
Н.Ғабдуллиннің көркем шығарма саласындағы «Алғашқы 
сапар» (1953), «Қызық дәурен» (1965), «Кейінгі толқын» (1977), 
«Сарғайған жапырақ» (1970), «Өмір, қымбатсың маған» (1966), 
«Жігер» (1983), «Біздің жігіт» (1993) жинақтары кітап сүйгіш 
қазақтың
төрінде жинаулы тұр десем артық емес. Орыс тіліндегі 
«Жаңа таныстар» (1957), «Өмірдің бұралаң жолдары» (1967) 
прозалық кітаптары өз оқырмандарымен бірге. Ал ұстаз аударған
Э.Хемингуэйдің « Шал мен теңіз» повесі, Г.Марковтың «Жер 
құты» романдары, М.Шагиняннің «Ульяновтар семьясы», 
В. Быковтың «Альпі аңызы» тағы басқа да 15
-
тен астам жинағы 
мен орыс, шетел жазушыларын аударған еңбектері оқырманның 
әлі
күнге рухани жан аңсарын толтырып келеді.
Талай қоғамдық баспасөзде абыройлы қызмет атқарған
жазушы, ғалым Н.Ғабдуллин Халықаралық «Алаш» әдеби 
сыйлығының лауреаты (1996).
Н.Ғабдуллиндей талғамы биік, таланты ерен ғалымның 
ғалымның
қазақ әдебиеті ғылымының түрлі саласына қосқан 
өзіндік
үлесі де бір төбе. «Ғабит Мүсіреповтің драматургиясы» 
(1964
), «Қазіргі қазақ прозасында жаңа адамды бейнелеу 
проблемалары» (1972) атты кандидаттық, докторлық 
диссертацияларымен 
қатар 
«Уақыт 
сыры», 
«Ғабит 
Мүсірепов−драматург» т.б. көлемді еңбектерінде сол кезеңдегі 
зәру мәселелер өз шешімін тапқан. Тұлға концепциясы, қазақ 
әдебиетінің
ұлттық ерекшелігі, суреткер тілі, замандас келбеті 
жайлы айтылған құнды пікірлері қазіргі уақытпен үндес, бүгінгі 
күн биігінен өзіндік өзгешелігі бар ой қорытындысы ретінде 
бағалануда.


81 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет