Негізгі бөлім
.
«Манас» жырының үшбірлігін органикалық
жағынан біріктіріп тұрған эпикалық резиденция
–
Талас қонысы
екендігін автор дұрыс аңғарып талас тақырыбына да көңіл
бөлген. Себебі жырдағы сюжеттік желінің бәрінде туған жер,
атамекен Талас мекенін қорғау азат ету мәселесі көтерілген.
Қаһармандардың
барлық әрекеті таласпен байланысқан.
Жырдағы жаудың бәрі елді Таластан қууды, ажыратуды мақсат
етеді. Осыны ескерген автор : «Ошон үчүн уйактылуу бөтен эл
-
жерде баш калап эр жеткен баатыр көнтсе да айланып Таласты
табууга тийиш. Үшүндан баштап эпосто буга чейин белигилүү
бир деңгээлде дымып калган баатырдык дух,баатырдык демилге
кайрадан жанданат. Окуяларга кыймып бүтүн, сюжеттик өзөккө
кан чуркатат» [1, 32],
-
деген пікір айтып, елдің тұрмыстық
талабынан келіп шыққан
эпикалық қаһармандық жоспарда
идеализацияланып жырланғанын, яғни эпикалық жырдың
эволюциялық дәстүрлі генетикалық тұтастану процесінен
өткенін
дәлелдейді. Сөйтіп «Семетей», «Сейтек» жырларының өз
76
алдына көлемді эпос деңгейіне жетуде үштік масштабы
танытылады.
Еңбекте «Семетей», «Сейтек» жырларының көптеген
оқиғалары патриархалдық
-
феодалдық дәуірдің туындысы
болғанымен дәстүрлі сюжеттің түпкі, байырғы оқиғаларының да
сақталғаны байқалып, олар батырдың туылуы, ерліктері, үйленуі
және өлімі екені аңғарылған. «Манастың» салтқа айналған
сюжеттік жобасының қайталанылатыны, ал кейін оқиғалар өсуіне
байланысты өзгешеліктердің орын алатыны жекелеген эпизодтар
бойынша жіктеледі. Соның бірі үйлену салты.
Жалпы эпикалық жырлардың композициялық жүйесіндегі
басты тақырыптың бірі
–
батырдың үйленуі. «Поиски жены
–
один из древнейших элементов героического эпоса» [3, 195],
-
деп жазады В.Я.Пропп. Ал «Ер Тарғын» жырын зерттеу
барысында М.Мағауин үйлену эпизодына байланысты былайша
ой тұжырымдайды. «Бұлай болу себебі,
алғашқы құрылыстың
ыдырау кезеңіндегі заман тілегіне сай ең мәнді мәселе
–
семья
құру
болатын. Сондықтан осы кезде туған эпоста геройдың
күресі бір
-
ақ бағыт
–
семья құру және оны сақтау жолында
жүргізіледі» [4, 190]. Эпикалық жырларға ортақ бұл тақырып
«Манас», «Семетей», «Сейтек» жырларына да тән. Осыған
байланысты олардың арасындағы өзгешеліктері де танылады.
Яғни, қысқасы жырдағы көптеген шатақтар қыздарды құда
түскен жерінен ажыратылуына байланысты мотивировкаланады.
«Манас» жырында Манас батыр Қаныкейге дейін үйленіп
қойса
да оның құдалық жөнімен болмағандығы үлкен кемшілік
саналып Қаныкейге үйленуі ерекше поэтикалық қуатта
жырланып мән беріледі. Бұл оқиға «Семетей» жырында да орын
алған. Семетей таласқа көшерде Чачыкейге үйленеді. Бірақ
құдалысып
қойған қызы Айшөрек болғандықтан Чачыкеймен
үйленуі
салт талабына сай келмей Айшөрекке үйленуге міндеті
болады. Үйлену салтының осы ұғым түсінігінің ұқсастығын
көргенімізбен, автордың зерттеу жүргізе отырып ерекшелік
тапқанын байқаймыз. Ол Ақшөректің өзіне құда түскен жігітті
өзі
іздеп келуі. Оған автор үш түрлі себеп айтады. «биринчиден,
бул феодалдык коом түшүнүгүнүн таасири астында үй
-
бүлө
курундагы эркектин ролун өзгөчө жогорулатуунун өзүнчө
көрүнүшү, экинчиден, эркек менен аялды тен баалагандык, бир
-
77
биринен кем эмес деген элдик демократтык түшүнүктүн өзүнчө
элеси, үчүнчүдөн, мурдатан белгилүү байыркы сюжеттин жаңы
тарыхый шарттын таасирине кабылышы» [1, 86]. Бұл сыртқы
формасы жағынан феодалдық қауым қабылдаған моральдық
ережелеріне сай келмейтіні
өзінен өзі танылып тұр. Түркі тектес
халықтар әдебиетіндегі ескі жырларда бұл сюжеттік оқиғалар
басқалай шешеліп отырады. Жыршылар батырдың жорыққа
шығуы үшін әйелін немесе құдаласқан қызын ұрлатып ортақ
сюжеттік мотивтер жасайды. Батыр қолды болған әйелін не
құдаласқан
қызын дұшпанынан қайтару мақсатында жолға
шығып түрлі мифологиялық кейіпкерлерді жеңеді. Айшөрек
оқиғасына тән құбылыстар яғни, күйеуін өзі іздеп табу «Манас»
жырында да кездеспейді. Бұл көрініс «Сейтек» жырының ескі
салт пен жаңа тарихи шарттарды біріктіргенін көреміз. «Сейтек»
жырында ескі эпикалық эпизодтар да бар. Ол Семетей үшін
Темірханның он жас пен он алты жас аралығындағы барлық
қыздарды
жинап қалыңдық іздеуі. Ал «Манас» жырындағыдай
Сайқал қызбен жекпе
-
жекке шығып арғы дүниелік әйел ету
сияқты эпизодтар кездеспейді. Бұл мәселе де эпикалық
жырлардың эволюциялық өсу, қанығу дәстүріндегі генетикалық
тұтастану процесін анықтап тұр.
«Манас» жырының өзге эпикалық жырлардан өзіндік
ерекшелігі үштік бірлігінде. Осыны аңғарған ғалым Манастан
Семетейге, Семетейден Сейтекке ауысып отыратын эпикалық
образ бейнесін де генетикалық тұтастану процесімен анықтап
спецификалық айырмашылықтарын анықтап береді. Соның бірі
әкенің
балаға жол ашып өзінің эпикалық сахнадан шығуы. Бұл
орайда жомықшылар
эпикалық жырдың дәстүріне сай өзіндік
сюжеттік мотивтер пайдаланған. Мысалы Манас қаза болғаннан
кейін оның эпикалық образын Сейтек жалғастырса, баласы
Сейтек ер жеткенде әкесі Семетей ғажайып оқиғалармен ғайып
болады. Кейбір эпикалық жырларда бұл
халықтық этика
-
эстетикалық тәрбие мәнісінде шешілмей әке мен баланың
арасындағы соғыс сюжетіне ұрынады. Бұл орайда «Манас»
жырының халықтың салт
-
санына талабынан шықпай көркемдік
шеберлікте берілгені өте айқын көрінеді. Жырдың осы бір жауһар
қасиетін
автор айналып өткенімен, образдардың бір
-
бірін
эволюциялық дәстүрлі жолмен қайталайтынын жақсы
78
анықтайды. «Ошондой болса да «Манас» «Семетейден» бери
келаткан өтмө кармандар менен «Сейтектин» өзүнө таандык
жаңы каармандардын ортосундагы байланыш, мамиле эпостун
өзүнүн
көз карашынан негизгилиниясынан ажырабайт» [1, 93],
-
деген пікірімен жомықшылардың эпикалық образ сомдаудағы
айрықша рөлін бағалайды.
Манасқа қарағанда Семетей, Сейтек образдарындағы өзіндік
ерекшеліктер де автор назарынан тыс қалмаған. Олар әлеуметтік
теңсіздік және терең психологизмдік иірімдер. Мысалы Манас өз
еліне Таласқа келгенде туған жұртын біртұтас ел ету
бағытындағы әреткеттері бірдей емес. Семетей әлеуметтік
теңсіздікте отырған туған елін өзге дұшпандардан айырып алуда
гуманизмге тән қадамдар жасайды. Сонымен қатар образдардың
шынайы бейнесін ашатын терең псизологизм де көрініс береді.
Жырда қаһармандар мен дұшпан образдарына нақты орындар
мен міндеттер тағылып бет
-
бейнелері ашылады. Эпостың осы
қырын
түсінген автор: «Бул эки бөлүмдү жабдыган тема, идея,
образдар биринчи бөлүмдүн стилине салынып, аны айрым
жерлерде чыгармачылык менен тереңдетүү, кеңейтүү аркулуу
ишке ашырылган. Элдик баатрдын образы бьара
-
бара тарыхый
-
реалдуу
боекторго/социалдык
маанисинде/
көбүрөөк
дуушарланып, коомдун өкүгүшүнүн конкретүү баскычтарына
ылайыкташкан формадагы дұшмандардын образдары жаралган»
[1, 96] -
деген түйінді пікір айтады. Бұдан манасшылардың
көркем сатыларды сақтап қана қоймай, оның мүмкіншілігін
кеңейтіп, жырдың идеялық
-
көркемдік деңгейін шыңдағаны
ғылыми
тұрғыда дәлелденеді.
Достарыңызбен бөлісу: |