Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет151/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   218
Түйінді сөздер: Рухани жаңғыру, ұлттық тәрбие,  отансүйгіштік, ұлттық сана, мәдениет. 

 

Кемеңгер  ата-бабамыз  «  Мың  жылдығыңды  ойласаң,  ұрпақ  тәрбиеле»  деп  ұлағатты  да 



маңызды  өсиет  қалдырса,  ХХ  ғасырдың  заңғар  жазушысы  М.Әуезовтың  «Ел  боламын  десең, 

бесігіңді түзе» деген  кемел ойынан адам өміріндегі ең ұлық, ең мағыналы іс ұрпақ тәрбиесі екені 

аңғарылады.  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  қазақ  деген  қасиетті  халыққа  тән  ұлттық  үрдісті 

ұлықтау  қажеттілігін  «  Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласында:  «  Егер  жаңғыру 

елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» , деп көрегенділікпен дәл айта 

білген[1] . Әлемдік үрдістен  оқшау өмір  сүре алмағандықтан, өзгеріп жатқан дүниеге орай, жан-

жақты  болу-  уақыт  талабы.  Ұрпақтарымызды  дәстүрлі  құндылықтармен  сусындатып,  өркениет 

көшінен қалдырмай, бүгінгі бәсекелі кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін сананың саралығы 

қажет.  Ел  мен  ұлтқа,  қоғам  мен  отбасына  тұлға  болатын  қайраткерлерді  қалыптастыру-ұлттық 

жаңашыл тәрбиемен, ізденімпаз еңбекқорлықпен, өлшеусіз тер төгумен келетін жеңіс. Сондықтан 

жас  ұрпаққа  білім  ғана  емес  ,  сапалы  тәрбие  беруге  ден  қойып,  жанқиярлықпен  күресу-  әрбір 

азаматтың парызы. 

Мемлекет  басшысы:  «  Мен  қазақстандықтардың  ешқашан  бұлжымайтын  екі  ережені 

түсініп,  байыбына  барғанын  қалаймын.  Біріншісі-  ұлттық  код,  ұлттық  мәдениет  сақталмаса, 

ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі-алға басу үшін ұлттық дамуына кедергі болатын өткеннің 

кертартпа  тұстарынан  бас  тарту  керек»  деп  ұлттық  санамызды  қайта  жаңғыртып  қазақтың 

тағдырын  алдыңғы  орынға  шығарып,  кезек  күттірмейтін,  ұлттық  құндылықтарды  ұлықтауға 

үндейді. 

Ұлттық  тәрбие-жас  ұрпақты  оқыту  мен  тәрбиелеудің  қайнар  көзі,  рухани  мұрасы.  Еліміз 

тәуелсіздік  алғалы  қол  артқан  қоғамдық-саяси  және  әлеуметтік-экономикалық    жетістік  пен 

мемлекеттілікті баянды етпекке  , әрі келешектегі ел тұтқасы жастардың санасын дамыту үшін тек 

материалдық  игілікті  ғана  мақсат  ету  жеткіліксіз.  Олардың  бойына  ата-баба  дәстүрі  мен  өз 

халқының  тарихын  қастерлеуге,  ең  бастысы  ,отансүйгіштікті  нығайту  үшін  ұлтының  рухани-

мәдени құндылықтарын сіңіру қажет.  Мұстафа Шоқайдың   « Ұлттық  мәдениеттен жұрдай рухта 

тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»  

[1,252 б], - деген түйінді ой-пікірі ұлттық рухани –адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген  

адам ғана қандай да келеңсіз іс—әрекеттерден аулақ жүретініне себеп болатыны мәлім деген ойды 



312 

 

білдіреді.  Халқымыздың  сан  ғасырлық  тіршілігінің  өзіндік  ерекшеліктерінен  туындаған  ұлттық 



тәрбиеге қатысты тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мол. 

Берік сақталып  және ұрпақтан- ұрпаққа мұра болған  салт-дәстүр  ұлттық  тәрбиенің негізгі 

идеясы  .  Ата-бабалар  жолы,  олардың  өмірлік,  жасампаз  еңбек  тәжірибесі  жастар  тәрбиесіндегі 

негізгі  компонент  ретінде  саналады.  Демек,  қоғамдағы  тәрбие  мен  білім  беру  ұлттық  тәрбиесіз 

тиімді қызмет атқара алмайды. Ұлттық тәрбие беруді  қазақ этнопедагогикасы негізінде қарастыру 

тиімді.[3,84-89бб] Қай заманда болмасын заманына қарай жеке тұлғаның болмысын қалыптастыру 

туралы  ойлар  мен  пікірлер  көпшілікті  толғандырып  келген.  Жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы 

кемелділік,  мінсіз  адам  бейнесі  тәрбиенің  ең  жоғары  көрсеткіші  ретінде  қабылданып    ,  қоғамда 

жоғары жауапты міндеттерді атқаруға лайық деп танылған. 

Қазақ халқы үшін қашанда адамның адамгершілігі, ар-намысы, денсаулығы, достық, еңбек, 

үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет  көрсетуі  ізгі  құндылықтар  болып  табылған.  Заманауи  жағдайда 

халықтық  өсиетті  қоғамда  және  ғылымда  қолдану-рухани  адамгершілікті,  азаматтық-отансүйгіш 

тұлғаны,  олардың  тұлғааралық  және  ұлтааралық  қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптастыру 

шарттарының бірі болып табылады. 

Дәстүр-белгілі  бір  ұлттың  немесе  халықтың  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп  отыратын,  тарихи 

қалыптасқан,  олардың  әлеуметтік  ортасында  ұзақ  уақыт  бойы  сақталып  отырған  әлеуметтік-

мәдени  құндылықтар  жиынтығы.  Халықтық  дәстүрді  зерттеу  тәжірбиесі  көрсеткендей,  оның 

дәлелдеусіз қабылданатын негізгі пікірлері, яғни, жорамалдары, бұрын да және бүгін де тәрбиенің 

тиімді  құралы  болып  табылады,  сонымен  бірге,  өскелең  ұрпақты  қоғамдағы  өмірге,  еңбек 

әрекетіне, өзінің өмірлік ұстанымына ғана емес, Қазақстанның басқа да халықтарына түсіністікпен 

толерантты тұрғыда қарауға дайындауда маңызды рөл атқарады. 

Ұлттық  тәрбиенің  бағыттары  мен  әдістері  саналуан.  Оның  басты  тармақтары  отбасы  мен 

мектептен  нәр  алады.  Мәселен,  ізгілікті  тәрбие  тал  бесіктен  басталып  адам  ғұмырын  түгел 

қамтиды. Отбасының күнделікті тәжірбиесі, тәлім-тәрбиесі, үй шаруасы, балаға тиісті ықпал етеді. 

Бұл  процесстерді  толықтыратын  мектептің  оқу  тәрбие  жұмысы.  Қазір  жалпы  білім  беретін 

мекемелерде  этнопедагогикалық  бағдарламаларға  сәйкес  ұлттық  ұстанымдар  (отаншылдық, 

еңбексүйгіштік,  тән  саулығы,  парасат,  патриотизм,  өнер  мен  ғылым,  табиғатты  аялау  және  т.б.) 

басшылыққа алынуда. 

Ұлттық  тәрбиенің  бағыттары  сан  қырлы  әрі  өте  күрделі  ерекше  құбылыс.  Мұнда 

арасалмағы  байқалмайтын  немесе  ескерусіз  мәселелер  болуы  тәрбиенің  тиімділігіне  кері  ықпал 

жасайды.  Осыған  орай  жауапкершілік  жоғары  болғаны  абзал.  Ұлттық  тәрбие  жалпыадамзаттық 

мазмұнмен  сабақтаса  отырып  ұлттық  психологияның  элементтеріне  сүйенеді.  Отан  сүю, 

қонақжайлық,  адамгершілік  пен  имандылық,  ұлттық  мүдде  мен  намыс,  ұлттық  сезім  және  т.б. 

рухтық  құрылымдар  өзінің  қалыптасуы  мен  жетілуінде  халқымыздың  төл  зердесінен  іргетас 

қалану қажет. Сонда ғана орнықты ұлттық тәрбие жүзеге асады. [4,180 б], 

Дәстүрге  адал,  парыз  бен  қарыздың  салмағын,  құндылықтардың  қадірін  білетін  жасампаз 

ұрпақ тәрбиелеу- халқымыздың келешегіне қызмет ету деген сөз.  «Өзгелердің тәжірибесін алып, 

ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава Жапония мен Қытайдың 

бүгінгі  келбеті  -    осы  мүмкіндіктерді  тиімді  пайдаланудың  нағыз  үлгісі»  -  деген  Елбасы  өзгеге 

көзсіз  елдіктеуді  емес  өзгелердің  ең  озық  жетістіктерін  бойға  сіңіру  қажеттілігін  айта  отырып, 

санамызды жаңғыртып , уақыт көшінен қалып кетпеуді ұсынады.[5] 

Ұлттық  тәрбиенің  өзегі  -  отансүйгіштік  пен  ұлтжандылық  болып  табылады.  Ұлттық 

патриотизм  мен  ұлтжандылыққа  тәрбиелеу,  оны  қалыптастыру  біздің  егеменді  мемлекетіміздің 

өсіп-өркендеуінің, көсегесі көркеюінің басты шарты, себебі ұлттық мемлекетіміз, оның халқының 

көпшілігі өз ұлтымыз. Президент Н. Назарбаев қолға алуды ұсынған « Туған жер» бағдарламасы» 

патриотизмді қалыптастыруға бағытталған.  « Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған 

жердің  тарихын  оқытуда  көрінісін  тапса  игі  деген»  Елбасы  сөзі  туған  жер  тарихын  білу  ұлт 

тарихын  білудің  бастауы  екенін  түсіндіреді.  «Туған  жер»  бағдарламасының  жалпыұлттық 

патриотизмнің  нағыз  өзегіне  айналатынын  айтады.  Туған  жердің  әрбір  сайы  мен  қырқасы,  тауы 

мен  өзені  тарихтан  сыр  шертеді.  Әрбір  жер  атауының  төркіні  туралы  талай-талай  аңыздар  мен 

әңгімелер  бар.  Әрбір  өлкенің  халқына  суықта  пана,  ыстықта  сая  болған,  есімдері  ел  есінде 

сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. 




313 

 

Жаһандану  қармағына  ілінген  сайын  тарихи  санамызды  күшейту  үшін,  өзіміздің, 



ұрпағымыздың  болашағы  үшін  өткеннің  рухани  қазынасына  терең  бойлайтынымыз  да  ақиқат. 

Әріден алғанда, хан, батыр, би, шешен, ақын, жырау, беріден қайырғанда Абай, Шәкәрім, Ахмет, 

Әлихан, Міржақып,  Жүсіпбек  және  өзге  де  ұлтын  сүйген  зиялылардың  рухани  қазынасы-рухани 

жаңғырудың алтын қазығы. Ең бастысы, ешкімге ұқсамайтын рухани сүрлеуіміз бар. Мақсат-сол 

қазынамызды түрлі деңгейдегі білім беру орындарында білім алып жүрген жастар бойына сіңіру. 

Әсіресе, мектеп қабырғасында алған білім адамның тұлғаға айналу  процесінде негізгі  рөл 

атқарады.  Рухани  тамырларымызды  жастар  бойына  сіңіру  арқылы  рухани  жаңғыру  өміршең 

болмақ.  Адам  мәңгілік  болмағанымен  ,  әлеуметтік  іс  пен  әлеуметтік  тәжірибе  ғасырлардан 

ғасырларға жалғасын тауып, мәңгілік жоғалмайтын рухани құндылыққа айналатындығы ақиқат. 

Ақиқатына келгенде, қазақтың төл тарихы ауызша тарихтың өне бойында жатыр. Ал, қазақ 

тарихының  ерекшелігі  тарихта  ғылымының  ұрпақтан-ұрпаққа  ауызша  берілуімен  сипатталады. 

Сол ауызша тарихымызды білетіндер де азайып бара жатыр. Тарихымызды түгелдей қағаз бетіне 

түсіріп, толыққанды зерттеу рухани жаңғырудың тура жолы болып табылмақшы. 

Ұлттың  мәдени  мұрасы-ұлт  рухының  көрінісі.  Ұлт  мәдениетінің  қалыптасу,  даму 

дәрежесіне  қарай  ұлттың  қауіпсіздігі  де  қорғалмақ.  Мәдениет  дегеніміз,  адамның  ақылымен, 

қолмен  жасалған  құндылықтардың  жиынтығы  ғана  емес,  әрбір  адамның,  ұлттың  есеюі,  жетілуі, 

кемелденуі, жасампаздық істің, танымдық қабілеттің ашылып, жүзеге асуы. Мәдениет-тарих өрісі, 

яғни  адам  ақыл-ойының  жемісі.Мәдениет  адамдық  негізі,  адамдықтың  субстанциясы,  тұлғалану 

негізі.  [6,78  б].Өйткені,  тарихтың  қозғаушы  күші-тұлғалық  іс.  Сондықтанда,  сөз  бен  істің 

жарастығы  тұлға  мен  қоғамның  үйлесімді  тіршілігі  мәдениет  ошағы  болмақ.Тарихтың  мәнін 

түсіну үшін алдымен адам болмысын зерделеуіміз шарт деген түсінікті де жиі кездестіреміз 

Ұлт  ісі  қоғам    өмірінде  кісілік  келбеттің  қалыптасып,  терең  тамыр  жаюына  қатысты 

дамымақшы.  Сондықтан,  рухани  жетілген  жан  ғана  рухани  құндылықтардың  мәнін  түсініп,  оны 

қорғаушы  ғана  емес,  кейінгі  ұрпаққа  жеткізуші  қызметті  атқарып,  Отан  алдындағы  азаматтық 

борышын,  ұлт  алдындағы  адамдық  парызын  адал  орындайды.  Сөйтіп,  өзін  өзгелерге  қадірлете 

біледі.  Рухани  құндылықтар  тарих  өрісінде  тұнып  тұр.  Сондықтан  да,  тарихи  сана-тұлғаны 

қалыптастырудың негізі десек, қателеспейміз. 

Тарих  өрісінен  ұлттық  болмысымыздың  рухани  негізіне  айналған  ұлттық  сана 

құбылыстарын зерделеу қиын емес. Қазақ ұлтының ұлттық санасының тарих өрісіндегі құбылысы 

елдік,  бірлік,  ар-намыс,  батырлық,    ержүректілік,  тектілік,  кісілік,  имандылық,  адалдық, 

тазалық,намысшылдық,  қамқорлық  және  ұлттық  қасиетке  терең  болу.  Қазақ  қоғамының  тарихи 

кеңістігінде  ел  болмысының  рухани  негіздеріне  айналған  ұлттық  сана  құбылыстары  ең  алдымен 

жеке  адамның  ерік-жігерін  қалыптастырып  отырған.  Табиғатпен  етене  араласқан  қазақ  халқы 

рухани  өмірде  елдікті,  ұрпақтың  ауызбіршілігін  сақтайтын  сапа-қасиеттерді  қалыптастырып, 

кейінгі буынға жеткізуді мақсат еткен. Сезімталдықтың, дарындылықтың, даналықты қадірлеудің, 

зиялылардың  жауапкершілігінің  арқасында  қазақ  ұлты  тарихи  өмірдің  күрделі  оқиғаларына 

парасаттылық  танытып,  тазалығын  сақтап  әрі  рухын  қорғап  өмір  сүру  қазақ  баласының  ұлттық 

санасына айналған ұғым. 

Ұлттық  сана  ұлт  руханиятының  негізі.  Ұрпақтан-ұрпаққа  тарихтың  білімі,  тұлғалар 

тағылымы, ұлттық тәрбие арқылы беріліп отырады. Ұлттық сананы ұлт руханиятының өзегі дейтін 

себебіміз,  тарихта  қазақты  ұлт  ретінде  сақтап  қалған  дүние  ұлттық  сана,  ұлттық  сананың  рухы. 

Ұлттық  сана  ұлттың  рухани  әлемінде  сақталып,  ұрпаққа  рухани  дүниелер  арқылы  беріліп 

отырғандықтан да тарихтың қиын кезеңдерінің өзінде елдің бірлігі жоғалмаған. 

Қорыта  айтқанда,қайсар  бабаларымыздың  ғасырлар  бойғы  күресімен  келген  еліміздің 

басты  құндылығы    тәуелсіздікті  баянды  ету,  ұрпағымыздың  санасына  рухани  құндылықтардың 

баға жетпес қасиетін сіңіру-  ұлттық тәрбиенің басты мақсаты . 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаладағы «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен 

ықылым  заманнан  арқауы  үзілмеген  ұлттық  салт-дәстүрлерін  алдағы  өркендеудің  берік  діңі  ете 

отырып,  әрбір  қадамын  нық  басуын,  болашаққа  сеніммен  бет  алуын  қалаймын»,  деген  риясыз 

ықыласын жастарға түсіндіріп, өскелең ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды терең сіңіруге 

әрқайсысымыз ат салысуымыз керек. 

 



314 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. 


Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.// Егеменді Қазақстан, 2017 . 12 

сәуір.   

2. 

Шоқай М. Таңдамалы, Алматы: т.2. 1998, 520 б. 



3. 

Ұзақбаева  С.  А.  Тәрбиенің  қайнар  көзі-халықтық  педагогика  жайлы  //  Қазақстан 

жоғары мектебі. – 1996, №1, 84-89 б.  

4. 


Елікбаев Н. Дәуір тынысы: қазақ ұлтының психологиясы. – Қарағанды,  2000, 180 б. 

5. 


Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.// Айқын , 2017 . 12 сәуір 

6. 


 Мәдениет-ұлттың болмысы. Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы, 1998, 78 б. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет